Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Абай облысында жаңа Келешек мектебінде ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті

Абай облысында жаңа Келешек мектебінде ерекше форматтағы Ашық есік күні өтті

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қатысушылар заманауи білім ордасының құрылымымен, оқу процесінің ерекшеліктерімен және жаңа форматтағы оқу кеңістігінің мүмкіндіктерімен танысты.

Фото: Абай облысының білім басқармасы

Бұл – Абай облысындағы төртінші «Келешек мектебі». 600 орынға арналған үш қабатты жаңа ғимараттың құрылысы толық аяқталып, екінші тоқсанда оқушыларды қабылдауға дайын. Мектепте 30 пән кабинеті, 6 зертхана, спорт және акт залы, кітапхана мен оқу залы бар. Оқу процесі бір ауысымда және толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Фото: Абай облысының білім басқармасы

EduFest барысында мектеп кеңістігі зертханалық және тәжірибелік сабақ алаңына айналды. Қатысушылар жаратылыстану, математика, ағылшын тілі, көркем еңбек сияқты пәндерден өткізілген ашық сабақтарға қатысып, жаңа оқу ордасының артықшылықтарын өз көздерімен көрді.

Оқушылардың бірі Аружан Кабдулмаратова, жаңа мектептің зертханалық мүмкіндіктері ерекше әсер қалдырғанын айтты.

Фото: Абай облысының білім басқармасы

- Маған ең ұнағаны – химия зертханасы. Бұрын тек суреттен көретін тәжірибелерді өз қолыммен жасап көрдім. Сабақтың қызықты өтетініне көзім жетті. Осындай мектепте оқитыныма қуаныштымын, – деді ол.

Ал 11-сынып оқушысы Бақнұр Берікболов жаңа технологиялық сыныптардың оқуға деген ынтаны арттыратынын атап өтті.

Фото: Абай облысының білім басқармасы

- Информатика мен робот техникасы кабинеті ерекше ұнады. Құрал-жабдықтар жетерлік, жаңа жобалар жасауға барлық мүмкіндік бар. Биология зертханасындағы микроскоптар да заманауи. Бұрын тәжірибе жасау аз болса, мұнда сабақтың өзі тәжірибеге негізделген. Мұндай ортада оқуға да, ізденуге де ынта артады, – дейді ол.

Мұғалімдер де жаңа кеңістіктің оқу процесіне серпін беретінін атап өтті. Информатика пәнінің мұғалімі Асель Нұрланқызы бұл мектептің оқыту тәсілін түбегейлі өзгертетінін айтады.

Фото: Абай облысының білім басқармасы

- Бұрын тек тақта мен дәптер болса, енді оқушы өз ойын тәжірибе арқылы дәлелдей алады. Бұл – мұғалім шығармашылығын арттырып, оқушының ойлау көкжиегін кеңейтетін орта. Нағыз жаңа дәуір мектебі, – деді ұстаз.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Төлеубекқызы да мектептің басты ерекшелігі – зерттеу мәдениетін дамытуға жағдай жасалғанында екенін атап өтті.

Фото: Абай облысының білім басқармасы

- Келешек мектебі – жаңа ойлау мен зерттеу мәдениетінің орталығы. Мұнда әр баланың қызығушылығын ашуға мүмкіндік бар. Оқушылар еркін ойлап, өз ойын дәлелдеуге үйренеді, – дейді ол.

Ата-аналар да жаңа мектептің жайлылығы мен мүмкіндіктеріне ризашылық білдірді. Мәселен, Жанат Ералиева мұндай білім ордасы көптен күткен арман болғанын айтты.

Фото: Абай облысының білім басқармасы

- Бұрын мұндай мектеп арман еді. Енді балаларымыз заманауи, жарық әрі жылы ғимаратта оқиды. Балам қала ортасындағы мектепке қатынап жүретін, енді үйдің жанында осындай жайлы мектеп бар – бұл біз үшін үлкен қуаныш, – деді ол.

Ал Дана Баянбаева мектеп инфрақұрылымының балаға қолайлы етіп жасалғанын ерекше атап өтті.

- Абаттандырылған ауласы, кең сыныптары, жайлы асханасы – бәрі баланың ыңғайы үшін жасалған. Осындай мектепте оқитын бала бақытты болады деп сенемін. Мұндай мектептер – келешекке жасалған инвестиция, – деді ата-ана.

Іс-шара соңында оқушылар Абайдың 180 жылдығына арналған көрініс қойып, өлең мен қара сөздер оқыды, ән шырқады. Мектеп фойесінде «Болашақ қабырғасы» интерактивті аймақ ұйымдастырылып, қонақтар өз тілектерін жазып қалдырды.

Аягөздегі жаңа «Келешек мектебі» білім ордасы ғана емес, баланың қызығушылығын оятатын, ұстаздың шабытын арттыратын, ата-ананың сенімін нығайтатын ортаға айналып отыр. Бұл – аймақтың білім беру кеңістігіндегі жаңа сапалы кезеңнің айғағы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 16:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары