Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылуы үшін жазаланатынын ескертті

Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті

Атажұртқа оралу азапқа айналып бара ма?

Атажұртқа оралу азапқа айналып бара ма?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қандастарға қатысты жаңа пилоттық жоба елге ораламын деген қазаққа кедергі болып отыр – бұл мәселе Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында өткен дөңгелек үстелде ашық айтылды. Жиында көші-қон заңнамасындағы өзгерістердің шынайы өмірге сай келмейтіні, құжат рәсімдеу үдерісінің күрделеніп кеткені сынға алынды. Қатысушылардың сөзінше, қандас мәртебесін алу, азаматтыққа тапсыру, өңірге қоныстандыру және әлеуметтік қолдау тетіктерін қайта қарау қажет. Сондай-ақ олар артық бюрократиялық талаптарды қысқартып, цифрлық қызметтерді нақты іске қосу және көші-қон саясатын жеңілдету керек екенін мәлімдеді.

Жиында сөз алған журналист, Қалиақбар Ағлан, пилоттық жоба биыл 13-18 ақпан аралығында ресми түрде іске асқанын еске салды. Оның айтуынша, мәселе тек шетелдегі ағайынға қатысты емес, ел ішіндегі миллионнан астам қандастың тағдырына да тікелей әсер етеді.

«Қазақстанда шетелден көшіп келген 1,5 миллион қандасымыз бар. Ал алыс-жақын шетелде 10 миллионға жуық қазақ өмір сүріп жатыр. Бұл – демографиялық та, ұлттық та, стратегиялық та мәселе. Президент шетелдегі қазақтың басын атажұртқа қосу – қасиетті парызымыз екенін айтты. Отандастар форумында дүниежүзіндегі қазақтың жалғыз Отаны – Қазақстан деп кесіп айтты» – деді ол.

«Қазақстанның әр азаматы қандас секілді қазақ тілінен тест тапсыра ала ма?»

Қалиақбар мырза жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары айқын бекітілгенін атап өтті. Алайда пилоттық жоба талаптары сол нормалармен қабыспайтынын ашық айтты.

Журналист қандастарға қойылып отырған нақты талаптарды да атады. Оның айтуынша, бүгінде елге келетін этникалық қазақтар үш негізгі тосқауылға тап болып отыр: сотталмағаны туралы анықтама, тіркеуден шыққаны жөніндегі құжат және қазақ тілінен тест тапсыру міндеті.

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – дұрыс бағыт. Бірақ Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат дәл сол деңгейдегі тесті тапсыра ала ма? Қазақта «Алдымен пышақты өзіңе сұқ, ауырмаса өзгеге сұқ» деген сөз бар. Біз өзіміз мемлекеттік тілдің мәселесін толық шешпей тұрып, атажұртына оралып жатқан қандасқа емтихан талабын қою – әділетті ме? Бұл талап қолдау емес, керісінше, тосқауыл болып тұр», – дейді Қалиақбар Ағлан.

Сондай-ақ ол этникалық қазақтар мигранттармен теңестірілмейтінін еске салды. Алайда жаңа талаптардың мазмұны сол ұстанымға қайшы келіп отыр.

 

«Шетелден келетін қазақ – мигрант емес. Ол – тарихи Отанына оралып жатқан қандас. Біз ұлы даланың мыңжылдық сабақтастығы туралы айтамыз. Ал шетелдегі қазақтармен бөлініп қалғанымызға үш жүз жыл бола қойған жоқ. Үш жүз жылдық сабақтастықты қайырып қойып, мыңжылдықты дәріптеу артық дер едім. Бұл арада адам құқықтары мен еркіндігі мәселесіне мән беру керек», – деп түйіндеді ол.

Саяси қуғынға ұшыраған қандастар қайтпек?

Сонымен қатар Қалиақбар мырза сотталмағаны туралы анықтама талабына да бөлек тоқталды. Оның пікірінше, бұл мәселені біржақты емес, тарихи және саяси жағдайды ескере отырып қарастыру қажет.

«Қазақта «Жақсы ат кермеде, жақсы жігіт түрмеде» деген сөз бар. Тарихқа көз жүгіртсек те, қазақтың талай марқасқалары түрмеде отырды. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Иман Жүсіп, Балуан Шолақтар түрменің қара нанын балдай татып келген жоқ па? Олар өз ұлтын сүйгені үшін, халқын құрметтегені үшін отырды. Сондықтан ол кездегі үкім олардың ұлтын сүйгеніне берілген «жаза» еді», – деді ол.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда да шетелде түрлі саяси жүйеде өмір сүріп жатқан қазақтардың жағдайы бірдей емес. Кейбір елдерде Қазақстанмен байланыс орнатқаны үшін қудалауға ұшыраған азаматтар бар. Ол «Әділетті Қазақстан» қағидатын алға тарта отырып, сотталған қазақтың бәрін қылмыскер ретінде қарауға болмайтынын айтты.

«Әділетті Қазақстан құрып жатқан ел осыны қаншалықты түсініп отыр? Сотталған қазақтың бәрі жаман ба? Мәселе – саяси көзқараста. Кейбір елдерде қылмыс ретінде бағаланып, 3-4 жылға сотталған іс Қазақстанда мүлде қылмыс болып саналмауы мүмкін, себебі бізде еркіндік бар. Біз демократиялық елде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ демократиясы жоқ елде тұратын қазақ азаматтардан осындай құжат талап ету – олар үшін үлкен кедергі», – деді ол.

«Алып келген Қазақстаның осы ма?»

Спикер бұл пікірлердің билікті айыптау үшін емес, шетелдегі ағайынның тағдырына алаңдаудан туғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол тіркеуден шығу парағына қатысты талаптың да күрделі мәселелер туындатып отырғанын айтты. Себебі Қытай қазақтары елден шығу құжатын алса, жеке куәлігін сол жаққа тапсыруы тиіс. Ал ол куәлік – олардың қазақ екенін дәлелдейтін жалғыз құжат. Сонымен бірге нотариустар дәл сол куәліктің көшірмесін сұрайды. Яғни талаптар өзара қайшы келіп, қандастардың елге келуіне нақты кедергі болып отыр. Демек, қағаз жүзінде орынды көрінгенімен, талаптардың көбі шынайы өмірде орындалуы мүмкін емес шарттарға айналып отыр.

Жиында сөз алған тағы бір қандас Қытайдағы нақты жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, соттылығы бар адам шекара асып өте алмайды.

«Біз қазір Петропавл өңіріне сегіз отбасы болып келіп отырмыз. Қытайдан саяхат визасын алар кезде бәрін тексереді. Сотталғансың ба, мемлекетке қарызың бар ма – барлығын қарайды. Егер бәрі таза болса ғана паспортыңды беріп, бір айлық саяхатқа жібереді. Демек, соттылығы бар адамды шекарадан өткізбейді. Сондықтан «сотталмаған» деген қағаздың өзі жоқ», – деді ол.

Шарада сөз алған Бейсен Ахмет те Қытайдан келетін қазақтардың жағдайы тым күрделі екені ескерілсе дейді.

«Ішкі Қытайда сотталмағаны туралы анықтаманы электронды түрде алуға мүмкіндік бар шығар, бірақ Шыңжаң өңірінде бұл мәселе жабық», – деді Бейсен Ахмет.

Оның айтуынша, осындай тығырықтан кейін кейбір отбасылар үміті үзіліп, кері қайтып жатқан жағдайлар да кездеседі.

«Осындай қиындықтардың салдарынан «Алып келген Қазақстаның осы ма?» деп кері қайтып жатқан отбасылар бар. Ұзын сөздің қысқасы, бүгін осында жиналуымыздың себебі – әрқайсымыздың отбасымызда, туыс-танысымыздың арасында Қазақстанда тұрақты тұра алмай жүрген жандардың бар екені», – деді ол.

«Америкадағы қазақтар да елге орала алмайды»

Бейсен Ахмет бұл мәселе тек Қытай қазақтарына ғана қатысты емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, өзге елдерден келетін қандастар да дәл осындай кедергілерге тап болып отыр.

«Мысалы, менің бірге оқыған жолдасым Таразда туған. Бірақ қазір Америка азаматы. Екі жылға жуықтады, осындағы тұрақты тұру құжаттарын реттей алмай жүр. АҚШ-тың белді компанияларында жұмыс істеген, елге оралайын деп отыр. Бірақ ол да дәл осы талаптардың алдында тұр. Еуропа елдерінен келіп жатқан ғалымдар бар. Бірақ олардың барлығы қазақ тілін жетік біледі деп айта алмаймыз. Сондықтан бұл жерде Үкімет қабылдаған заң жобасын қайта қарауы керек деп есептеймін», – деді ол.

Спикердің пікірінше, бұл мәселе референдум қарсаңында үлкен қоғамдық талқылауға айналып отыр. Бұған дейін де осындай талаптар көтеріліп, қоғамның араласуымен жеңілдетілгенін еске салды.

Қаржы "әкелген" қазақтар да кері қайтуға мәжбүр

Қуаныш есімді қатысушы біз қазір тек қандас бауырларымыздан ғана емес, олардың қоғамға, экономикаға қосатын үлесінен де айырылып отырғанымызды алға тартты. Өзге елдің инвесторына жасалған жағдай өз қазағымызға да бұйырса дейді ол. Қуаныш мырзаның айтуына қарағанда, пилоттық жобадағы кедергілерге байланысты Қытайдан келген бір қандасымыз құжаттарын реттей алмай, кері қайтуға мәжбүр болған. Бұл азамат 1 миллиард теңгеге Марқакөл мен Қатонқарағайда үлкен жұмыс бастаймын деп ниеттеніп  елге келген. Шарада Алтай өңірінен 30 отбасы үйлерін сата алмай, есігін құлыптап, осында келгенін, алайда олар да дәл осы жаңа талаптардың алдында тұйыққа тірелгені де тілге тиек болды.

Қатысушылардың бірі Үкімет мәселені шеше алмаса, шетелдегі қазақтарды қинамай көші-қон тоқтайды деп ашық айтсын деп ашына жеткізді.

«Енді қазақ қабылданбайды» десе, құда да тыныш, құдағи да тыныш болар еді. Ал егер «кел, бауырым, құшағыма басамын» десек, онда мына талаптардың бәрін қайта қарауымыз керек», – деп түйіндеді сөзін Қуаныш мырза.

Жиында айтылған пікірлердің тоқ етерін айтсақ, халықаралық талаптарға сай келетін құжаттарды қабылдамай, шынайы көші-қон ахуалын ескермей, жаңа кедергілер қою – елге оралғысы келген қандастардың үмітін үзуі мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 18:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see147

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see128

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see125

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see124

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see124

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see122

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see122

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see122

Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда . Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

25 Тамыз 2026 23:17see122

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see122

Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

25 Тамыз 2026 16:27see120

Ұшақ әуежай қызметкерін қағып кетті

25 Тамыз 2026 20:23see120

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

26 Тамыз 2026 15:23see120

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

26 Тамыз 2026 13:39see119

Диктант, бақылау, мазмұндама: Оқушыларға түсетін жүктеме артады ма

25 Тамыз 2026 18:19see119

Қазақстан экономикасы алдағы үш жылда 5% дан жоғары өседі үкімет болжамы

25 Тамыз 2026 10:27see119

Олжас Бектенов қысқа дайындықтың бұзылуы үшін жазаланатынын ескертті

25 Тамыз 2026 11:49see118

Ұлттық қордан үш жылда қанша ақша алынады

25 Тамыз 2026 12:14see118

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

26 Тамыз 2026 16:46see117

Грузиядан көлік алғысы келген ер адамды ауылдасы алдап кетті

25 Тамыз 2026 08:34see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары