Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

72 млн теңгеге алынған контейнерлер: Құлсарыдағы ЭкоБиндер қайда кетті?

72 млн теңгеге алынған контейнерлер: Құлсарыдағы ЭкоБиндер қайда кетті?

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қалаға 72 млн 742 мың теңгеге сатып алынған қоқыс контейнерлері бірнеше жыл өтпей-ақ көшелерден ғайып болды.

Белгілі болғандай, олардың бір бөлігі өртеніп кеткен, кейбірі жарамсыз деп есептен шығарылған, ал қалған бөлігі Индер ауданына берілген.

2019 жылы Жылыой ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Құлсары қаласына арналған 81 «ЭкоБин» пластикалық контейнерін сатып алған еді. Олар қаладағы 49 орынға орнатылды. Жабық контейнерлердің басты мақсаты – тұрмыстық қатты қалдықтарды қауіпсіз жинау еді. Яғни, қоқыс сыртқа ұшпайды, жағымсыз иіс таралмайды.

2023 жылы Құлсары қаласындағы қоқыс контейнерлері бір күнде жоқ болып кетті. Жергілікті тұрғын Рысжан Байқұтов іздеу салып, «АЖ» редакциясына хабарласты. 

Мұны сол жылдары Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Адинов былайша түсіндірді, тұрғындардың жауапсыздығынан оншақтысы өртеніп кетсе (пластмассадан жасалған), ал қалғанын сатылатынын айтқан болатын. 

Әкімдік келісім шартпен «АзияКонсталтинг» ЖШС бағалап жатқанын, бір қоқыс жәшігін бағалауға 362 мың теңге (55 контейнер) жұмсалғанын мәлімдеді. Қорытындысында бағалаушылар бір қоқыс жәшігін 824 мың теңгеге бағалаған. Қоқыс жәшігі ағылшындық әдіспен сатылатын болды, оның шартында бастапқыда ең төменгі баға белгіленіп, сауда процесінде ол баға өсуі тиіс. Бұл баға қоқыс жәшігін сатып алу бағасынан кемшін болса да, текке кеткеннен гөрі 45 млн теңге бюджетке түсетін еді. 

,

Алайда іс аукционға жеткен жоқ.

Жуырда «ЭкоБин» қоқыс жәшігінің «тағдырын» білмек аудандық әкімдікке хабарластық. Әкімдіктің баспасөз хатшысы бұл жауапқа дайын болмай шықты, қалалық әкімдікке сұрау салып жауабын ала алмады. Кейін қала әкімінің өзі «АЖ»-ға хабарласты.

- Жалпы экобиндерді алудағы мақсатымыз қатты тұрмыстық қалдықтарды қауіпсіз түрде жинау, қоршаған ортаны таза ұстау, санитарлық жағдайды жақсарту және қалдықтардан шығатын жағымсыз иістердің таралуын болдырмау үшін керек болды. Экобиндер аудандық ТҮКШ арқылы алынып, 2021 жылы Құлсары қаласы әкімі аппаратының теңгеріміне берілген болатын. Қазіргі уақытта аталған «ЭкоБин» қоқыс жәшіктерінің барлығы техникалық жарамсыз күйге түсуіне байланысты баланстан есептен шығарылды. Осыған орай сатылымға қойылған жоқ, бірде-бірі сатылмады. Сатылмағандықтан бюджетке ешқандай қаржы түскен жоқ. 20 данасы Индер ауданы әкімінің қаулысына сәйкес берілді, - дейді әкім Қ. Адинов.

Осы арада контейнерлердің бір бөлігі көршілес ауданға қажет болып шықты.

- 2023 жылы 20 дана қоқыс жәшігін серіктестік қаржысына тасып әкелдік. Мұның бағасы қазір аспандап тұр. Бір жыл жақсы пайдаландық, кейін жәшіктерді уақытша қақпағын жауып бітедік. Шамамен біреуіне 1,5 тонна қоқыс кетеді. Ол төрт, бес күнде жиналуы тиіс. Қазір пайдалана алмай отырмауыздың себебі ол жәшіктердегі қоқысты төгу үшін манипулятор көлігі керек. Ол бізде жоқ, кезінде алғанымен оны «Индерсу» ЖШС-нің балансысына беріліп кетті. Енді әкімдік осындай техника алып береміз деген, онда «экобин» қоқыс жәшігін пайдаланатын боламыз. Бұл тиімді, қоқыс шашылмайды және бөтен иіс шықпайды, қақпағы бар. Ал оны болашақта көптеп алуға жұмыстанатын боламыз,-дейді «АгроСтройИндер» ЖШС-нің директоры Елдос Құлғалиев.

Құлсарыда техникалық тұрғыдан жарамсыз деп танылған контейнерлердің бір бөлігі көршілес ауданда әлі күнге дейін қолданыста екені таңқаларлық. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 22:32

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 00:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары