Абай алаңындағы мереке
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, мерекенің басты оқиғасы – 1 мамыр күні күндіз Абай алаңында өтетін «Бірлігі жарасқан Алматы» достық фестивалі. Фестивальде танымал эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Кешкі уақытта дәл осы алаңда Dostyk Fest концерті ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама жалғасады.
«Абай алаңында гастрономиялық жәрмеңке өтсе, 2 мамыр күні «Отбасы Fest» отбасылық фестивалі ұйымдастырылады. Оның аясында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі мен концерттік бағдарлама қарастырылған. Мереке күндері қаладағы музейлер, кітапханалар, театрлар мен жастар орталықтарында да түрлі көрмелер, концерттер, әдеби-сазды кештер мен танымдық шаралар өтеді. Бұдан бөлек, Алматының барлық ауданында мерекелік концерттер, ұлттық тағамдар жәрмеңкелері, спорттық жарыстар мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады. Мәселен, Family Park, Тұңғыш Президент саябағы және Сайран көлі маңында ауқымды іс-шаралар өтеді», – делінген хабарламада.
Айгүл СЕЙІЛ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 06:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















