Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

7 20 25 : қазақстандықтарға алаяқ делдалдардан сақ болу ескертілді

7 20 25 : қазақстандықтарға алаяқ делдалдардан сақ болу ескертілді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанның орнықтылық қоры азаматтарды «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасының айналасында әрекет ететін түрлі делдалдар мен күмәнді тұлғаларға сақтықпен қарауға шақырады.

— Қазіргі таңда бағдарламаға қатысушы банктердің басым бөлігі өтінімдерді қабылдаудың толық онлайн форматына көшті. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, баршаға бірдей тең қолжетімділік берді және өтінімдерді қарау процесіне араласу мүмкіндігін жойды. Онлайн-кезек автоматты түрде қалыптасады, ал банк қызметкерлері немесе үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір манипуляциялар техникалық тұрғыдан мүмкін емес, — делінген қор хабарламасында.

Қазақстанның орнықтылық қоры өзін ипотекалық брокер, кеңесші немесе делдал ретінде таныстыратын «көмекшілер» тарапынан алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлайды.

— «7-20-25» бағдарламасының танымалдылығын пайдалана отырып, олар сыйақыға кезекті «жеделдетуді», орын «брондауды», несиені «мақұлдатуға кепілдік беруді» немесе банктердің лимиттерін «алып беруді» ұсынады. Алайда, бұл жалған қызмет. Себебі Бағдарлама аясында банктердің өтінім қабылдау процесі толық автоматтандырылған және оған сырттан әсер ету мүмкін емес. Банктер де өз құзыреті шеңберінде мұндай құқықбұзушылықтармен күрес жүргізуде. Ешкімге ақша төлемей, өзіңіз ипотекаға өтінім бере аласыз. Бұл тез, тегін және делдалдарсыз жүзеге асады. Күмәнді делдалдармен байланысқа түспеуді және оларға ақша бермеуді өтінеміз, — делінген хабарламада.

Құрылыс компанияларының сату бөліміндегі жағдайларға да ерекше назар аудару керек екенін ескертті.

— Егер сату менеджерлері сыйақы сұрап, пәтер таңдауға немесе ипотека рәсімдеуге көмек ұсынса, көп жағдайда компания басшылығы өз қызметкерлерінің мұндай алаяқтық әрекеттерінен хабарсыз болып келеді. Мұндай жағдайларда тікелей құрылыс компаниясының басшылығына шағымдануға болады.

Егер сізге Қазақстанның орнықтылық қоры атынан мессенджерлерде, соның ішінде WhatsApp арқылы хабарлама келсе, ондағы сілтемелерге өтпеңіз. Хабарламаны жойып, жіберушіні бұғаттау ұсынылады. Алаяқтар зиянды сілтемелер немесе файлдар жіберуі мүмкін, бұл құрылғының бұзылуына және жеке деректердің таралуына әкелуі ықтимал. Қор қызметкерлері жеке тұлғалармен мессенджерлер арқылы байланыспайды.

Қор банктермен алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша тұрақты түрде өзара іс-қимыл жүргізеді. Егер сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық сұрақ бойынша Қазақстанның орнықтылық қорына хабарласа аласыздар: +7 (727-27) 7-20-25, — делінген хабарламада.

Айта кетелік исламдық ипотека биыл іске қосылуы мүмкін. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 10:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары