Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Екі мемлекеттік архивке Ұлттық мәртебе беріледі

50 балл жеткіліксіз: ІІМ өз жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Қазақстан тұрғындарына қолайлы болуы үшін Әділет партиясы өтінім қабылдаудың цифрлық сервисін іске қосты

Қазақстан тұрғындарына қолайлы болуы үшін Әділет партиясы өтінім қабылдаудың цифрлық сервисін іске қосты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әділет» партиясы өтінім қабылдаудың бірыңғай цифрлық сервисін іске қосты. Бұл туралы партия Төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселесіне арналған Іскерлік кеңес алаңында мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа сервис қоғамдық қабылдаулармен, жеке қабылдаулармен және жазбаша өтініштермен қатар, азаматтармен өзара байланыс орнатудың қосымша арнасына айналады. Оған партияның ресми сайты немесе бірыңғай QR-код арқылы өтуге болады.

Қазақстанның әрбір азаматы бірыңғай QR код арқылы:

• партияның саяси бағдарламасымен таныса алады;

• партия қатарына онлайн түрде қосыла алады;

• өтініш жолдай алады;

• бастама ұсына алады;

• заңбұзушылық туралы хабарлай алады;

• жәрдем сұрап жүгіне алады.

Пайдаланушыларға қолайлы болуы үшін өтінімдер 26 бағыттан тұратын бірыңғай тақырыптық рубрикатор бойынша жүйеленді. Бұл бағыттар ел өмірінің барлық негізгі салаларын қамтиды. Яғни, мемлекеттік басқару, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, экономика, кәсіпкерлік, ТКШ, көлік, экология, ауыл шаруашылығы, азаматтардың құқықтары және тағы басқа.

Партия Төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, аталған платформаның іске қосылуы еліміздің цифрлық трансформацияға бағытталған стратегиялық бағдарына толық сәйкес келеді.

«Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан заманауи тәсілдерді, жедел шешім қабылдауды және мемлекеттік институттарды тұрақты жаңғыртуды талап ететін жаңа даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Сондай-ақ Президент цифрландыру мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында бұрынғыдан да жылдам әрі тиімді жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударды», – деді партия Төрағасы.

Өтінім беру барысы барынша жеңілдетілген және оған небәрі  бірнеше минут уақыт қажет. Ол үшін QR код арқылы өту немесе партияның ресми сайтына кіру, қажетті сервисті таңдау, eGov Mobile қосымшасы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, жеке басын растау және өтінім жолдау жеткілікті.

Өтінім жолданған соң, автоматты түрде бірегей тіркеу нөмірі беріледі. Жолданған өтінім қаралғаннан кейін, оның иесі көрсетілген байланыс деректері бойынша ресми жауап алады.

Цифрлық сервистің іске қосылуы азаматтармен, бизнес өкілдерімен және сарапшылар қоғамдастығымен тұрақты кері байланыс орнатуға, келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды жедел қабылдауға, жүйелі мәселелерді анықтауға және заңнамалық әрі басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде азаматтардың бастамаларын ескеруге мүмкіндік береді. Бұл қадам азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, партиямен байланысын барынша ыңғайлы, жедел әрі қолжетімді етеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 16:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see121

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see118

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see117

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see117

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see115

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see115

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see115

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see114

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see114

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see113

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see112

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see110

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see109

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see109

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

14 Тамыз 2026 18:26see109

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see109

Екі мемлекеттік архивке Ұлттық мәртебе беріледі

14 Тамыз 2026 08:31see107

50 балл жеткіліксіз: ІІМ өз жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді

14 Тамыз 2026 10:02see107

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see107

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары