Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Ұлттық мұраға жаңа көзқарас

Ұлттық мұраға жаңа көзқарас

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мәселен, аталған салалар бойынша білім беруді жетілдіру, техникалық жабдықтармен қамту, жас мамандарды қолдау мақсатында түрлі жоба іске асып жатыр.

Бүгінде елімізде 236 архив мекемесі жұмыс іс­тейді, оның ішінде Президент архиві мен төрт рес­публикалық арнайы архив бар. Ұлттық архив қо­рында 27,8 миллионнан аса құжат сақтаулы тұр. Құнды құжатты шашау шығармай зерттеп, ұлт пен ұрпақ игілігіне қызмет етуге үлес қосып жүрген ма­ман санын арттыру үшін мемлекеттік деңгейде қолдау ауадай керек еді. Осы орайда білім беру гранты артып, маман тапшылығын жоюға шаралар атқарылып жатқаны көңіл қуантады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, «Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» бағытында бакалавриат деңгейінде грант саны 20-дан 100-ге артып, еліміздің бес өңіріне тағы қосымша 89 грант бөлінген.

Кейінгі екі жылда Президент Архивімен қатар Жамбыл, Қордай, Темір ауданы архивтерінің жаңа ғимараты қолданысқа беріліп, аймақтарда архив саласын дамыту аясы кеңейді. Ұлттық архив шетелдік тәжірибеге ден қойып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсене кіріскені де бар. Айтарлығы, Сауд Арабиясы, Ресей, Литва және Түркия елдерінің архив қызметтерімен келісімге отырып, тарихи құжаттарды бірлесіп зерттеу жобасы іске асты. Қазір мамандар «Архив – 2025» жобасы аясында елімізге 14 елден 1000-нан аса сирек тарихи құжат әкелген. Ұлттық архив тарихи құжаттарды зерттеумен қоса, құнды құжаттық мұраны заман талабына сай цифрландыруды мақсат еткен. Осылайша, архив ісін цифрландыру және бірыңғай электронды қор құруды реттейтін жаңа заң жобасы дайындалып жатыр. 

Мемлекет басшысының бастамасымен кітапхана және кітап ісінің мамандарын қолдауға бағытталған жобалар да іске асып келеді. Соның нәтижесінде биыл алғаш рет Ұлттық кітап күні мерекесі өтті. Жас авторлардың шығармашылығын дәріптеуге арналған «Ұлттық кітап» байқауы ұйымдастырылды. Президент қолдауымен жас жазушылар мен ақындарға арналған арнайы әдеби сыйлық тағайындалды. «Проза», «Поэзия», «Балалар әдебиеті» және «Драматургия» бағыты аясында әр жүлдеге 4,1 миллион теңге сыйақы белгіленді. Ұлттық әдебиетке сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағы да қайта енгізілді. Тағы бір қуанышты жаңалық, тарихи жадыны сақтау жолында «Батырларға тағзым» веб-порталы іске қосылды. Порталда Ұлы Отан соғысына қатысқан 690 мың қазақстандық жауынгердің  дерегі жинақталған. 

Министрліктің жобасы мұнымен тоқтамасы анық. Кітапхана жүйесін жаңғыртуға қатысты «2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы» қабылданды. 2025 жылдың шілдесіндегі мәліметке сай, елде 3 883 кітапхана жұмыс істейді. Оның жалпы қоры 72 миллионға жетсе, оқырман саны 3,2 миллионнан асты. Ұлттық академиялық кітапхана мен Air Astana компаниясының бірлескен жобасы ұшақтарда қазақ әдебиетінің аудионұсқасын, халық күйлерін тыңдауға мүмкіндік берді.

Жұмысшы мамандықтар жылында еңбекшілердің мәдениет саласына араласуына да мүмкіндік туды. «Ерлік пен еңбек дастаны» республикалық байқауы өтіп,  байқауға елдің түкпір-түкпірінен 45 шығарма келіп түскен. Мәдениет және ақпарат министрлігі бастамалардың негізінде ұлттық жадыны сақтау, кітапхана мен архив ісінің мәртебесін көтеру және қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде танытуға көңіл бөле бермек.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 04:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары