Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Әдебиет институтын ашу ұсынылды

Әдебиет институтын ашу ұсынылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса ұлт әдебиеті мен руханиятының өзекті мәселелеріне қатысты Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалға классик қаламгер Төлен Әбдіктің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты өзек болды.

Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы Төлен Әбдіктің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатына жоғары баға бергенін, Президент бұл қадамымен қаламгерлердің қоғам алдындағы миссиясына құрмет көрсетіп, мемлекеттің рухани саясатында әдебиеттің өзіндік орны бар екенін байқатып отырғанын тілге тиек етті. 

«Мемлекет басшысының жазушыға жеделхат жолдап, қазақ әдебиетінің болашағына алаңдауы мемлекет пен әдебиет арасындағы жаңа рухани байланыстың басталғанын аңғартады. Үкімет бұл үнқатысуды дәстүрге айналдырып, әдебиетті  ұлттық сана мен рухты жаңартудың негізгі тетігі ретінде дамытып, қазақ әдебиетінде жаңа заман кейіпкерін қалыптастыруды рухани стратегиялық саясаттың басым бағытына айналдыруы керек», деді Қазыбек Иса депутаттық сауалында.

Ол қоғамдық сананы қалыптастыруда жазушылардың рухани көшбасшылық рөлін мойындап, әдебиетті ұлттық идеяны жүзеге асыру құралы деп танитын кез келгенін, әдебиеттің мемлекеттік саясаттағы мәртебесін арттырып, «Рухани Тәуелсіздік» идеясын нақты іске асыруға кірісу керек екенін мәлімдеді.

«Әдебиет – мемлекеттің мәдени және идеологиялық күші. Әдеби шығармалар халықты бір мақсатқа ұйыстырып, патриотизмді оятады.

Тәуелсіздік жылдарында қазақ поэзиясы ұлттық бірегейлік пен рухты қалыптастырды. Қазір саяси тұрақтылық мәдени және рухани үйлесімге тәуелді. Мысалы, Еуропадағы Ағарту дәуірі (XVIII ғасыр) әдебиет пен философияның өрлеуі арқылы ғылым мен саясаттың да өркендеуіне жол ашып берді. Әдебиет – мемлекеттің рухани коды, ғылымның идеялық тірегі және ұлттың мәңгілік жаны. Яғни мемлекеттің дамуы да, ғылымның дамуы да ең алдымен әдебиеттен, яғни руханияттан басталады», деді депутат.

Қазыбек Иса әдебиет пен идеология арасындағы өзара ықпал әлсіреп, қазіргі әдебиет заманауи кейіпкер бейнесін сомдауда кенжелеп қалғанын, сондықтан да бұл бағытта жүйелі мәдени саясат пен рухани бағдар қажеттігін айтты.

«Бүгінде әдебиетте рухани дағдарыс байқалады. Көп туындыда өткен заманың сүрлеуінен шыға алмай отыр. Қазір елдің болашағына сенім білдіретін, жарқын жол көрсететін шынайы шығармалар керек. Әсіресе жастарға ұлттық ұстаным мен технологиялық жаңа заманды ұштастыра білген ұлттық кейіпкерлер қажет», деді Қазыбек Иса.

Депутат ұлттық әдебиеттегі тұлғалық, рухани жаңару идея­сын жүзеге асыру үшін қаламгерлерді рухани терең­дік пен кемелдікке  бағыттайтын Әдебиет институтын ашу­ды ұсынды. Мұндай институт АҚШ, Қытай, Германия, Үндістан секілді мемлекеттерде бар екенін мысалға келтіріп, әлем­дік деңгейде мойындалған 100 прозалық, 100 поэзиялық туындыны қазақ тіліне аудару қажеттігіне тоқталды. Соны­мен қатар қазақ әдебиетінің озық шығармаларының сапалы аудармаларын жасап, Орта Азия, түрік мемлекеттерінен ­бастап, әлемге насихаттау ісін жолға қою керек деген ойын да ортаға салды. 

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса: «Үкімет пен Жазушылар одағы арасында тұрақты «Рухани кеңес» құруды ұсынамыз. Жылына екі рет әдебиет, тіл, мәдениет мәселелерін талқылайтын консультативтік кеңес өткізіп тұру керек. Ол кеңестің құрамына белгілі жазушылар, әдебиеттанушылар, мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер енгізілуге тиіс. Осы қадам арқылы әдебиетті ұлттық идеологияны қалыптастыру ісіне бағыттай аламыз», деп түйіндеді өз ойын. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары