Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ұстаз айтса : диалог алаңындағы кездесу

Ұстаз айтса : диалог алаңындағы кездесу

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Диалог алаңының негізгі мақсаты – педагогтердің пікірлерін тыңдап, білім беру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған нақты ұсыныстарын жинау.

Кеше Ұстаздар күніне орай сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтердің тек білім беруде ғана емес, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше рөлін атап өтті.

«Көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, заңға бағынатын адал азаматтар ең алдымен мектептегі мұғалімнен тәлім алады», – деді Президент.

Педагог мәртебесін жүйелі түрде арт­тыру – білім беру саласындағы мемлекет­тік саясаттың басым бағыттың бірі. 2019 жыл­дан бері «Педагог мәртебесі туралы» заң қолданыста, мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті, сондай-ақ педагогтерді өзіне тән емес міндеттерге тартудан қорғау заңнамалық тұрғыда бекітілді. Сонымен қатар мектеп инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде 460 мыңнан астам оқушы орнына арналған 217 мектеп салынып, пайдалануға берілді.

Осы жұмысты жалғастыру және білім беру сапасын одан әрі дамыту мәселелері Астанада өткен «Ұстаз айтса» кездесуінің негізгі тақырыбына айналды. Іс-шараға Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Асхат Аймағам­бетов, Жарқынбек Амантай, Ләззат Жыл­қыбаева, «Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев, Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, елор­далық ұстаздар мен білім беру саласының өкілдері қатысты.

Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, партия педагог мәртебесін арттыруға және олардың кәсіби құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды қолдауды жал­ғастырады. Бұл ретте білім беру саласына қатысты шешімдерді талқылау кезінде мұғалімдердің тікелей қатысуын қамтамасыз ету маңызды қағидаттардың бірі болуға тиіс. Сонымен қатар партия бағдарлама­­сында 2031 жылға қарай өндірістік ортада білім алатын студенттердің үлесін кемінде 45 пайызға жеткізу міндеті белгіленген.

«Педагогтерді қолдау туралы айтып қана қоймай, олардың пікірін тыңдап, нақты ұсыныстарын ескеру маңызды. Сонымен қатар жастардың оқу кезінде кәсіби тәжірибе жинақтауы үшін білім мен практиканың байланысын күшейту қажет. Мемлекет басшысының білім мен ғылымды дамыту саясатын қолдай отырып, «Әділет» партиясы осы міндеттердің жүзеге асуына атсалысады»,– деді Ержан Жыл­қыбаев.

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов педагогтердің кәсіби құқықтарын қорғау және олардың мәртебесін одан әрі арттыру мәселелеріне жеке тоқталды. Ол бұл жұ­мысты мұғалімдердің өздері көтеріп отырған мәселелер мен ұсыныстарды ескере отырып жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Кездесудің негізгі бөлігі педагогтермен тікелей пікір алмасуға арналды. №101 мектептің мұғалімдері балаларды оқыту мен тәрбиелеу, жаңа технологияларды пайдалану, сыни ойлауды дамыту және оқушылардың қабілетін ашу мәселелері бойынша өз ұсыныстары мен тәжірибе­лерімен бөлісті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Шауенова оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Математика пәнінің мұғалімі Салтанат Шаден сабаққа дайындық кезінде және оқу материалдарын әзірлеуде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды пай­далану тәжірибесімен бөлісті. Информатика пәнінің мұғалімі Жаннұр Ержанова оқу­шылардың пәнге қызығушылығын арттыру және олардың жеке қабілеттерін ашу тәсілдерін ұсынды. Бастауыш сынып мұғалімі Гүлсара Оспанова мектептің алғашқы жылдарынан бастап оқыту мен тәрбиені ұштастыру мәселесін көтерді. Ал география пәнінің мұғалімі Нұрбек Ерікұлы мұғалімнің қоғамдағы рөлі, педагог мәртебесі және заманауи ұстаздың кәсіби болмысына қатысты пікірін білдірді.

Еліміздің 250 мектебінде өткен «Ұстаз айтса» кездесулері барысында педагогтерден түскен ұсыныстар жүйеленіп, одан әрі пысықтау және нақты жұмыс барысында қарау үшін бағытталады.

Іс-шараның қорытындысында білім беру саласына қосқан үлесі мен кәсіби қызметіндегі еңбегі үшін педагогтерге «Әділет» партиясының және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттары табысталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» ауқымды республикалық жобасын қолдау мақсатында Астана қаласындағы №101 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасына партия Төрағасының атынан түрлі жанрдағы кітаптар сыйға тартылды.

Бекбол АМАНГЕЛДІ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:49
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 04:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары