Абат Айымбетов Румынияның Петролул командасына ауысты
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бұл жөнінде румыниялық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Петролул» командасы 1924 жылы құрылған. Өз елінде 1930, 1958, 1959, 1966 жылдары төрт мәрте чемпион атанса, үш мәрте күміс, төрт мәрте қола жүлдеге қол созды.
Команда сапында негізінен румыниялық футболшылар ойын көрсетеді.
Абат Айымбетов 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.
Футболдағы алғашқы қадамын 2012 жылы «Ақтөбе» командасында бастады. Одан кейін алматылық «Қайрат», елордалық «Астана» клубтарында ойын көрсетті.
Ал 2024-2025 жылғы маусымда ол «Адана Демирспор» сапында Түркия суперлигасында тәжірибесін арттырды.
Абат Айымбетов еліміздің ұлттық құрамасы сапында 2019 жылдан бері ойын көрсетіп келеді.
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 05:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы
Байланыс








Ең көп оқылғандар


















