Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әділетті болашақ үшін сайлауалды бағдарламасының өзегі Ата заңда бекітілген құндылықтардан тұрады

Әділетті болашақ үшін сайлауалды бағдарламасының өзегі Ата заңда бекітілген құндылықтардан тұрады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Петропавлдықтар «Алтын Арман» базарында көкейіндегі сауалын қойды

«Алтын Арман» базары – қала тұрғындары күнделікті сауда жасауға келетін орындардың бірі. Сондықтан дәл осы жерде «Әділет» партиясының мобильді үгіт-насихат тобы қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен өңірлік сайлауалды штабының өкілдері сатып алушылармен және кәсіпкерлермен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында тұрғындар түрлі мәселелерді көтерді. Бірі қаладағы жекелеген шағын аудандардағы жолдар мен аулалардың жай-күйіне алаңдаушылық білдірсе, енді бірі шағын бизнесті қолдау, медициналық көмектің қолжетімділігі және отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы сұрады. Сондай-ақ қаланы абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелер де қозғалды.

Жүзге жуық тұрғын кандидаттармен жеке жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысуға және ақпараттық материалдар алуға мүмкіндік алды.

«Біз үшін партияның бағдарламасын таныстыру ғана емес, өз пікірін білдіруге дайын әрбір азаматтың ойын тыңдау да маңызды. Осындай кездесулер арқылы бүгінгі күні халық үшін ең өзекті мәселелердің қандай екенін тереңірек түсінеміз. Базарда адамдар өз ауласы мен қаласында болып жатқан жағдайлар туралы ашық әрі тікелей сұрақтар қояды. Мұндай ашық әңгімелер тұрғындар үшін өте маңызды», – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Айымгүл Әбілева.

Мобильді үгіт-насихат тобының жұмысына сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидат Ольга Перепечина, өңірлік сайлауалды штабының мүшелері Александр Зель, Азамат Қасенов, Вадим Мусин және Олег Колтунов, сондай-ақ «Жастар Рухы» жастар қанатының 20-ға жуық белсендісі қатысты. Олар базар аумағын аралап, келушілерге ақпараттық материалдар таратып, ашық пікір алмасуға шақырды. 

Штаб өкілдері «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясының» ұжымымен кездесті

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында «Әділет» партиясы ШҚО сайлауалды штабының өкілдері «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті.

Қазіргі уақытта екі бірдей, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының халқына электр энергиясын жеткізіп отырған компанияда үш мыңнан астам адам еңбек етеді.

Кездесуге қатысқан Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының төрағасы, Құрылтай депутаттығына үміткер Жанат Мекеева «Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында еліміздің энергетика инфрақұрылымын дамыту мен энергетика қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне айрықша көңіл бөлінгенін атап өтті.

– Біздің міндетіміз – еліміздің энергетика қауіпсіздігіне сеп болу, дәстүрлі энергетиканың бәсекедегі артықшылықтарын сақтап қалу, заманауи генерация көздерін дамыту, Қазақстан ішінде шикізатты қайта өңдеуді арттыру және энергетика секторы ресурстарды экспорттап қана қоймай, өнеркәсіптің, инвестициялардың және өнімділігі жоғары жұмыс орындарының өсуіне негіз болатындай жағдай жасау. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында осы бағыттарда атқарылатын жұмыстар нақты көрініс тапқан, – деді Жанат Мекеева.

Партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі жеті мақсаттың бірі – осы энергетика саласына қатысты болып тұрғанын айту керек. Онда «Қазақстан – негізгі азық-түлік пен энергетика ресурстары өзіне толық жететін ел болса. Азық-түлік және энергетика жағынан 100% дербестік пен қауіпсіздікке қол жеткіземіз» делінген.

Әділетті қоғамның негізі – еңбекке құрмет көрсету

«Әділет» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабы кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Еңбек адамы өзін қорғалғанын сезінбейінше, әділетті қоғам туралы айту қиын. Осы ұстаным «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабы мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері арасындағы кездесудің басты тақырыбына айналды. Тараптар еңбек құқығын қорғаудан бастап әлеуметтік әріптестікті күшейтуге дейінгі өзекті мәселелерді ашық айтты.

Семейде Alikhan Bokeikhan University алаңында өткен кездесуге Құрылтайға кандидаттар Шалқар Байбеков, Айрат Базенов, облыстық сайлауалды штабтың мүшесі Ернар Тоқтаров және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты. Басқосуды штаб мүшесі Лилия Муслимқызы жүргізді.

Кездесу барысында Шалқар Байбеков еңбек адамының құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту – әділетті қоғамның негізгі қағидаты екенін атап өтті.

«Кәсіподақтың миссиясы тек туындаған мәселені шешумен шектелмеуі керек. Оның басты рөлі – жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікке негізделген еңбек мәдениетін қалыптастыру. Әр адам өз құқығының қорғалатынына сенімді болғанда ғана еңбек өнімділігі артып, қоғамда тұрақтылық пен даму үшін берік негіз қаланады», – деді Айрат Базенов.

Штаб мүшесі Ернар Тоқтаров партияның сайлауалды бағдарламасындағы азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жөніндегі бастамаға тоқталып, бұл мақсат сапалы медицинамен, қауіпсіз еңбек жағдайымен және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттырумен тікелей байланысты екенін айтты.

Кәсіподақ ұйымдарының өкілдері еңбек заңнамасын жетілдіру, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу соңында қатысушылар «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы еңбек адамының құқықтарын қорғау мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалардың өзектілігін атап өтті. 

«Әділет» партиясы үшін ең үлкен саяси капитал – халықтың сенімі 

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы сайлауалды штабының облыс тұрғындарымен кездесулері белсенді түрде жалғасуда. Бүгін партия өкілдерінің кезекті қоғамдық пікір алмасу алаңы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде ашылды. Жаңа Конституцияның бұлжымас қағидаттарын қызметінің өзегіне айналдырған «Әділет» партиясының бағдарламалық құжатымен танысуға 500-ге жуық аудан тұрғындары қатысып, Құрылтай депутаттығына кандидаттарға ауданның өзекті мәселелерін жеткізіп, партияның алға қойған мақсаттары аясында өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Азаматтармен кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидаттар Нұрлан Толыбаев, Нұрсадық Ергешбек, Динара Егамбердиева, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, штаб мүшелері Полат Тұрсынбаев, Ләззат Асанова, аудандық сайлауалды штаб мүшелері қатысып, сайлаушылармен бетпе-бет әңгіме құрды. 

Жиынды ашып, жүргізген облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев жаңа Конституция Қазақстанның жаңа тарихын бастап бергенін, ендігі басты міндет – онда бекітілген қағидаттарды нақты өмірде жүзеге асыру екенін жеткізді. Осы тұрғыдан алғанда, «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының өзегі Ата заңда бекітілген құндылықтардан тұратынын айтты.

Өз кезегінде сөз алған облыстық партия филиалының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Нұрлан Толыбаев азаматтармен өткен әр кездесуді есеп беру үшін емес, ортақ шешім іздейтін алаң ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Бүгінгі қоғам өзгерді. Азаматтар енді әдемі сөзден гөрі, нақты нәтижеге сенеді. Сондықтан біз халықтың алдына дайын ұранмен емес, ашық ұстаныммен келіп отырмыз. Созақтың әр тұрғыны көтерген мәселе – партия үшін де, мемлекет үшін де маңызды. Заңның үстемдігі, әділ экономика, қуатты өңірлер туралы айтқанда, біз оны нақты ауылдардың тағдырымен байланыстырамыз. Себебі елдің күші –ауылдағы адамның өмір сапасымен өлшенеді. Егер халықтың сенімін ақтай алмасақ, кез келген бағдарламаның құны болмайды. Ал сенім бар жерде жауапкершілік бар. Біз сол жауапкершіліктен ешқашан қашпаймыз. «Әділет» партиясы үшін ең үлкен саяси капитал – халықтың сенімі, ал ең үлкен міндет – сол сенімді нақты іспен ақтау», – деді Нұрлан Әлішерұлы.

Партия жоспарын таныстыруға арналған кездесу дәстүрлі хабарламалармен шектелген жоқ. Залда еркін пікір алмасу өрбіді. Созақ тұрғындары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыз су, жол сапасы, жайылым мен суармалы жер мәселелері, жастарды жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын қолдау, шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстары мен сауалдарын ашық қойды. Кандидаттар әр сұраққа нақты жауап беріп, өз ұстанымдарын дәлелдермен негіздеді. Жиын барысында шынайы пікірталас өрбіп, ашық диалог қалыптасты.

Кездесу барысында Созақ өңірі стратегиялық маңызы бар кен өндіретін аудан екені айтылып, экологиялық қауіпсіздікті қамту бойынша басымдықтарға назар аударылды. Аймақтың дәстүрлі түрде мал шаруашылығына бейімделгені, осы сала бойынша атқарылатын мәселелер жан-жақты қамтылды. Жастар үшін қолайлы мүмкіндіктер қалыптастыру, ауылдық елді мекендердің тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері де кеңінен қозғалды. Уран өндірісінің зиянын айтқан тұрғындар, ауданда кедергісіз орта қалыптастыру, жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер, кәсіпкерлікті дамыту бойынша беріліп жатқан жеңілдетілген несиелердің тиімділігін арттыруда, бақылауды күшету мәселелері қозғалды. 

Тұрғындар көтерген әр сауалдың артында бір отбасының тағдыры, бір ауылдың болашағы тұрғанын Құрылтай депутатығына кандидаттар Нұрсадық Ергешбек пен Динара Егамбердиева жеткізді. Сондықтан біз үшін ең маңыздысы халықпен осындай ашық әңгіме жүргізу екенін, дәл осындай кездесулер дұрыс шешім қабылдауға негіз болатынын айтты. Осы ойды жалғастырған Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов Созақтың даму әлеуеті жоғары екенін айтты 

«Созақтың болашағы туралы айтқанда, біз тек бір ауданның мәселесін талқылап отырған жоқпыз. Біз Түркістан облысының ертеңі туралы айтып отырмыз. Созақтың еңбекқор адамдары, табиғи байлығы, өндірістік әлеуеті мен жас буыны бұл өңірдің үлкен мүмкіндігі екенін көрсетеді. Ендігі міндет – сол мүмкіндікті нақты нәтижеге айналдыру. Халықтың бүгін айтқан ұсыныстары мен көтерген мәселелері міндетті түрде назарға алынады. Өйткені өңірдің тағдырын халықтың өзінен артық ешкім білмейді. Халықтың үніне сүйенген саясат қана әділетті әрі нәтижелі болады», – деді Нұралы Әлмаханұлы.

Кездесу қорытындысында аудан тұрғындары партия ұсынған бастамалардың жаңа Конституцияда айқындалған әділдік қағидаттарымен үндесетінін атап өтіп, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының артықшылықтары туралы пікірін айтты. Қатысушылар ашық диалогтың өңірлік мәселелерді шешуге және халық пен саяси институттар арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 12:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары