90 жастағы қазақстандық бұрынғы арманы үшін Медеуге көтерілді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
90 жастағы Алматы тұрғыны Медеудегі "Денсаулық баспалдағымен" көтеріліп, Горельникке дейін жаяу жетті. Оның тауға шыққан сәті түсірілген видео 50 мыңнан астам қаралым жинады, ал кейіпкердің өзі бұл маршруттан өтуді бұрыннан армандағанын айтты, деп хабарлайды Tengri Travel.
Тауға шығу сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Ролик авторы Меруерт "Денсаулық баспалдағының" сатыларымен өз бетінше көтеріліп бара жатқан 90 жастағы қарияны байқап қалған.
Бойжеткеннің айтуынша, ол құрбыларымен бірге әлсін-әлсін демалуға тоқтап отырған, ал қария болса тек қысқа үзілістер жасап, жоғары қарай жүре берген.
"Біз демімізді баса алмай, демалып отырғанда әженің көтеріліп келе жатқанын көрдік. Оның біз сияқты орындыққа отырмай, небәрі 30 секунд тұрып, әрі қарай кете беретіні бізді таңғалдырды", - деп бөлісті ол.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
Ролик астындағы пікірлерде желі қолданушылары кейіпкерге ақ тілектерін жаудырды:
"Қандай керемет, Алла ол кісіге әлі де ұзақ ғұмыр берсін!", "Алдымен 90 жасқа жетудің өзі бір ғанибет! Осындай тың денсаулықта болу - үлкен бақыт! Жарайсыз, апа! Жаратқан ием жар болып, денсаулық берсін", "Немерелері де жарайды - әжелерін қолдап, қасына еріп жүр екен. Жолсерік болу да оңай емес", "Апаға құрмет! 90 жаста баспалдақпен көтерілу деген... Демек, бұл орындалуы тиіс арман болған ғой. Жұғысты болсын, армандар орындала берсін! Баршаңызға амандық пен жақсылық тілеймін", - деп жазды пікір қалдырушылар.
90 жастағы қазақстандықтың маршруты "Денсаулық баспалдағымен" ғана шектелмеген - зейнеткер Горельникке дейін де жеткен. Ол Меруертке бұл бағытпен жүруді бұрыннан жоспарлап жүргенін айтқан. Кездесуден кейін кейуана бойжеткендерге ақ батасын берді.
Тағы оқыңыз: 73 жасында арманын орындауға бел буды: қазақстандық әжейдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Тамыз 2026 12:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















