Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Тәуелсіздікке бастар жол

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Әділет партиясы жаңа мүмкіндікті іске қосты: енді мүшелік жарнаны QR арқылы төлеуге болады

Әділет партиясы жаңа мүмкіндікті іске қосты: енді мүшелік жарнаны QR арқылы төлеуге болады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мүшелік жарна – партия қызметін қаржыландыруға партия мүшелерінің қосатын үлесі. Бұл – халықаралық тәжірибеде кең тараған тетіктердің бірі. «Әділет» партиясында мүшелік жарна төлеу тәртібі ашық әрі қолжетімді етіп ұйымдастырылған. Сонымен қатар жарна мөлшері белгіленген кезде азаматтардың әлеуметтік жағдайы ескерілген. Цифрлық төлем жүйесі жарнаны смартфон арқылы, елдің кез келген жерінен төлеуге мүмкіндік береді.

Мүшелік жарна мөлшерін партияның 2026 жылғы 10 шілдеде өткен III кезектен тыс Съезі «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Әділет» партиясының Жарғысына сәйкес бекітті. Ай сайынғы жарна мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты белгіленген. 2026 жылы АЕК мөлшері – 4 325 теңге:

•       Еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істейтін азаматтар айына 0,1 АЕК, яғни шамамен 433 теңге төлейді;

•       Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен тыңдаушылары айына 0,01 АЕК, яғни шамамен 43 теңге төлейді;

•       Партия мүшесі өз қалауымен бұдан да көп жарна төлей алады.

«Әділет» партиясында кіру жарнасы жоқ. Яғни партияға мүше ретінде қабылданған кезде бір реттік төлем талап етілмейді. Зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыздар, бала күтіміне байланысты демалыста отырған азаматтар, сондай-ақ мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері ай сайынғы жарна төлеуден босатылады.

Мүшелік жарнаны бір айға, тоқсанға немесе бір жылға алдын ала төлеуге болады. Жұмыс істейтін партия мүшелері жалақысынан тұрақты аудара алады. Ол үшін жұмыс орнының бухгалтериясына тиісті өтініш беру қажет.

Мобильді қосымшалар арқылы төлеу үшін:

•       Halyk немесе Kaspi.kz қосымшасындағы «Төлемдер» бөліміне кіру;

•       «Әділет» партиясын табу;

•       ЖСН енгізу;

•       Автоматты түрде көрсетілген деректерді тексеру;

•       Төлемді растау қажет.

Төлем үшін комиссия алынбайды.

Мүшелік жарнаны Halyk Bank пен Kaspi Bank-тің QR-кодтары арқылы да төлеуге болады. Оны партияның ресми сайтындағы жеке кабинеттен және Adilet 365 мобильді қосымшасынан таба аласыздар. QR-кодты сканерлегеннен кейін деректерді тексеріп, төлемді растау керек.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін партия барлық банктің мобильді қосымшалары арқылы мүшелік жарна төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай QR-код әзірлеу жұмысын да жүргізіп жатыр. Цифрлық бағыт одан әрі дамытылады: «Әділет» партиясы алдағы уақытта жаңа цифрлық өнімдерді әзірлеп, оларды партия жұмысына кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.

Анықтама: «Әділет» партиясының Жарғысына сәйкес, мүшелік жарна мөлшерін партия съезі, ал оны төлеу тәртібін басшылық орган айқындайды. Төленген мүшелік жарналар қайтарылмайды.

Партия қызметі туралы жаңалықтарды ресми Telegram-арнадан оқуға болады: https://t.me/adilet_partiyasy

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 10:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see141

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see139

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

21 Қазан 2026 08:16see136

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

21 Қазан 2026 09:07see135

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

21 Қазан 2026 07:56see135

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see134

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see134

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

21 Қазан 2026 09:46see133

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see132

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see131

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see130

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see126

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see123

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see120

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see120

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see120

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see117

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see117

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see115

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары