Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Аида Балаева медиа саласындағы жылдың негізгі қорытындыларын жариялады

Аида Балаева медиа саласындағы жылдың негізгі қорытындыларын жариялады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат саласы бойынша жыл қорытындысын жариялады. Министр өз жазбасында отандық ақпараттық кеңістікті дамыту, цифрландыру үдерістері мен журналистиканың сапасын арттыру бағытындағы негізгі нәтижелерге тоқталды. Сондай-ақ саланы қолдауға бағытталған бастамалар мен алдағы кезеңге жоспарланған басым міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz

фото: primeminister.kz

Министрдің айтуынша, 2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін шын мәнінде айтулы кезең болды. Себебі жүйелі реформалар жүзеге асып, кәсіби стандарттар нығайды. Мемлекеттік бастамалар, серіктестік жобалар мен салалық маңызы зор іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға және ақпараттық контенттің сапасын арттыруға бағытталған тұрақты бағдарымызды айқындады.

«Қазіргі кезде елімізде бес мыңнан астам БАҚ тіркелген. Олардың үш жүз алтысы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде бес жүз он бес жаңа медиа іске қосылды. Бұл дерек салаға деген қызығушылықтың жоғары екенін және медианарықтың белсенді түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

Ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Биыл отандық баспа басылымдарын қолдауға ерекше назар аударылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жаңа Салық кодексінде отандық мерзімді баспа басылымдарына қосылған құн салығының 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлемесі енгізілді», деп жазды министр. 

Сонымен қатар оның айтуынша, медиакеңістіктің қарқынды дамуын ескере отырып, онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты, сондай-ақ әкімшілік заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобалары әзірленді. Бұл жұмыс ақпарат саласында құқыққа қайшы контенттің таралуын азайтуға бағытталған.

Онлайн-платформалар әкімшіліктері мен әлеуметтік желілердегі анонимді пайдаланушылардың жауапкершілігі күшейтіледі. Сонымен қатар балаларды онлайн-платформаларда таралатын деструктивті контенттен қорғау шараларын енгізу ұсынылуда.

«Алғаш рет аудиовизуалды платформалардың қызметі заңнамалық тұрғыдан реттеліп, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін тиісті лицензия алу міндеті белгіленеді.
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату аясын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін 63 жаңа радиотелевизиялық станция пайдалануға беріледі. Бұл ел халқының 95 пайызын цифрлық эфирлік теледидармен қамтуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар мемлекеттік радиохабар тарату желісі де дамып келеді. Шекаралас елді мекендерде 120 радиотаратқыш іске қосылуда.

2025 жылы теледидар көруді өлшеу жүйесі кеңіп, енді тек ірі қалалар ғана емес, халқы 100 мыңнан аз елді мекендер де қамтылды. Қазан–желтоқсан айларындағы нәтижелер бойынша елімізде теледидар көру көрсеткіші 18 пайызға артқанын көрсетті.

Теледидар әлі де медиакеңістіктің маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді. Қазақстанда телевизиялық контент өндіру ісі толыққанды индустрияға айналды. Сонымен қатар отандық өнімдер көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие болып, мазмұндық тұрғыдан да сапалы екендігін көрсетті. Жыл бойы көрерменге жаңалықтар, деректі фильмдер, сараптамалық және зияткерлік бағдарламалар, сондай-ақ отандық телехикаялар ұсынылды», деп жазды А.Балаева. 

Халықаралық ынтымақтастық та белсенді түрде дамыды. Биыл Түркиямен бірлескен ірі жобалар жүзеге асып, «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикая аяқталды. Қытаймен бірлесіп алғашқы қазақстандық-қытайлық «Іледе күтемін…» телесериалы түсірілді. Сонымен қатар Ресей Федерациясымен бірлескен сегіз сериялы «Аллигатор» көркем телехикаясы жарық көрді.

«Euronews арнасының өңірлік өкілдігі аясында 2025 жылы телеарнада авторлық жобалар эфирге шықты. Атап айтқанда, Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты мен дәстүрлеріне арналған 20 бағдарлама, экономика, инвестициялар және Еуропамен ынтымақтастық тақырыптарын қамтыған 10 іскерлік бағдарлама, сондай-ақ академиктер, хирургтер, спортшылар, актерлер, археологтар мен ұшқыштар сияқты тағылымы мол тұлғалардың өмір жолын таныстыратын 10 бағдарлама ұсынылды. Бұған қоса, маңызды оқиғаларға арналған 5 арнайы бағдарлама жарық көрді.
Сонымен қатар оңтайландыруды ескере отырып, қажетті шешімдер қабылданды. «Ел арна» телеарнасының хабар таратуы тоқтатылып, «Қазконтент» құрылымы өзгерді. Ruh.kz және Baigenews.kz ресурстарының қызметі аяқталып, негізгі күш-жігер әлеуметтік желілердегі креативті контентті дамытуға бағытталды.

Мерзімді басылымдарға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Қазақ газеттерінің» құрылымын қайта қарап, екі ірі республикалық газетті — «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарын дербес әрі тәуелсіз брендтер ретінде бөлу ұсынылды. Бұл шешім еліміз үшін маңызы зор әр газеттің әлеуетін арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы коммуникацияны нығайтуға ықпал етеді», деді ол. 

2025 жылы өңірдегі кәсіби диалогтың негізгі алаңдары саналатын дәстүрлі Astana Media Week пен II Орталық Азия медиафорумы өтті. Сондай-ақ «Үркер» ұлттық сыйлығының және «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімдері ұйымдастырылды.

«Құрметті әріптестер! Сіздерге кәсіби біліктілік пен жауапкершіліктеріңіз және мемлекеттік саясатты іске асыруға көрсетіп отырған белсенді қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Күнделікті атқарып отырған қажырлы еңбектеріңіздің, реформалар мен бастамаларды, сондай-ақ «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» қағидаттарын объективті әрі уақтылы жариялауларыңыздың арқасында қоғамда сенім нығайып, ортақ құндылықтарымыз, ашық диалог пен өзара құрмет мәдениеті қалыптасуда.

Бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің мәнін түсіндіріп, сындарлы қоғамдық пікірталас қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Биылғы жыл Қазақстанның медиа саласы дамып, жаңарып, әрі өзінің бірегей болмысын сақтай отырып, әлемге ашық екенін айқын көрсетті. Барша медиа саласының өкілдерін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық шабыт, толайым табыс, жаңа жетістіктер тілеймін!», деп лебізін білдірді Аида Балаева. 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада масаң күйде көлік басқарғандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 18:20

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Әлем • Бүгін, 18:15

Аида Балаева медиа саласындағы жылдың негізгі қорытындыларын жариялады

Қоғам • Бүгін, 18:02

Қытай мамандары қол мен аяққа арналған сезімтал протездер жасап шығарды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 18:00

Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?

Қоғам • Бүгін, 17:55

Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді

Қоғам • Бүгін, 17:50

Спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 17:47

Шығармашылық зертхана: Айтман не айтқысы келеді?

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Қарағанды облысының жолдарында 160 полицей жұмыс істеп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 17:35

Жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

Мереке • Бүгін, 17:30

Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон-фикшн әлде көркем проза?

Қоғам • Бүгін, 17:22

Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 17:10

Жеке деректерді қорғау және архивтерді цифрландыру: Мемлекет басшысы архив ісі туралы заңға қол қойды

Заң • Бүгін, 16:50

«Қазақконцерт» көрерменге мерекелік концертін ұсынды

Мәдениет • Бүгін, 16:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:43

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 18:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

12 Тамыз 2026 09:36see103

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары