Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында Қазақстандағы білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты нақты әрі анық көрсетілген

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында Қазақстандағы білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты нақты әрі анық көрсетілген

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Кездесуге сондай-ақ Мәжіліс депутаты, заңгерлік және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты. Талқылау барысында жаңа Конституция жобасының білім беру ортасына, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және адами капиталды дамытуға тікелей қатысты нормаларына ерекше назар аударылды. Лицейдің педагогикалық ұжымымен кездесу барысында Аида Балаева жаңа Конституция жобасында білім беру жүйесін дамыту, зайырлы білім беру қағидаттарын нығайту және барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасында Қазақстандағы білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты нақты әрі анық көрсетілген. Бұл норманы дұрыс түсіну өте маңызды. Ол ешқандай жағдайда дінге қарсы бағытталмаған және азаматтардың ар-ождан бостандығын шектемейді. Мәселе – мемлекеттік мектептің барлық бала үшін тең әрі бейтарап білім беру кеңістігі болып қалуында. Яғни әрбір бала, оның отбасылық немесе діни көзқарасына қарамастан, әділдік пен тең мүмкіндіктерге негізделген ортада білім алуы тиіс. Ал білім беру стандарттары барлық оқушы үшін ортақ әрі бірдей болуы қажет. Сонымен қатар білім беру саласындағы негізгі кепілдіктер толығымен сақталады. Бұдан бөлек, жаңа норма бұрынғыдан да кеңейіп отыр. Егер қолданыстағы Конституцияда міндетті орта білім туралы айтылса, жаңа жобада міндетті білім беру тек орта біліммен шектелмей, бастауыш білімнің де міндеттілігі нақты бекітіледі. Шын мәнінде, мемлекетіміз әрбір баланың білім алуына ең алғашқы қадамынан бастап жауапты дегенді білдіреді. Яғни білімнің базалық деңгейі барлық бала үшін қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы алғанда, Конституция жобасының мәні тек жекелеген нормалармен ғана шектелмейді. Оның негізгі идеясы әлдеқайда кең. Жаңа мемлекеттік модельдің негізгі өзегінде адам және оның игілігі тұр. Ал елдің болашағы ең алдымен адами капиталдың сапасына, білім деңгейіне және азаматтардың жасампаз әлеуетіне байланысты екені айқын көрсетілген. Сондықтан білім беру жүйесін дамыту, ғылымды қолдау және инновацияны ілгерілету – еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде нақты бекітіліп отыр», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар коалицияның өзге мүшелері конституциялық реформаның қоғамдық маңызына, жоба мазмұнына мұқият әрі саналы көзқараспен қараудың қажеттілігіне, сондай-ақ Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында білімнің, құқықтық мәдениеттің және қоғамдық сенімнің рөліне тоқталды.

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жаңа Конституция жобасы ел тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға, қоғамдық келісімді бекемдеуге және мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

«Бүгінде Қазақстан өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басқан шақта жаңа Конституция жобасында білімге, адами капиталға және азаматтардың жасампаздық әлеуетіне ерекше мән берілгені айрықша маңызды. Бұл жай ғана әлеуметтік норма емес, бүкіл ел үшін стратегиялық бағдар. Өйткені қуатты мемлекет мектептен, ұстаздан, ойлай білетін, жауапкершілігі жоғары әрі білімді ұрпақты тәрбиелеуден басталады. Дәл білім арқылы тәуелсіз Қазақстанның болашағы қалыптасады. Сондықтан халық бұл бағытты референдумда қолдайды деп сенемін», – деді депутат.

Белгілі заңгер ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері Нұрлан Дулатбеков Ата Заңның жаңа редакциясы кең ауқымды қоғамдық талқылау жағдайында әзірленгенін және әрбір азаматқа түсінікті әрі жақын болуға тиіс екенін атап өтті.

«Конституция тек құқықтық тұрғыдан мінсіз құжат қана емес, халыққа жақын, әрбір адамға түсінікті болуы керек. Сондықтан оның преамбуласы, яғни құндылықтық өзегі айрықша маңызға ие. Бүгінде жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және адами капитал сияқты басымдықтар алға шығарылып отыр. Бұл мемлекеттің өз болашағын жаңаша түсіну деңгейіне көтерілгенін көрсетеді. Егер осы бағдарлар жүйелі түрде жүзеге асырылса, онда бұл ел дамуының берік негізіне айналып, келер ұрпақтың болашағына қосылған лайықты үлес болмақ», – деді Нұрлан Дулатбеков.

Жиында талқыланған өзгерістерді педагогикалық қауымдастық өкілдері де қолдайтындарын білдірді.

«Жаңа Конституцияны қолдау – біздің балаларымыздың болашағын қолдау деген сөз. Ұстаздар үшін реформалардың өзегінде тең мүмкіндіктер, білім сапасы және адами капиталды дамыту мәселелерінің тұрғаны ерекше маңызды», – деді Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің педагогі Балзия Ералиева.

Кездесу соңында ұстаздар қауымы алдағы референдумға белсенді қатысудың маңыздылығын айтып, саналы азаматтық ұстаным арқылы Қазақстанның болашағының берік негізі қаланатынын ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Наурыз 2026 17:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары