Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Әділет Қазақстан халқын, барлық сала өкілдерін біріктіретін партия

Әділет Қазақстан халқын, барлық сала өкілдерін біріктіретін партия

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Павлодарда «Әділет» партиясының ауқымды акциясы өтті. Оған өңірдің түрлі кәсіп, сала және әлеуметтік топтарынан 115-тен астам адам қатысты. Іс-шараның басты символы – Мемлекеттік рәміздер алаңында жайылған ұзындығы 25 метрлік партия туы болды.

Акцияға өнеркәсіп кәсіпорындарының, теміржол саласының, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, белсенділер мен партия жақтастары қатысты. Іс-шараға Павлодар қаласының тұрғындарымен қатар, облыстың өзге де қалалары мен аудандарынан келген азаматтар да қосылды.

«Әділет» партиясының Павлодар облыстық сайлауалды штабының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Илья Теренченконың айтуынша, акция сайлауалды жұмыстың жалғасы әрі партияның негізгі құндылықтарының символдық көрінісі болды.

«Бұл акцияның идеологиялық мәні – бірлік. Бұл – біздің бірге екеніміздің айғағы. Бүгін әділет марафонына ірі кәсіпорындардың, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, партия мүшелері, жақтастар, жастар, денсаулық сақтау, білім беру саласының, трамвай басқармасының, теміржолдың және басқа да салалардың өкілдері қатысты. Бізді ортақ құндылықтарымыз бен сайлауалды бағдарламамыздың міндеттері біріктірді», – деді ол.

Қатысушылар жастарға да ерекше назар аударды. Илья Теренченко атап өткендей, бүгінде партияның жас белсенділері іс-шараларға жай ғана қатысып қоймай, тұрғындармен кездесулерге, үгіт топтарының жұмысына, көшпелі іс-шараларға және сайлауалды штабтардың қызметіне тікелей атсалысуда.

Акцияның символикасы да ерекше мәнге ие болды. «Әділет» партиясының 25 метрлік туы – іс-шараның басты идеясын, яғни түрлі мамандық, буын және әлеуметтік топ өкілдерінің ортақ мақсаттар төңірегінде бірлігін көрнекі түрде бейнеледі.

Құрылтай депутаттығына кандидат Жаркынбек Амантай акцияға қатысушылардың құрамы партияның сайлауалды бағдарламасының кең ауқымын айқын көрсеткенін атап өтті.

«Бүгін Мемлекеттік рәміздер алаңында ерекше акция өтіп, ол түрлі сала өкілдерінің «Әділет» партиясы төңірегінде топтасқанын көрсетті. Біздің сайлауалды бағдарламамыз қоғамдық өмірдің барлық бағыттарын қамтиды. Оның ішінде дәрігерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері, спортшылар, түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері және басқа да сала мамандары бар. Біз бүкіл қоғамға қатысты мәселелер мен проблемаларды көтеріп отырмыз», – деді Жаркынбек Амантай.

Оның айтуынша, акцияға қатысушылардың алуан түрлі болуы іс-шараға ерекше мағына береді.

«Әділет» – Қазақстан халқын, барлық сала өкілдерін біріктіретін партия. Бүгінде партия төңірегіне күн сайын ортақ мүдде – заң мен тәртіп үстемдік ететін, әділетті Қазақстан құру мақсаты біріктірген азаматтар топтасып келеді», – деп атап өтті кандидат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайлауалды науқан барысында партияның бағдарламасындағы бастамаларды қолдайтын жаңа мүшелер мен жақтастардың қатары артып келеді.

«Есіктен есікке» акциясы аясында 30 мың тұрғын қамтылды

Ұлытау облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда.

Акция барысында Құрылтайға кандидаттар, партия өкілдері, Жастар Рухы облыстың қала, аудан және елді мекендеріндегі тұрғындармен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстыруда. Сонымен қатар азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалды.

Бүгінде акция аясында 30 мың тұрғын қамтылып, 16 мың сайлауалды ақпараттық лифлет таратылды.

«Есіктен есікке» акциясы – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, халықтың нақты ұсыныстары мен мәселелерін білуге бағытталған маңызды жұмыс. Кездесулер барысында айтылған ұсыныстар партияның алдағы жұмысының негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді», – дейді кандидат Нұрүл Талғатбекова.

Алдағы уақытта облыстық Қарттар үйіне барып, акция өткізу жоспарлануда. 

«Әділет» партиясы аға буынның лайықты өмір сүруіне жағдай жасауды көздейді

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы «Есіктен есікке» акциясы аясында Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Федор Ковалевтің шаңырағына барды.

Биыл 99 жасқа толатын Федор Ковалев майданнан кейін ұзақ жыл еңбек еткен. Бүгінде ол – үлкен әулеттің ақсақалы. Штаб мүшелері ардагердің амандығын біліп, әңгімесін тыңдады және партияның сайлауалды бағдарламасындағы аға буынға қатысты бағыттарды таныстырды.

«Мен сайлаудан ешқашан қалған емеспін. Елдің ертеңіне қатысты таңдау жасалғанда әр азамат өз дауысын беруі керек. Әзірге шаңырағыма келіп, бағдарламасын түсіндірген – «Әділет» партиясының өкілдері. Бағдарламадағы үлкенді құрметтеу, еңбек адамын қадірлеу, аға буынның тұрмысы мен медициналық көмектің қолжетімділігіне қатысты ұсыныстары көңіліме қонды. Өзге партиялардың бағдарламасымен таныс емеспін. Биыл да сайлауға барамын. Таңдауымды жасап қойдым», – деді Федор Ковалев.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында аға буынға қамқор болу лайықты тұрмыс жағдайын жасау, қолжетімді медицинаны қамтамасыз ету және қажымай, мәнді өмір сүруге мүмкіндік берумен байланыстырылған.

Бағдарламада белсенді зейнеткерлерді қоғамдық жұмысқа, тәлімгерлікке және еріктілер қозғалысына тарту, аға буынға арналған цифрлық сауат бағдарламаларын жалғастыру ұсынылған. Сондай-ақ жалғызбасты қарттар мен үнемі қолдауға мұқтаж мүгедектігі бар азаматтарға үйде әлеуметтік көмек, патронаж күтімі және қашықтан медициналық сүйемелдеу көрсетілетін ұзақмерзімді бағып-қағу жүйесін құру көзделген.

Айта кетейік, «Есіктен есікке» акциясы аясында штаб мүшелері елді мекендерді аралап, тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, олардың ұсыныс-пікірлерін жинап жүр.

Халықпен тікелей байланыс – өзекті мәселелердің алаңы

Шымкент қаласындағы «Food City» базарында «Әділет» партиясының өкілдері мен тұрғындар арасында экспромт форматта кездесу өтті.

Кездесу барысында базардағы саудагерлер мен қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Еркін форматтағы әңгіме барысында кәсіпкерлікті қолдау, сауда орындарындағы жағдайды жақсарту, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік жасау, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын ашық қойып, күнделікті өмірде кездесетін мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Партия өкілдері азаматтардың сауалдарына жауап беріп, айтылған ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті.

Осындай тікелей кездесулер халықтың пікірін тыңдап, нақты ұсыныстарды назарға алуға мүмкіндік береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:52
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 11:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары