Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Аида Балаева: Кәсіби журналистиканың басты міндеті жұртшылыққа анық, дәйекті және тексерілген ақпарат жеткізу

Аида Балаева: Кәсіби журналистиканың басты міндеті жұртшылыққа анық, дәйекті және тексерілген ақпарат жеткізу

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Журналистер күніне орай ақпарат саласының қызметкерлерін құттықтаған Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кәсіби журналистиканың қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол сөз бостандығы, шынайы ақпарат тарату және жаңа Конституцияның медиа саласын дамытудағы маңызына тоқталып, журналистердің елдегі реформаларды халыққа түсіндірудегі еңбегін жоғары бағалады.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке журналистиканың қоғамдағы айрықша орны мен ел дамуына қосқан үлесін айшықтайтын атаулы күн.

Бүгінде ақпарат кеңістігі қарқынды өзгеріп, журналистикаға қойылатын талап та арта түсті. Жаңа технологиялар, әлеуметтік желілер, жасанды интеллект, дипфейктер мен толассыз ақпарат ағыны сала мамандарына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Алайда кәсіби журналистиканың басты қағидаттары өзгермейді. Олар – аудитория сенімі, қоғам алдындағы адалдық және жарияланған әрбір ақпаратқа деген жауапкершілік.

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуде: «Қалам елді түзейді», – деген болатын. Бұл сөз журналист мамандығының мәні мен қоғам алдындағы жауапкершілігін терең аңғартады. Өйткені қалам қуаты елді ұйыстыруға, ақиқатты жеткізуге, қоғамға бағыт-бағдар беруге және оң өзгерістерге жол ашуға қызмет етеді.

Биыл еліміз үшін тарихи маңызы зор жаңа кезең басталады. 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Бұл құжат заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ата Заңдағы өзгерістер медиа саласының рөлін одан әрі арттыра түседі. Конституцияда сөз бостандығына, азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығына, дербес деректерді қорғауға және ақпарат таратудағы жауапкершілікке қатысты маңызды қағидаттар бекітілген. Бұл кәсіби журналистиканың сапалы дамуына тың серпін береді.

Конституциялық реформаның мазмұны мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруде бұқаралық ақпарат құралдарының еңбегі ерекше болды. Сіздердің кәсіби қызметтеріңіздің арқасында азаматтар жаңалықтардан хабардар болып қана қоймай, реформаның түпкі мақсаты мен мәнін терең түсінуге мүмкіндік алды. Сараптамалық мақалалар, пікірталастар, тікелей эфирлер мен арнайы бағдарламалар қоғамға өзгерістер туралы жан-жақты әрі шынайы ақпарат ұсынды.

Жалған ақпарат пен бұрмаланған мәлімет көбейген қазіргі кезеңде кәсіби журналистиканың басты міндеті – жұртшылыққа анық, дәйекті және тексерілген ақпарат жеткізу, сапалы сараптама арқылы қоғамдық пікірдің дұрыс қалыптасуына ықпал ету.

Мемлекет ақпарат саласы қызметкерлерін қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Кейінгі үш жылда Астанада 200 журналист баспанамен қамтылды. Биыл еліміздің барлық өңірінен, соның ішінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының 66 қызметкеріне пәтер кілті табысталады.

Сіздерге күнделікті табанды еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз және мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында мемлекет қолға алған бастамалар мен маңызды шешімдердің мәні көпшілікке кеңінен түсіндіріліп, қоғам мен билік арасындағы сенім нығая түсуде.

Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толайым табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!-деді Аида Ғалымқызы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 00:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары