Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?

Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақиқат – бәріне бірдей жағатын нәрсе емес. Сондықтан оны тұспалдап өнер арқылы жеткізіп отырған. Әдебиет әлімдері мұны «Эзоптың тілі» деп айдарлаған. Қазақтың қара тілімен айтсақ, астарлап айту. Көне Грекияда өмір кешкен әлгі Эзоп адамдардың мінез кеселдерін хайуанаттардың харекеттері арқылы әжуалаған. Неге тіке айтпаған? Айта алмайды. Шүнки, ол – құл, оның үстіне тілі – мүкіс. Сондықтан айтатын сөзін алыстан орағытып, мысалмен жеткізеді. Кейде осындай «кедергілер» өнерді өткірлей түседі, жаңа форма іздеуге мәжбүрлейді. Тура айтылған шындық тез тозады, ал астармен айтылған ой уақытпен бірге жүріп, әр дәуірде қайта пайымдалады. Эзоп мысалдарының өміршең болатыны сондықтан. Ондағы аң мен құс сол замандағы адамдардың ғана емес, сіз бен біздің қазіргі бет-бейнемізді де дәл танытады. Алайда сатираның осынау жауынгер жанры бүгінгі әдебиетте лайықты көрініс таппай жүр.

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Мысалдың анықтамасын әйгілі теоретик, әдебиеттанушы Темірбек Қожаекеев беріп үлгерген: «Мысал өмірдегі жағымсыз құбылыстарды көбінесе адамның емес, басқа бір айуанаттың, құстың немесе бір заттың басында болған оқиға етіп суреттейді. Өзін айтар идея, ой-пікірін жасырып, жұмбақтап айтады. Әңгіме бір жәндік, бір зат туралы болғанмен, оның ар жағында адам бейнесі, адам ісі, адам характері тұрады». Өйткені әдебиеттің негізгі нысаны – адам. Бәрі адам үшін жазылады.

Түсінікті болу үшін бір мысалды еске түсірейік. Баяғыда бір түлкі биікте өсіп тұрған жүзімге олай да былай секіріп үзе алмапты. Ақыры мына жүзімдер әлі піспеген деп қоя беріпті. Бұл Эзоптан жеткен мысал. Қазақта да осыған ұқсас мысал бар. Ілулі тұрған етке жете алмаған мысық «мына еттің сасығын-ай» депті.

Бізге белгілісі – Абайдың, Ыбырай Алтынсаринің, Ахмет Байтұрсынұлының Крыловтан аударған мысалдары. Спандияр Көбеевтің де аталған жанрға сәйкес бірқатар шығармасы бар. Бұл өзі сатираның ішіндегі ең көне жанр. Ерекшелігі – белгілі бір өмір шындығын әжуалай келіп, соңында қысқа түйін беріледі. Оны «мораль» дейді. Сөз басында Эзопты тегіннен-тегін айтқан жоқпыз. Ол заманымызға дейінгі VI-V ғасырларда мысалдар шығарған. Римде бұл жанрды біздің заманымыздың I ғасырында Федр жалғастырды. Үнді жерінде мысалдар жинағы саналатын «Панчатантра» III ғасырға жатады. Ал жаңа дәуірдегі ең көрнекті мысалшы француз ақыны Жан Лафонтен еді (XVII ғасыр). Ресейде мысал жанры XVIII ғасырдың орта тұсынан XIX ғасырдың басына дейін қарқынды дамыды. И.А. Крыловтың мысалдары осы жанрдың Ресейдегі шарықтау шегін көрсетті.

Сафари жанрдың саңлағы

Мысалдың шығу тегі жөнінде екі түрлі тұжырым бар. Біріншісін Отто Крузиус, А. Хаусрат бастаған неміс мектебі ұсынды. Бұл көзқарас бойынша, мысалда әуелі оқиға тұрады, ал түйін кейін қосылады. Яғни мысал жануарлар жайлы ертегіден, ал ондай ертегілер мифтен тараған. Екінші тұжырымды америкалық ғалым Б.Э. Перри ұсынды. Оның пікірінше, мысалда ең әуелі түйін басты орында, ал мысалдың өзі салыстыру, мақал-мәтелге жақын, ойды дәлелдеуге қызмет ететін қосалқы құрал ретінде туған. Алғашқы бағыт Якоб Гриммнің романтикалық теориясымен сабақтасса, екіншісі Лессингтің рационалистік көзқарасын жаңғыртады. XIX ғасыр филологтарын грек мысалы бұрын пайда болды ма әлде үнді мысалы ма деген талас көп толғандырды. Қазіргі таңда грек пен үнді мысалдарының ортақ бастауы шумер-вавилон дәстүрінен тараған деген пікір орнықты.

Сағадағы сатира кеші

Хош, Абай заманынан бері неше жыл өтті. Бірақ мысал жанрында қалам тербеп жүрген қаламгерлер не баспа бетінен, не әлеуметтік желіден көрінбейді. Кезінде марқұм Көпен Әмірбек «Мың бір мысал» атауымен мысалдар жазған еді. Біреуін еске түсірейік:

«КУ–КА–РЕ–КУ»

Тіпә,
Тіпә!
Тіл-аузың тасқа!…
Бұлбұлдан басқа
Бір композитор шықты.
Аты – Әтеш екен.

«Ку –
Ка –
Ре –
Ку» деген әні
Өнердің әкесі екен!

Қол шапалақ қопаңдадық,

Әтешті, Жалғыз әнмен аты өшті.

Содан бері қазақ қаламгерлері бұл жанрға салғырт қарай бастағандай. Көрші Ресейдің әдеби порталдарын ақтарып көрдік. Жаманды-жақсылы материалдар бар. Қоғамдағы саяси, әлеуметтік мәселелерді жанр шартына сәйкес түйреп, шаншып алған мысалдар бар. Бізде неге жоқ? Қазіргі қалам ұстаған жандардан осыны сұрап едік, «расында мысал деген бар еді ғой. Қазір неге жоқ?» деп өз сұрағымызды өзімізге қойды. Сөйтіп аға буын қаламгерлерді іздестірдік. Мысал – сатираның бір жанры емес пе? Сөйтіп бір білсе осы кісі біледі деп сатирик Берік Садырға хабарластық.

«Мысал түгіл сатираның жағдайы нашар», деді ол бізге. «Халық күлмейді. Жақсы жазылған сатиралық шығармаларды іздеп оқымайды. Өйткені жазылып та жатқан жоқ. «Қазақ әдебиеті» газеті Оспанхан ағаның әңгімелерін қайта жариялап жатыр. Мысалға келсек, бұл қашаннан жолы ауыр жанр болған. Журналист кезімде сатиралық айдар жүргіздім. Сол кезде де «мысал жазып берші» деп авторлардан сұранатынмын. Ілуде біреу болмаса, мысал көп жазылмады» деп кейіді Берік Садыр.

Детектив жанрындағы жинақ

Қаламгерлер мысал жазбай жатса, мұның себебін зерттеушілер білу керек дедік. Сөйтіп Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтын мазалап көргіміз келді. Жазушы, ғалым Нұрдәулет Ақышпен байланыстық. Ағамыз нақты сатираны институтта зерттеп жүрген ешкім жоқ екенін айтты.

«Ғалымдар мемлекеттік жоба аясында жұмыс жасайды. Ол жобалар мемлекет мүддесі мен халық сұранысына қарай ұсынылады. Бірақ ол жобалардың ішіне сатира енген жоқ. Сәйкесінше мысал жанры да зерттеліп жатқан жоқ».

Міне, қаламгер қауымының және зерттеушілердің пікірі осыған саяды. Біздің пайымдауымызша, мысалдың жазылмай һәм оқылмай жүруінің себебі – оның жанрлық ерекшелігінде. Мысал негізгі ойына көбірек жануарларды арқау етеді дедік. Ауылдан қалаға көшіп, әбден урбандалған қоғам жануарлар дүниесін жатырқап қалса керек. Тіпті қой-ешкінің өзін экзотика есебінде қабылдайтын буын өсіп келеді. Оларға ағаш деп айтсаңыз қарағай, қайың, шырша емес, парта елестеуі мүмкін. Бірақ, жоғарыда айтқандай, өнер кейде «кедергілер» арқылы жаңа форма табады. Қолымыздағы телефонды, скотчты, құлаққапты мысалға арқау етіп адам жанының қатпарына үңілуге әбден болады. Әйтпесе Эзоп дәуіріндегі қайшылық бүгінгі қоғамда да жетіп жығылады. Тек оған жаңа көзқараспен қарау керек шығар...

Соңғы жаңалықтар

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты

Туризм • Бүгін, 18:02

Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?

Бизнес • Бүгін, 17:51

Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?

Медицина • Бүгін, 17:34

«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады

Спорт • Бүгін, 17:30

Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Ауа райы • Бүгін, 17:25

Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 17:14

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті

Аймақтар • Бүгін, 17:02

Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды

Оқиға • Бүгін, 16:50

Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді

Медицина • Бүгін, 16:40

Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді

Саясат • Бүгін, 16:30

Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты

Экспорт • Бүгін, 16:25

БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады

Қоғам • Бүгін, 16:20

Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?

Қаржы • Бүгін, 16:11

Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті

Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08

Нанға жасырылған сәлемдеме: Өскеменде түзеу мекемесіне телефонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 15:57

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 18:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары