Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Адамдыққа жат контентті шектеу орынды іс: Бейсенбаев ЛГБТ насихатына тыйым салу заңы туралы айтты

Адамдыққа жат контентті шектеу орынды іс: Бейсенбаев ЛГБТ насихатына тыйым салу заңы туралы айтты

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев қоғамда балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі теріс контенттен қорғау мәселесіне байланысты заң жобасын қолдады, Депутат педофилияны және дәстүрге жат бағытты насихаттауға тыйым салатын түзетулер енгізілгенін жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Аzattyq-ruhy.kz сілтеме жасап.

«Біз балалар мен жасөспірімдердің интернетте күн сайын отбасы, адамгершілік және болашақ туралы түсініктеріне теріс әсер етуі мүмкін ақпаратқа тап болатынын көріп отырмыз. Өсіп келе жатқан ұрпақтың санасын құқыққа қарсы контенттен қорғау олардың қауіпсіздігі мен психикалық денсаулығының кепілі. Бұл тақырып Парламент Мәжілісінің депутаттары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Мәжілісмендер Еділ Жаңбыршин, Ринат Зайыт, Самат Мұсабаев және Ардақ Назаров ЛГБТ насихатына тыйым салу жөніндегі депутаттық сауалдарын ашық түрде мәлімдеген», - дейді Елнұр Бейсенбаев.

Депутат атағандай, былтыр «Біз Қазақстанда ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз!» атты петиция ресми қарауға қажетті 50 мыңнан астам қол жинаған болатын.

«Петиция қорытындысы бойынша Ұлттық өркендеуге жәрдем қоры кең ауқымды зерттеу жүргізіп, дәстүрден тыс қатынастарды заңдастыру мен насихаттау өсіп келе жатқан ұрпақтың санасында тұрақтылық пен айқындық сезімін бұзуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Осыған байланысты 18 депутаттан тұратын бастамашыл топ педофилияны және дәстүрден тыс бағытты насихаттайтын ақпараттың таралуын шектеуге бағытталған түзетулер енгізуді ұсынды»,- дейді депутат.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ұсынылған түзетулер тоғыз негізгі заңға қатысты: бала құқықтары туралы, жарнама туралы, байланыс туралы, мәдениет туралы, білім туралы, кинематография және бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарға өзгерістер енгізіледі.

"Жоғарыда айтылғандай, заң жобасындағы маңызды нормалардың бірі – өскелең ұрпақты жағымсыз ақпараттардан қорғау, жат ағымдардан сақтау. Өйткені бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың санасын улайтын, өміріне теріс әсер ететін зиянды ақпараттардан қорғау – ортақ міндетіміз.  Әрине, цифрлық заманда ақпараттарға толықтай тосқауыл қою мүмкін емес. Дегенмен, заңға қайшы, адамдыққа жат контентті шектеу – орынды іс.  Өйткені әлі бұғанасы қатпаған, ақыл тоқтатпаған жасөспірімдердің түрлі ақпаратты талғаусыз қабылдап, солардың жетегінде кетіп қалуы әбден мүмкін. Ондай оқиғалар аз емес. Сондықтан ұсынылып отырған заң осының алдын алуды, келеңсіздіктерге жол бермеуді көздейді.   Осының бәрін ескере отырып, сіздерден заң жобасын екінші оқылымда қабылдауды және Сенаттың қарауына жіберуді сұраймын", - деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетерлігі, Қазақстан бұл бағытта алғашқы ел емес. Ұқсас заңдар Венгрия, Болгария, Литва, Польша, Қырғызстан және Ресейде де қолданыста бар. Бұдан бөлек, АҚШ-тың Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың трансгендерлерге паспортта биологиялық жынысынан өзгеше жынысты көрсетуге тыйым салу жөніндегі ұстанымын қолдаған болатын. Бұл факт төзімділік қағидаттарын ұстанатын АҚШ-тың өзі табиғат заңдылығына қарсы келмейтінін көрсетеді», - дейді ол.

Депутат атағандай, балалардың құқықтарына қатысты халықаралық стандарттар да осыған ұқсас талаптарды қамтиды.

«БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының 17-бабы мемлекеттерге балаларды олардың әл-ауқатына зиян келтіретін ақпарат пен материалдардан, соның ішінде интернеттегі мазмұннан қорғау шараларын қабылдауды міндеттейді. Маңыздысы – әңгіме белгілі бір адамдарға тыйым салу немесе оларды жоққа шығару туралы емес. ЛГБТ қауымдастығына жататын азаматтардың жеке құқықтары шектелмейді. Енгізіліп жатқан нормалар тек мұндай ақпараттың жария түрде таралу шеңберін реттейді, бұл халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді», - деп түйіндеді ол.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қараша 2025 13:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары