6,5 млн теңгенің сыйақысы: мектеп оқушылары қанша табыс тапты
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова дарынды оқушыларды ақшалай ынталандыру жүйесі балалардың халықаралық жетістіктеріне қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда төрт жыл бұрын халықаралық олимпиада жеңімпаздарына медаль деңгейіне байланысты біржолғы ақшалай сыйақы енгізілген болатын.
алтын медаль – 1500 АЕК-ке дейін (6 487 500 тг);
күміс медаль – 1000 АЕК-ке дейін (4 325 000 тг);
қола медаль – 500 АЕК-ке дейін (2 162 500 тг).
Ресми мәліметке сәйкес 2025-2026 оқу жылында қазақстандық оқушылар 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми конкурсқа қатысып, 1 059 медаль және 57 арнайы марапатқа ие болды.
"Бұл 2023 жылмен салыстырғанда марапаттар санының 96%-ға өскенін көрсетеді.Қазақстан құрамасы робототехника бойынша төрт дүркін әлем чемпионы, химия бойынша Халықаралық Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, ал физикада абсолютті чемпион атанды", - деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Биылғы жылдың тағы бір маңызды жетістігі - Колумбияда өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасындағы тарихи жеңіс. Қазақстан құрамасының барлық бес қатысушысы алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 11:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















