Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік саясаттың негізі адам және оның әлеуеті екені айқын көрсетілген

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік саясаттың негізі адам және оның әлеуеті екені айқын көрсетілген

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

 «Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық реформа комиссиясының мүшелері және басқа да тұлғалар қатысты.

Кездесу барысында Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституция жобасы Қазақстанның білім беруді дамыту және адам капиталының рөлін арттыру бағытындағы стратегиялық бағдарын көрсететінін айтты. Осыған орай ілім беру, ғылым, мәдениет және инновациялар басты басымдықтар ретінде айқындалды.

 «Қазіргі таңда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізген мемлекеттер ең алдымен білім беру жүйесіне инвестиция салып, ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға басымдық берген. Себебі жоғары технологиялық өндірістер, цифрлық экономика және креативті индустрия дәл осы адами капиталдың сапасына негізделеді. Ғылым мен инновацияны дамыту – экономиканы әртараптандырудың басты тетіктерінің бірі. Бұл жаңа өндірістерді қалыптастыруға, технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы ретте жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше көңіл бөлінуі – Қазақстанның білімге негізделген экономика құруға бағытталған стратегиялық таңдауының айқын көрінісі деп білемін. Бұл жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін көтеруге және инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған институционалдық өзгерістердің құқықтық негізін қалайды», деді А. Балаева.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары жаңа Конституцияда елдің болашағын айқындайтын адам, оның білімі, құзыреттілігі және әлеуеті даму моделінің ортасына қойылатындығын және осы бағытта елдің дамуының жаңа кезеңіне өтудің заңды негіздері қарастырылғанын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасында да мемлекеттік саясаттың өзегі – адам және адам әлеуеті екені нақты айқындалған. Бұл – еліміздің даму моделінің түбегейлі жаңғыруын білдіретін маңызды ұстаным. Себебі қазіргі жаһандық бәсекелестік жағдайында табысты даму білімге, ғылымға және технологиялық прогреске негізделген адами әлеуеттің сапасына тәуелді. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының 3-бабының 2-тармағында: «Қазақстан Республикасы адами капиталды, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деп нақты көрсетілген. Бұл норма ендігі жерде білім беру жүйесін дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау және инновациялық бастамаларды ілгерілету тек әлеуметтік саясаттың бір бағыты ғана емес, ұлттық дамудың негізгі стратегиялық басымдығына айналатынын білдіреді. Яғни, мемлекет болашағы ең алдымен азаматтардың зияткерлік әлеуетіне, кәсіби даярлығына және шығармашылық мүмкіндіктеріне тәуелді болады. Басқаша айтқанда, XXI ғасырдағы басты капитал – бұл білімді, білікті және жаңашыл ойлайтын адам», деп түйіндеді Премьер-министрдің орынбасары.

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев конституциялық реформа соңғы жылдардағы ауқымды саяси өзгерістердің логикалық жалғасы болғанын және қоғамның сұранысы негізінде қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық мемлекеттік платформалар арқылы көптеген ұсыныс түсті, бұл азаматтардың құжатты әзірлеуге белсенді қатысқанын айқын көрсетті және жобаның шынайы «халықтық» сипаты туралы айтуға негіз болды.

Қазіргі заман қатеріне тоқтала келе, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев цифрлық күн тәртібіне және мемлекетінің онлайн ортадағы жауапкершілігіне, сондай-ақ жобада экологиялық нормалардың күшейтілуіне ерекше мән берді.

«Бүгін біз әлеуметтік желіде хат алмасу және жеке деректерді қорғау құқығын конституциялық деңгейде бекітеміз. Маңыздысы, мемлекет тек офлайн ғана емес, онлайн да бізді қорғауға міндеттеледі. Сонымен қатар, жобада экологиялық бағыт күшейтілген: енді табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек сөзбен айту жеткіліксіз – оны қорғап, сақтауға міндеттіміз, ал қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған», деп атап өтті ол.

Филология факультетінің аға оқытушысы, айтыскер Жансая Мусина қоғамдық келісім, заңның үстемдігі және жастарды білім мен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызына тоқталды.

 «Конституция – бұл тек заңдар жинағы емес. Бұл мемлекеттің тірегі, біздің тәуелсіздігіміздің айғағы және әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын негізгі құжат. Сондықтан жаңа Ата заңымыз – елдің болашағына негізделген мықты іргетас және біз осы бастамаларды қолдаймыз», деді ол.

Жастар атынан 3-курс студенті, «Биология» мамандығының студенті Гүлназ Есқайырова сөз сөйлеп, білім беру мен ғылым саласындағы басымдықтардың жастар үшін болашаққа жасалатын инвестиция және өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?

Кездесу барысында студенттер тарапынан білімді насихаттауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған  экологиялық және ағартушылық жобалар сияқты бастамалар көтерілді. Қатысушылар жаңа Конституция жобасы қоғамда қызу талқыға түсіп, елдің болашағын айқындаудың басты негізіне айналғанын атап өтті.

Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді

Театр • Бүгін, 18:03

Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді

Оқиға • Бүгін, 17:52

Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?

Қоғам • Бүгін, 17:45

Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды

Президент • Бүгін, 17:39

Президент: Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне тілектеспіз

Президент • Бүгін, 17:33

Жас сарапшылар Конституциялық комиссия мүшелерімен бірге жаңа Конституция жобасын талқылады

Ата заң • Бүгін, 17:28

Мемлекет басшысы: Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз

Президент • Бүгін, 17:27

Анасын іздеген Панч: Кішкентай маймыл жер бетін қалай мейірімге бөледі?

Қоғам • Бүгін, 17:12

Астана әкімдігі 1,36 трлн теңгені қайда жұмсайды?

Елорда • Бүгін, 17:03

Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 16:53

Биыл Сербия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толады

Президент • Бүгін, 16:47

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 16:38

2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол жаңартылады

Инфрақұрылым • Бүгін, 16:27

Қазақстан мен Сербия арасында 10 меморандумға қол қойылды

Президент • Бүгін, 16:17

Қаңтар айында 51 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды

Ауа райы • Бүгін, 16:10

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 19:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see147

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see143

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see137

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see135

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see134

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see133

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see131

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see129

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see129

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see123

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see121

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see118

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see114

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see112

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see111

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see108

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see108

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

11 Қазан 2026 10:19see106

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары