Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы меншік құқығын қорғауға бағытталған

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы меншік құқығын қорғауға бағытталған

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өскемен қаласы Орталық мәдениет үйінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешені өкілдерімен кездесті.

Делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов пен Сергей Пономарев, Өскемен қаласы бойынша коалиция төрағасының орынбасары Сергей Коротин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысты.

Кездесу барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрақты құқықтық ортаны құрудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасының инвестицияларды қорғауды күшейтуге, сот жүйесіне сенім арттыруға және тұрақты экономикалық дамуға жағдай жасауға бағытталғанын айтты.

«Кәсіпкер ойын ережелерінің кенеттен өзгермейтініне, инвестицияларының қорғалатынына, сот жүйесінің дауларды әділ әрі ашық шешетініне сенімді болуы қажет. Тек осындай жағдайда ғана ұзақмерзімді стратегиялар жасалып, жаңа жұмыс орындары ашылады, өндіріс дамиды. Сондықтан 15 наурыздағы референдум – осы қағидаларды конституциялық деңгейде бекітетін тарихи мүмкіндік. Жаңа Конституция жобасында меншік құқығын қорғау кепілдіктері күшейіп, заңдардың күші кері қолданылуына тыйым салынады, мемлекеттік басқарудың айқын әрі жауапты жүйесі қалыптасады. Бұл кәсіпкерлік үшін тәуекелдерді азайтса, ел үшін тұрақтылықты нығайтады, әр азамат үшін болашаққа сенімділік береді», – деп атап өтті Аида Балаева.

Үкімет басшысының орынбасары «Заң және тәртіп» қағидаты шынайы бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал ететінін де сөз етті.

«Заң және тәртіп» қағидаты адал бәсекелестік ортасын құрмақ, онда заңды  бизнес қорғалыа, ал жасырын әрекеттер әшкереленеді. Әдл ережелер – кәсіпкердің басты серігі. Мемлекет басшысы «еңбек адамының» маңызын бекер атап өтпеді. Кәсіпкерлермен шаруалар – тәуекелге бел буып, жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтитын, елдің экономикалық күшін қалыптастыратын адамдар. Жаңа Конституция экономикалық бастаманы қолдауға және сонымен бірге заңға, қоғамға, келешек ұрпаққа деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Қуатты экономиканы қуатты мемлекетсіз құру мүмкін емес. Ал қуатты мемлекетте сенім, әділдік және еңбекке құрмет басты құндылықтар болып саналады. Бүгінде Қазақстанның болашағы – тұрақты, бәсекеге қабілетті және өз күшіне сенімді ел болатыны бізге байланысты», – деді Аида Балаева.

Сонымен қатар, кездесуде реформаның тәжірибелік жағы да сөз болды.

«Көп жылдар бойы ауыл шаруашылығы «қауіпті» саналды Біз құрғақшылықпен, бағамен және бюрократиямен күрестік. Енді елдің Ата заңы халыққа азық беретін адамдардың мүдделерін басты орынға қояды. Конституцияда жер мен ресурстардың халыққа тиесілі екені анық көрсетілген. Шаруалар үшін бұл мемлекет жерлерді қорғауға, Жайылымдарды тозудан қорғау, суару жүйелерін қалпына келтіру және шөлейттенуге қарсы күресу мәселелері де қамтылған. Сондай-ақ заңдарды өткен күнмен қолдануға тыйым салу нормасының бекітілуі де өте маңызды. Бұл – техникаға несие алған кезде немесе инфрақұрылым салғанда ертең заңдар өзгеріп, қабылданған шешімдер қайта қаралып кетпейтініне кепіл болатын құқықтық қорғанымыз. 15 наурызда біз ұжым болып елдің жаңа болашағына бағытталған осы бастаманы қолдаймыз», – деді Людмила Цыбенко.

Кездесуде қатысушылар экономикалық және салалық мәселелермен қатар, реформалардың құндылықтарына да тоқталды. Атап айтсақ, жауапкершілікке шақыру, азаматтық қатысудың деңгейін арттыру және оны  құру мәдениеті талқыланды «SAMGA» дамыту орталығының жетекшісі Әлия Көңілхан ел үшін тек экономикалық даму емес, сонымен бірге адамгершілік құндылықтар, берік отбасы және болашаққа деген жауапкершілік маңызды екенін атап өтті. «NIETWOMAN» ҚҚ төрайымы Алтынай Төлеухан референдум мемлекет құндылықтарын онжылдықтарға айқындайтынын, ал әділ ережелер сенім, инвестиция мен даму үшін, әсіресе әлеуметтік экономика мен әйелдер кәсіпкерлігінде маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Кездесу соңында ШҚО-ның шағын және орта бизнесі мен агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері конституциялық өзгерістер тұрақтылыққа кепілдік беру, заңды құқықтарды қорғау, өндірісті жаңғырту және өңірлердің тұрақты дамуына жағдай жасауға жол ашатынын атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 19:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары