Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Атакәсіпке мұрагер қалмай бара ма?

Атакәсіпке мұрагер қалмай бара ма?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еліміздің мал шаруашылығы саласында алаңдатарлық үрдіс байқалады – ауылдағы фермерлер мен малшылардың жасы ұлғайып, олардың орнын басар жас буын азайып бара жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да, әлеуметтік тұрақтылық тұрғысынан да көңілде алаң тудырады.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Кеңес дәуірінен кейін кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылып төрт түлік малдың көбі халықтың қолы­на өткені белгілі. Алайда кейінгі жылдары құрылымдық өзгерістер болды. Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарасақ, бүгінде малдың шамамен 45 пайызы фермерлер мен шаруа қожалықтарына, 10 пайызы ­ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тие­сілі. Қалған бөлігі жеке үй шаруашылықта­ры­­ның еншісінде. Елде 9 млн-ға жуық ірі қара, ­4,6 млн­ жылқы, 23 млн-нан астам қой-ешкі, 300 мың­ға жуық түйе бар.

Малдың тең жартысын ұстап отырған фермерлер – халықты таза ет, сүт, қымызбен қамтамасыз етіп отырған басты күш. Олар соғым маусымында да, жәрмеңке кезінде де негізгі жеткізушілердің қатарында. Бірақ мемлекет тарапынан берілетін қолдаудың теңгерімсіздігі олардың еңбегіне кедергі болып тұр. Субсидия мен жеңілдіктердің 70–80 па­йызы бар болғаны елдегі малдың 10 пайы­зын ұстайтын ірі кәсіпорындарға тиесілі.

Соған қарамастан, фермерлер өз еңбегімен ұлттық тағам мен дәстүрді сақтап отыр. Әсіресе жылқы шаруашылығы кейінгі жиырма жылда айтарлықтай өрістеді. Егер 2005 жылы елде ­1,3 млн жылқы болса, бүгінде 4,6 млн-ға жет­кен. Соның 75 пайызы фермерлердің үлесін­де. Бұл – олардың халық сұранысына бейімде­ліп, экономикалық әрі мәдени тұрғыдан өмір­шең бағыт ұстанып отырғанының айғағы.

Нақтылай түссек, басқа түлік түріне қа­ра­ғанда жылқыны бағу жеңіл. Ол қыстан тебінмен шыға алады. Бұл фермерге жем-шөп тұрғысында үнем. Бұған қоса, халқымыз тегіс жылқы етін тұтынады. Қымыз тұтыну көрсеткіші де жылдан-жылға өсіп келеді. Сондай-ақ жылқы мінсең көлік қой. Міне, Үкіметтің субсидиялық қолдауынан көп жағдайда тысқары қалып отырған фермерлер өз әрекеттерін халық сұранысымен сәйкес ұстап, ұлттық құндылықтарымыз бен тағамымызға адалдық танытып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде халықтың ең сенімді серігіне айналып отыр. Мен мұны «мал өсірудің фермерлік стратегиясы» деп атағанды жөн көрдім.

Алайда фермерлердің орта жасы бүгінде 50 мен 70 аралығында. Көпшілігі ата кәсіпті жал­ғастырып жүрген аға буын. Ал олардың ба­ла­лары мен немерелері малға келуге ниетті емес. Мысалы, Шығыс Қазақстанның Ка­тонқа­рағай ауданындағы Өрнек ауылында ­мал ­ұс­тайтын негізгі азаматтардың жасы 60-тан асқан. Балалары қалада, фермерлік бей­нетті өмірден бойын аулақ ұстайды. Бұл үрдіс жалғаса берсе, он бес жылда ауылдар малдан, ел ата кәсіптен айырылуы мүмкін.

«Қазір менің 40–50 жылқым, бірнеше сиырым бар. Бірақ ұлдарым ауылға оралғысы жоқ. Өйткені мемлекеттен қолдау аз, малмен күн көру ауыр. Қымыз өндіргеніміз үшін берілетін аздаған субсидия да тоқтады», дейді жергілікті фермер Бақытжан Метченов.

Бұл – Өрнекке ғана тән емес, бүкіл елге ортақ жағдай. Егер бүгінгі буын кетсе, ертеңгі күні олардың орнын басатын адам қалмайды. Бұл – ауылдардың босауына, мал санының азаюына, ақырында азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп. Ал субсидия мен мемлекеттік қолдаудың 70–80 пайызы небәрі 10 пайыз мал ұстайтын ірі кәсіпорындарға тиеді.

Жастардың мал шаруашылығына келме­уінің басты себебі – қолдау жүйесінің күрделі әрі тиімсіздігі. Субсидия алу үшін құжаттық кедергілер көп, ақпарат жетіспейді, ал шалғай аудандарда инфрақұрылым мен интернет тапшылығы сезіледі. Мәселенің бір ұшы мемлекеттік саясаттағы теңсіздікте жатыр. Субсидия алу тәртібі күрделі, көп құжатқа қол жеткізу қиын. Жоғарыда айтқандай, көптеген ауылда интернет пен кеңес беру орталықтары жоқ. Шекаралық өңірлердегі фермерлер бұл тұрғыда тіпті шет қалып отыр.

Негізінде фермерлерді қолдаудың мемлекет үшін стратегиялық маңызы зор. Әсіресе шекаралық өңірлерде. Еліміздің кең байтақ даласы, әсіресе оның шекаралық өңірлері фермерлер мен олардың малынан босап қа­латын болса, бұл еліміз үшін үлкен қатер. Шын мәніне келгенде, әрбір фермер – пат­риот. Қазақ фермерлерінің ерліктері ­Америка ковбойларынан артық болмаса, кем түспей­тіні анық. Сондықтан фермерлерді мемлекет­тік тұрғыдан қолдау маңызды.

Фермер Елмұрат Әмірешевтің айтуынша, «жер мен малдан айырылған ауыл – шекара­дан айырылған ел». Бұл сөздің астарында үлкен шындық бар. Шекара бойындағы ауыл­дар боса­са, бұл ұлттық қауіпсіздікке де тіке­лей әсер етеді. Расында да, фермер – ауыл мен мем­лекеттің шынайы тірегі, жердің қорғаушысы.

Сарапшылар мен ауыл белсенділері Үкіметке нақты ұсыныстар ұсынып отыр. Бірін­шіден, шекаралық шалғай өңірлерде мал шаруашылығын жалғастырғысы келетін жастарға арнайы грант пен 5 жылдық қолдау бағдарламасын енгізу ләзім. Екіншіден, субсидия алу процесін жеңілдетіп, электронды жүйелерді ауылға қолжетімді ету аса ма­ңызды. Үшіншіден, шағын фермерлерге арналған жеке субсидиялық пакет әзірленіп, мал азығын дайындау мен өнім өткізуді қамтуға тиіс. Төртіншіден, аға буын фермерлерге мотивациялық төлем белгілеу арқы­лы олардың тәжірибесін жастарға үйрету ісін ынталандыру керек. Бесіншіден, ауыл фермерлерінің үнін еститін ұлттық кеңес құрып, олардың пікірін мемлекеттік шешімдерге енгізу тетігі қажет.

Мал шаруашылығы – тек экономикалық сала емес, ұлттық болмыс пен дәстүрдің діңгегі, ел қауіпсіздігінің тірегі. Егер фермерлерге тең мүмкіндік берілмесе, қазақ халқы ата кәсіптен, ал ауыл – өз жанынан айырылуы мүмкін.

Сұңғатолла ӘЛІПБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

газетінің ардагері

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 20:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары