Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Табыс теңсіздігі тереңдеп бара ма?

Табыс теңсіздігі тереңдеп бара ма?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елімізде табыс деңгейіне байланысты әлеуметтік жіктелу үдерісі тереңдей түскені байқалады. Жоғары табыс табатындар мен күнкөріске қажетті ең төменгі кіріспен өмір сүріп жүрген азаматтардың арасындағы айырмашылық жылдан-жылға алшақтап барады. Бұл үрдіс халықтың әлеуметтік құрылымына, әсіресе орта таптың әлсіреуіне айтарлықтай әсер етіп отырса керек.

Ranking.kz зерттеуіне сүйен­сек, қазір табысы ең төмен азаматтар мен ең дәулеттілердің кірісі арасындағы айырмашылық 6 есеге жеткен. Елдегі жалпы табыстың 24 пайызы бақуатты азаматтар­дың еншісіне тиесілі болса, табысы 1 млн теңгеден асатын еңбеккерлер саны небәрі 112 мың адамды немесе жұмыс істейтіндердің 3,3 пайызын ғана құрап отыр. Ал айына 100 мың теңгеден аз табыс табатын азаматтар саны 210 мыңға жуықтаған. 

Жоғары жалақы ең алдымен қаржы және сақтандыру саласында тіркелген. Бұл салада 1 млн теңгеден жоғары табыс алатындар үлесі – 13,9%. Ақпарат және байланыс секторында – 12,6%, ғылыми және техникалық қызмет түрлерінде – 10,1%. Бұл көрсеткіштер ел эко­номикасындағы табыс тең­герімсіздігін нақты айқындайды.

Ал мемлекеттік қызметтегі жағдай басқаша. Айына 1 млн теңгеден көп табыс табатындар 1%-ға да жетпейді. Төмен жалақы алатындар көбіне қызмет көрсету мен ауыл шаруашылығында. Әкімшілік пен қосалқы қызмет көрсету саласында айына 100 мың теңгеден аз табыс алатындар – 18,4%. Ауыл шаруашылығында мұндай адамдар – 12,2%.

Кейінгі бес жылда елдегі мүліктік теңсіздік те айтарлықтай артқан. Global Wealth Report 2025 дерегінше, 2019–2024 жылдар аралығында еліміздің  Джини коэффициенті 3 деңгейге өскен. Бұл коэффициент табысы жоғары яки төмен азаматтардың жай-күйін саралайтын көрсеткіш. Егер ол 0-ге жақын болса, қоғамда теңдік бар, ал 1-ге жа­қындаса, байлық аз ғана адамның қолында деген сөз. Біздің халді жоғарыдағы есепке қарап-ақ бағамдай беруге болады.

Мұндай үрдіс тек бізде ғана емес. Мысалы, Нидерландта теңсіздік 5 деңгейге, Аустрияда 4 деңгейге артқан. Ал Қытай мен Қазақстанда өсім 3 деңгей, Үндістанда 2 деңгейге көбейген. Керісінше, кей дамыған елдерде жағдай жақсарған. АҚШ, Франция және Финляндияда бай мен кедей арасындағы алшақтық 3 деңгейге қысқарған. Швейцария мен Ұлыбританияда да теңсіздік 2 деңгейге төмендеген.

Экономист Жарас Ахметовтің айтуынша, елде кейінгі жылдары экономикалық өсім байқал­ғанымен, бұл жетістік қоғамның барлық бөлігіне бірдей әсер етіп жатқан жоқ.

«Еліміз 2016–2021 жылдардағы тежелу кезеңін еңсерді. Ол кезде әлемдік мұнай бағасының құлдырауы мен COVID-19 пандемиясы экономиканы қиындатқан еді. Кейінгі жылдары жағдай түзеле бастағанымен, өсімнің нәтижесі қарапайым халықтың өміріне айтарлықтай ықпал етпеген. Керісінше, бай мен әлеуметтік аз қамтылғандардың арасын­дағы алшақтық ұлғайып барады. Бұған себеп көп. Халықтың көп бөлігі экономикалық өзгерістерге белсенді араласпайды. Бұл олар­дың даму үдерісінен тыс қалып, әлеуметтік теңсіздікті күшейтуіне әкеліп отыр», дейді экономист.

Ал экономист Сапарбай Жобаев мәселенің мәнісі басқада дейді. Оған бірнеше фактор әсер етіп отыр.

«Ел экономикасы кейінгі жылдары айтарлықтай дамыды. Көрші елдермен, әсіресе ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда көрсеткіштер жаман емес. Десе де бірнеше тиімсіз шешімдер қаржылық теңсіздік туғызып отыр. Мысалы, зейнетақы қорындағы қаражатты ерте шешіп алуға рұқсат беру – сондай шешімнің бірі. Үкімет белгілі бір сомадан артық жинақтаған азаматтарға ақшасын үй алуға немесе емделуге жұмсауға мүмкіндік берді. Бұл бақуаттыларға тиімді болды, себебі олардың шотында қаражат көп еді. Ал қарапайым азаматтарға ондай мүмкіндік жетпеді. Осы шешімнің салдарынан ақша айналымы көбейіп, жалпы экономикада 9 триллион теңге көлемінде қозғалыс болды. Бұл байлардың табысын арттырып, инфляцияны күшейтті. 2022 жылы елде инфляция 23% деңгейіне жетті», деп түсіндіріп берді сарапшы.

Оның айтуынша, екінші себеп – жалақы айырмашылығы. Үкімет орташа жалақыны 430 мың теңге деп көрсетеді. Бірақ бұл нақ­ты жағдайды бейнелемейді. Мысалы, он адамның тоғызы 100 мың теңге алса, біреуі миллион табады. Орташа есеппен бәрі 200 мың алады деп шығады. Шындығын­да, халықтың жартысынан көбі 150-200 мың теңге шамасында табыс табады. Ал министрлер, әкімдер мен ұлттық компания басшылары ай сайын 3-5 миллион теңге алады. Әр жылы инфляцияны желеу етіп, өз жалақысын да өсіріп отырады. Ал еден жуушы мен медбике сияқты қызметкерлерге бар болғаны 10 мың теңге қосылады. Осылайша, табыс айырмашылығы жылдан-жылға ұлғайып жатыр.

«Үшінші мысал – субси­дия жүйесі. Үкімет ауыл шаруа­шы­лығына триллиондаған теңге бөлініп жатыр деп мәлімдейді. Бірақ бұл қаржы қарапайым фермерге жетпейді. Өтінім беру жүйесі күрделі, интернет пен ком­пьютер қолжетімсіз. Ал негіз­гі қаржы ірі кәсіпкерлер мен оли­гархтардың қалтасына түседі. Таңданатын шығарсыз, бірақ осы түйткілге жанармай баға­сы­ның да қатысы бар. Үкімет бензинді халыққа арзан бағамен ұсынамыз дейді. Бірақ мұнай өңдеумен айналысатын зауыттар мен ірі компания­лар мемлекеттен жүздеген миллиард теңге субсидия алады. Арзан жанармай кейін көрші елдерге контрабанда арқылы сатылып, табыс жеке қалтаға кетеді. Өзбекстан мен Қырғызстанда бензин бағасы 400-500 теңге, ал бізде 235 теңге шамасында. Сол айырмашылық арқылы ал­пауыттар үлкен пайда тауып отыр. Бензинді шекарадан заңсыз өткізу он жылдан бері тоқтамай келеді», дейді С.Жобаев.

Сарапшы егер әділдік орнат­қымыз келсе, табысы жоғары азаматтар көбірек салық төлеуі керек дейді. Мысалы, айына 750 мың теңге табатындар 15%, миллион теңге табатындар 20%, ал 1,5 миллионнан көп табатындар 25% төлеуге тиіс. Сонда ғана бюджет толық, қоғам тең болар еді. Прогрессивті салық жүйесі туралы Президент 2019 жылы айтқан еді. Бірақ оны енгізуге алты жыл кетті.

Мәселенің шешімін салықтан табамыз ба деп, үңілсек, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдан бас­тап жеке табыс салығын есептеу ережелері өзгеретінін айтты. Енді табысы жоғары азаматтар көбірек салық төлейді. Комитет қызметкері Айгүл Аббасованың айтуынша, жаңа жүйе прогрессивті шкала түрінде енгізіледі. Яғни табысы аз адамдар бұрынғыдай 10% мөлшерлемемен төлейді, ал табысы жоғары азаматтар үшін салық мөлшері артады.

«2026 жылдан бастап жылдық табысы 8500 АЕК-тен (шамамен 36 млн теңге) асатын жеке тұлғалар 15% мөлшерлемемен салық төлейді. Салық тек жалақыға емес, азаматтың барлық кірісіне, яғни бірнеше жұмыстан табатын табысына немесе шетелден алатын кірісіне де қолданылады. Бірақ жеке кәсіпкерлердің және дивиденд иелерінің табысы бұл санатқа кірмейді. Адам табысты бірнеше жерден алуы мүмкін. Бірнеше жұмыс істейтіндер бар, кейбірі жеке кәсіптен немесе шетелден де табыс табады. Сол себепті әр азамат өз кірісін жыл соңында өзі есептеп, табысының жалпы көлеміне қарай осы прогрессивті шкаланы қолдануға тиіс», дейді маман.

Жалпы, экономикада «Trickle-down economics» деген саяси көзқарас бар. Бұл ағылшын тілінен аударғанда «байлықтың тамшылап түсу теориясы» дегенді білдіреді. Яғни байлар мен ірі кәсіпкерлердің табысы артса, олардың инвести­циясы да көбейеді. Сол инвестиция жаңа жұмыс орындарын ашады, экономика жанданады, сөйтіп қарапайым халықтың да жағдайы жақсарады. Мысалы, кәсіпкер жаңа зауыт салып, жүздеген адамды жұмысқа алады немесе бизнесін кеңейтіп, қызметкерлердің айлығын көтереді. Сырт көзге бұл экономикаға серпін беретіндей көрінеді. Алайда көптеген елде осы тәтті теориямыз тасада жатады. Көптеген экономис пен халықаралық ұйымдардың зерт­теулері мұндай жүйе табыс­тың шынайы тең бөлінуіне алып келмейтінін көрсетті. Байлық көбіне жоғары таптың өзінде қалып, қарапайым халыққа там-тұмдап қана жетеді.

Бірақ Дания, Швеция, Нор­вегия сияқты елдерде бұл жүйе дұрыс жұмыс істейді. Мемлекет бай­лар­дың салығынан түскен қара­жатты халыққа қайта бағыттап, әлеуметтік теңдікті сақтап отыр. Біз де осы жолға түстік, діттеген меже де алыс емес шығар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 15:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары