Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ағымдағы шот қаржысына пайыз есептеу: Банктер мұндай қадамға бара ма?

Ағымдағы шот қаржысына пайыз есептеу: Банктер мұндай қадамға бара ма?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Елімізде банк және банк қызметі туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ағымдағы шоттардағы қаражатқа пайыз есептеу мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Қаржыгер Ғалым Құсайынов бұл өзгерістердің формасы мен мазмұны арасында алшақтық бар екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.

Енді банктер ел азаматтарының ағымдағы шоттарына жылдық 1%-дан аспайтын мөлшерде сыйақы есептеуге құқылы. Тиісті тыйымның күші жойылды. 16 қаңтарда Президент «Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы» Заңға, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге ілеспе түзетулерге қол қойды. Осы құжаттар аясында Азаматтық кодекстің 751-бабына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер енгізілгенге дейін ағымдағы банк шотына орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейтін. Қазіргі уақытта Азаматтық кодекстің 751-бабының 2-бөлігі мынадай редакцияда мазмұндалған: «Ағымдағы банк шотына орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшері жылдық бір пайыздан аспауға тиіс».

Айта кетейік, бұған дейін ағымдағы шоттар бойынша сыйақы есептеу Қазақстанның банк тәжірибесінде болған еді.

Депутат клиенттердің ағымдағы шотындағы сомаға пайыз есептеуді ұсынды

Тыйым алынды, бірақ мәселе шешілді ме?

Қаржыгер Ғалым Құсайыновтың айтуынша, бұрынғы жүйеде банк секторы пайдасына айқын теңсіздік қалыптасты.

«Қазақстанда бұрыннан бір қисынсыз жағдай болды: бизнес пен жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы қалдық банктер үшін тегін ресурсқа айналды. Ұлттық банк банктерге базалық мөлшерлемеден 1% төмен, яғни 17% төлеп отырған кезде, сол банктер жылына шамамен 6 трлн теңге көлеміндегі ақшаны тегін пайдаланды. Бұл банктер пайдасына жылына шамамен 1 трлн теңге көлеміндегі айқын теңсіздік», дейді ол.

Алайда тыйым алынғанымен, заң реттеуші органға пайыздық мөлшерлемені шектеу құқығын қалдырды.

«Тыйым алынды, бірақ заң іс жүзінде реттеушіге ағымдағы шоттар бойынша шекті мөлшерлемені өзі белгілеуге мүмкіндік береді. Қазір бірнеше дереккөзден бұл мөлшерлеме 1% деңгейінде шектелуі мүмкін екенін естіп жүрмін. Бұл жағдайда тыйымды алып тастау туралы шешім тек декоративті сипатқа ие болады», деп атап өтті қаржыгер.

Депозит пен ағымдағы шот

Реттеушінің негізгі уәжі – ағымдағы шоттарға пайыз төленсе, депозиттік база әлсірейді деген қауіп. Алайда Ғалым Құсайынов бұл уәжді отандық нарық шындығы жоққа шығаратынын айтады.

«Реттеушінің басты аргументі – депозиттік базаның «каннибализациясынан» қорқу. Логика мынадай: егер ағымдағы шотқа пайыз төленсе, адамдар депозит ашпайды, банктер тұрақты қорландырудан айырылады», дейді ол.

Алайда іс жүзінде депозит пен ағымдағы шоттың арасы жойылған.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда стандартты депозит өзінің қасиеттері бойынша ағымдағы шоттан іс жүзінде ерекшеленбейді. Көптеген салымдардан ақшаны кез келген уақытта, жинақталған сыйақыны жоғалтпай шешіп алуға болады. Бұлар – мерзімсіз депозиттер. Нәтижесінде бұл құралдардың арасындағы шекара толық жойылды», дейді Құсайынов.

Оның айтуынша, екі жағдайда да өтімділік тәуекелі бірдей. Сондықтан пайызды жасанды түрде шектеу мәселені шешпейді. 

«Ағымдағы шотта да, «мерзімді» депозитте де ақша клиент үшін толық өтімді. Бұл банк үшін өтімділік тәуекелі екі жағдайда да бірдей деген сөз: салымшы ақшаны картадан да, депозиттен де бір сәтте шығарып ала алады. Ағымдағы шоттар бойынша мөлшерлемені 1% деңгейіне дейін төмендету банктердің өтімділік тәуекелін азайтпайды. Ол тек банктерге клиенттің ағымдағы шотта жатқан ақшасын пайдаланғаны үшін төлемеуге мүмкіндік береді. Қазақстанда шешіп алуға болмайтын мерзімді депозиттер енгізуге талпыныс болды, бірақ олардың үлесі депозиттер құрылымында 15%-дан аспайды, ең бастысы – оларды да мерзімінен бұрын шешіп алуға болады», дейді қаржыгер.

Әлемдік тәжірибе және қайталанып жатқан қателік

Ғалым Құсайынов бұл мәселе бойынша әлемдік тәжірибеге, әсіресе АҚШ мысалына назар аударуды ұсынады.

«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елдер тыйым салу тәжірибесінен бас тартып жатыр. Ең үздік мысал – АҚШ. Ағымдағы шоттарға пайыз төлеуге тыйым салу – Қазақстанға ғана тән емес, бұл – әлем бұрын жіберген қателік. АҚШ-та 1933 жылдан бастап «Q ережесі» деген норма болды, ол талап етілетін шоттарға пайыз төлеуге тыйым салды. Бұл тыйым 2011 жылы толық жойылды», дейді Құсайынов.

Америкалық реттеуші бұл тыйымның зиянын үш себеппен түсіндірген және бұл себептер бүгінде Қазақстанда да қайталанып отыр.

«Біріншіден, ақша көлеңкеге кетеді. Банктерде табыс көрмеген клиенттер өтімділікті ақша нарығы қорларына шығарады. Тыйым банктерді қорғамады, керісінше, оларды қорландыру базасынан айырды. Қазақстанда қазір валюталық депозиттер мен қалдықтар бойынша дәл осындай жағдай болып жатыр: адамдар өтімділікті шетелдік қор нарығына немесе қолма-қол ақшаға шығарып жатыр. 

Екіншіден, «балдақ экономикасы» пайда болады. Тыйымды айналып өту үшін банктер мен корпорациялар күрделі схемалар жасайды: ақша түнде табысты шотқа автоматты түрде ауыстырылып, таңертең қайтадан ағымдағы шотқа қайтарылады. Бұл экономикалық мәні жоқ, инфрақұрылымға артық салмақ түсіреді. Қазір көптеген банк мұндай қызметті ірі компанияларға ұсынып отыр, ал Freedom Bank депозиттік шотқа байланған картаны іске қосты.

Үшіншіден, шағын бизнестің бәсі төмендейді. Ірі корпорациялар тыйымды айналып өте алады, ал шағын бизнес ақшасын 0% мөлшерлемемен ұстауға мәжбүр. Қазақстанда бұған қоса бюджеттік ұйымдар да зардап шегіп отыр: оларға заң бойынша депозитке ақша орналастыруға тыйым салынған. Соның салдарынан бюджет жылына орта есеппен 200-300 млрд теңге табыстан қағылады, ал бұл қаражат банктердің пайдасына кетеді», дейді қаржыгер.

Монополияның күшеюі және рекордтық пайда

Қаржыгердің айтуынша, қазіргі тәсіл банк секторында айтарлықтай мәселе тудырады.

«Қазақстан бүгінде осы тәжірибені елемей отыр. Нарыққа адал баға қалыптастырудың орнына, біз клиенттерді артық қимыл жасауға мәжбүрлейміз: ақшаны картадан депозитке, депозиттен картаға қайта-қайта аудару немесе банктерге тегін ресурс сыйлау.

Базалық мөлшерлеме 18% болған жағдайда, банктер шамамен 6 трлн теңге көлеміндегі ағымдағы шоттар арқылы 0-1% мөлшерлемемен қаржыланады. Бұл банк секторына аномалды табыс әкеліп отыр. 2025 жылдың 11 айында банктердің таза пайдасы 2,5 трлн теңгеден асты, ал меншікті капиталдың табыстылығы 30%-ға жетті. Бұл Қазақстанның ірі банктерін әлемдегі ең табысты қаржы институттарына айналдырып отыр, мұндай табыстылық қазір бірде-бір ірі халықаралық банкте жоқ», дейді қаржыгер.

Қаржыгердің айтуынша, бұл жағдай нарықтағы шоғырлануды күшейтеді. Сонымен қатар пайданы ішінара алу үшін валюталық депозиттерге міндетті резервтік талаптар (МРТ) мөлшерлемесін көтеру де мәселеге айналады.

«Ағымдағы шоттар тең бөлінбеген, олар негізінен алғашқы бес банкке шоғырланған. Ірі банктер тегін ақшаның үлкен көлеміне қол жеткізіп, одан әрі күшейіп келеді. Ал орта және шағын банктерде мұндай транзакциялық база жоқ, олар қымбат депозит тартуға мәжбүр болып, маржиналдылықта ұтылады. Пайданы ішінара алу валюталық депозиттерге жоғары МРТ енгізу арқылы жасалмақ. Алайда бұл екі мәселеге алып келеді. Біріншіден, МРТ бүкіл секторға қолданылады, ал артық табыс тек алғашқы бес банкте шоғырланған. Соның салдарынан МРТ шын мәнінде шағын және орта банктерге соққы болып тиеді және секторға кіруді одан әрі қиындатады. Бұл өз кезегінде нарықтағы монополияны күшейтеді», дейді Ғалым Құсайынов.

Түйіндей келгенде, банктердің бағы жанып, халықтың қалтасы қағылған заманда, «ерекше жол» емес, әділ нарық қана құтқарады. Әйтпесе, 2,5 триллион теңге пайда тапқан банктердің қасында халықтың нақты табысының 2%-ға төмендеуі – үлкен трагедия.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 18:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары