Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ұстаз биігі

Ұстаз биігі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Замандастары «Ұстаздардың ұстазы» деп баға берген, Оңтүстік өңірі жақсы білетін қадірменді қария, ұлағатты ұстаз Құтым Ордабаев ақсақал туралы естелік айтпас бұрын мына бір жағдаятқа назар аударғым келеді.

«Отырар - қазақ өркениетінің алтын діңгегі». Дүниеге әлемге мәшһүр Әбу Насыр әл-Фарабидей ұлы ғалымдарды әкелген Отырар өзінің үлкен тарихында не бір шапқыншылықты көрді. Сондай қиын кездері табан тірері қасындағы Шілік шаһары деген тарих кеңінен айтылады. Шыңғыс хан шапқыншылығынан соң Отырардың халқының дені Шілікке көшкен деректер тарихшылар аузынан аз айтылып жүрген жоқ. Сондықтан байырғы жұрт осы екі аймақты кіндігі байланған, егіз қозыдай болып, бірге өркендеген деп біледі.

Бұған қосымша айтарымыз, тарихшы, өлкетанушы Абдулла Жұмашевтің деректеріне сәйкес патшалық Ресейдің кезінде осы өңір Шілік болыстығына біріктірілген. 1921 жылы Шілік болыстығының негізінде Шілік ауылдық кеңесі құрылған. Ал, алғашқы төрағасы Құтым ағамыздың әкесі Ордабай Бәймішов болған.

Бұл деректер тарихшы Мұхтар Қожа және Сағындық Қыдырұлының зерттеулерінде де айтылады.

Бұл кейінгі жастар білсе деген ниет қой біздікі.

Ал, мақаламызға өзек болып отырған Құтым ақсақал Отырар ауданы, Майлытоғай ауылының тумасы.

Осы өңірге атағы кеткен текті әулеттің тұяғы. Отырар ауданының тарихына бойлар болсақ оны алғаш ұйымдастырушылардың қатарында Құтым ағамыздың әкесі Ордабай Бәймішов болғанын көнегөз тарих тәспірлеп береді. 1930 жылдары «Шәуілдір сиезі» деп атанған үлкен жиын болады. Халық отырықшылыққа көшеді. Ұсақ колхоздар біріктіріледі. Арыс өзенін бөгеп, Шәуілдір каналы қазылады. Осы үлкен шаруаның бойында ел азаматы Дүйсенбай Алтынбековтай көшелі кісілер болады.

1931 жылы ауданда 5 колхоз құрылады. Бұл бес колхоздың алғашқы төрағалары болып, «Отырар» колхозына Ордабай Бәймішов, «Абат» колхозына Тұрғабай Бозшабаев, «Кеңес» колхозына Әлі Толыбаев, «Жаңарық» колхозына Арқабай Құрманбеков, «Қызыл Түркістан» колхозына Жарас Рүстемов сайланады.

Халқының болашағы үшін атқа мініп, 27 жасында Отырар ауылдық кеңесінің төрағасы болған Ордабай Бәймішұлы жәй ғана бастық емес кеудесі алтын сандық көшелі кісілердің бірі болыпты.

Бұл берекелі шаңыраққа әр жылдары Өзбекстан Атқару комитетінің төрағасы Юлдаш Ахунбабаев, орыстың атақты жазушысы Леонид Соболев, ақиық ақын Ілияс Жансүгіров, беріде Асқар Тоқмағамбетов сынды тұлғалардың қона жатып, үй иесімен пікірлескені Ордебай атамыздың қатардағы көптің бірі емес, үлкен парасат иесі екендігін аңғартса керек.

Ордалы жиындардың ортасында күндей жайнап жүретін Ордабай ақсақалды жұрт «уызынан жарыған» дейді екен. Әкесі Бәйміш ел сыйлаған азамат. Ал, атасы Едіге жүз жасаған адам. Аса турашыл, әділетті, әлсізге болысатын Едіге ақсақал осы Құтым ағамыз дүние есігін ашар тұста түс көріпті. Құтым аға бұл жағдайды былайша баяндайды.

Бір күні Едіге бабамыз түс көріпті. Түсінде менің әкем Ордабайдың үйінде алты қанат ақ үйінің ортасында бір тұғырда қондыруды тұрған қаршығаны көреді. Сол қондыруды тұрған қаршығаның аяқ бауы өте ұзын, ұшы алты қанат ақ үйді түгел айналып шыға алатындай болған екен. Бабамыз осы түсті көрген кезінде менің шешем маған жүкті екен. Ертеңіне Едіге бабам әкем мен шешемді шақырып алып:

- Шырақтарым, мен түс көрдім. Түсімде үйлеріңде ұзын аяқ бауы бар қаршыға отыр. Сен шырағым жақында ұл табасың. Ол ұлыңды жөргегімен маған алып келесің. Өзім атын қойып, белгілеп беремін, - деп алдын ала ескерткен екен.

Мен дүниеге келген соң Едіге бабам айтқандай мені жөргегіме орап, Едіге бабамның алдына алып барған екен. Сосын бабамыз жөргекте жатқан мені алдына алып отырып маған бата беріпті. Сөйтіп менің атымды қойып, аузыма түкірген екен.

- Шырағым, мынау балаларыңның аты Құттыболсын болады. Үйге құт әкелетін, елге береке-бірлік әкелетін бала болсын! Сондықтан оның атын Құттыболсын қояйын. Құдай қаласа бұл бала елге құт болады. Рахатын, қызығын ел көреді, өздерің көресіңдер, туған-туысқандарың көреді. Бұл баланың мен сияқты өмір жасы ұзақ болады. Жүзге келетін болады. Мен қазір 95-ке келіп отырмын. Мен жүзге келемін. Құдай қаласа бұл шөбереме менің жасымды береді. Осыны ұмытпаңдар! - деп атымды Құттыболсын қойып, әке-шешеме батасын берген екен.

Сонда әке-шешем қуанып, шілдехана тойын өткізіп, елге дәм-тұз беріп, елдің батасын алған екен. Шілдехана тойында Едіге атам төрде отырып елге және маған батасын арнаған екен.

Өзі айтқандай Едіге бабам жүзге келіп өмірден өткен. Майлытоғайда Ақболат дейтін мешіт болған. Атамды сол мешітке апарып жерлеген. Сонда әкем Ордабай мені аттың алдына отырғызып алып, қайтыс болған Едіге бабамыздың бұйдасын ұстатып, сол кісіні жерлеуге қатыстырған екен. Сөйтіп менің қолымнан топырақ салдырып, жерлеу рәсіміне қатысқан екенмін.

Бұған қосарымыз, Құттыболсын есімі әрине, ел ыңғайына қарай дыбыстық өзгеріске ұшырап айтуға жеңіл Құтым атауына айналған. Алайда, екеуі де жақсы мағынаға ие.

1937 жыл. Қалың тарихында талай қуғын сүргінді көрген, ақсүйек болып қырылған, тіпті жер бетінен құрып кете жаздаған нәубет 1937 жылы да тағы қайталанған. «Отырар» колхозын жөргегінен бастап көтерген Ордабай Бәймішов 1937 жылы біреулердің көрсетуімен «халық жауы» болып ұсталады. Елге еңбегі сіңген елеулі тұлға болғанымен НКВД-ны сендіре алмайсың. Сүйікті әкеден айырылумен қатар осы жағдай қатарынан озық Құтым ағаға да оңай тимейді. «Халық жауының баласы». Комсомолға алмайды. Партия қатарына өтуіне де осы кедергі. Халыққа болсын деп күн-түн бел шешпей еңбек еткен Ордабай Бәймішов 1937 1-қарашада «үштіктің» үкімімен атылып кеткен екен. Қайран, әке, кеш болса да ақталып, әділет салтанат құрды.

Құтым ағамыз ұзақ жыл ұстаз болды. Мектеп директоры болды. 1958 жылдың 18 сәуірінен бастап аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болды. 1987 жылға дейін осы қызметті атқарды. Зейнетке шыққанға дейін. Кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына сайланды. Бұл жұмысты 24 жыл атқарды.

Құтым ағамен бізді көп дүние байланыстырады. Әкем Сейітжан Құртаевпен жақсы сыйлас, жақсы інісі болды. Әкеміз 1938 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін (САГУ) бітірген, бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған адам.

Аралары оншақты жыл болғанымен мұраттас қос қария аға, іні болып жақсы сыйласқанын көріп өстік.

Мен 2005-2009 жылдар аралығында Отырар ауданында әкім болғанымда жолымыз тағы қиылысты. Ол кезде Құтым аға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болатын. Ел басқару оңай емес. Экономикадан бөлек әлеуметтік қиындықтар аз емес еді. Осындай кездерде Құттекеңмен ақылдасып бірігіп іс қылар едік.

2006 жылы халықпен кездесуде Қалекең Әшірбаев деген ақсақалымыз «қарағым, Әлімжан. Ел ішіндегі шаруа кезегімен біте береді. Саған елдің атынан аманат. Осы Отырардан шығып, әлемге мәшһүр болған Әбу Насыр әл-Фарабидің басына барып, тәу етіп, қабірінен бір уыс топырақты елге жеткіз» деген болатын.

Осы аманатты жүзеге асыруда Құтым аға маған ұйымдастыру мәселелері жағынан көп ақыл-кеңес беріп отырды.

Біз туысқан болдық. Менің үлкен әпкем Анаржан мен Құттыкеңнің төрінші баласы Мақсұт екеуі отау құрып, құда-жекжат болдық. Ол жақтан ортақ ұрпақтар тамыр жайып келеді. Құттыкеңнің жұбайы Қалтай апайдың орны бөлек болатын. Ол кісі нағыз педагог еді. Құттыкеңнің үлкен ұлы Амангелді мен әкім болғанда аппарат басшысы болатын. Әкесінің жолын қуған Әбітай мектеп директоры болып жұмыс істеді. Бақытжан деген ұлы қоғам қайраткері дәргейіне жетті. Көп елдерде Қазақстанның елшісі болып жұмыс істеді. Мақсұт пен Мұхтардың да орны бөлек. Сәуле мен Зояның да. Барлығы да білімді. Нағыз Ордабаевтар әулетінің ұрпағы деген атқа лайықты азаматтар.

Шәуілдірде Мырзахмет Темірбеков деген ел ағасы бар. Ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Сол ағамыз мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың күллі қазаққа әйгілі, «қолым таза, жүзім таза, арым таза» деген сөзін Құтым ағамызға да арнап айтқанын естідік.

«Отыз жыл аудандық оқу бөлімін басқарған Құтым Ордабаев қаласа алтын астаумен ас ішетін жағдайға әбден мүмкіндігі болды. Бірақ, «Құтым біреудің еңбегін жепті, пара алыпты» дегенді естіген жоқпыз. Абыроймен зейнеткерлікке шықты. Ардагерлер кеңесін жиырма жылға жуық басқарды. Барлық ардагерлерді құрметтеді. ҰОС ардагерлерінің халін ұдайы біліп, мейілінше көмектесетін еді. Шәкірттерінің бірі-қалың қазақтың ардағы - Өзбекәлі Жәнібеков. Басқасын айтпағанда. ән пәдишасы Шәмші Қалдаяқов, ақын Мұхтар Шаханов, қоғам қайраткері Қуаныш Айтахановтар тұтас Қазақстанның мақтанышы. Осы ел ағалары Шәуілдірге келгенде міндетті түрде Құтекеңнің босағасына келіп, сәлем беріп кетеді. Жұбайы Қалтай апамыз екеуі ұстаздық етіп қана қоймай өнегелі шаңырақ иесі болды. Балалары да әке-шеше үмітін ақтады», - дейді.

Бұл Құтым Ордабаевтай ел ағасына халықтың берген бағасы. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінен кейін қазақтың көптеген зиялылары қуғынға ұшырады. Олардың бірі – мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров еді. Шәуілдірдің өркеңдеуіне теңіздей тері сіңген сол Асқаровты жазықсыз жаладан құтқаруға Құтым ағамыз көп еңбек сіңірді. Бірнеше азаматтарды ұйымдастырып Үкіметке ашық хат жазды. Осылайша әділдік салтанат құруына еңбек сіңірді. Әрине, мұндай мысалдарды жалғастыра әбден болар еді. Құтым Ордабаевтың өмірі – өскелең ұрпаққа үлкен өнеге.

Қазақта «ақ өлім» деген ұғым бар. Ерте ме, кеш пе жұмыр басты пенде раббысына қайтатыны белгілі. Осындайда жасы келген кісілер «е, Алла, жаныма қиындық көрсетпе, бала-шағамның ортасында өмірден өтейін» деп тілер екен. Ел сөзін ұстаған Едіге бабасы есімін «Құттыболсын» қойған Құтым ағамыз осы тілегіне жетті. Қария 7-қарашада дүние есігін ашқанын жоғарыда айттық. Тоқсан жасқа толған торқалы тойына әулеттің бәрі жиналады. Бабасы осы немересі «үйге құт әкеледі, елге береке-бірлік әкеледі» деп ырымдаған Құтым ағамыз ұрпағы, немере, шөберелерінің алдында келесі күні келместің кемесіне отырып кеткен еді. Міне, одан беріде сынаптай сырғып 10 жыл өтіпті.

Құтым ағамыздың кеудесі алтын сандық қария, көшелі азамат болғандығын айттық. Ел жұртқа сыйлы болды. Сүйікті шәкірттерінің бірі – рух сардары Өзбекәлі Жәнібековті алаш баласы ардақ тұтады. Қазақтың кем-кетігін түгендеп, ұлтқа қылаусыз жұмыс істеген, есіктегі басын төрге шығарған Өзбекәлі сынды ағаларымызды қалың қазақ алқалап төбесіне көтерсе оған парасаттылықтың, адалдықтың, елге қызмет істеудің үлгісін көрсеткен Құтымдай ұстаздары болды.

Қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» дегенін халық мақұлдайды.

Бұған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» дегенін қосыңыз. Замандастары «ұстаздардың ұстазы» деп баға берген Құтым Ордабаев ағамыз осы мақсатқа адал қызмет етті.

Бәріміз айта беретін Ұстаз бақыты деген осындай болатын шығар...

Әлімжан ҚҰРТАЕВ, Сенат депутаты

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 09:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see118

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see117

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see115

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see114

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see114

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see114

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see114

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see113

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see113

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see112

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see112

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see111

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see111

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see111

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see110

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары