Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің аражігі нақты ажыратылды Мақсат Толықбай

Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің аражігі нақты ажыратылды Мақсат Толықбай

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай Мәжіліс отырысында халықтың талқысына ұсынылған жаңа Конституция  жобасының қоғамда қызу пікірталас жүріп жатқанын сөз етіп, өз пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, Конституция – әрқайсымыздың тағдырымызға, болашағымызға тікелей әсер ететін негізгі құжат.

 – Алайда біздің айтқанымыз көбіне екі-үш тармақтың төңірегінен аспай жатқандай әсер қалдырады. Ал шын мәнінде, жаңа Конституция жобасы 320 тармақтан, 95 баптан тұратын ауқымды құжат. Расында, өте үлкен жұмыс атқарылды. «Реформа жөніндегі комиссия мүшелері кімдер, олардың біліктілігі қандай?» деген пікірлер де аз айтылған жоқ.  Мәселен, 1995 жылы жазылған қолданыстағы Конституцияны Ю.Басин, В.Ким, А.Котов, Мұхамеджанов бастаған небәрі 12 адам ғана жазып шыққан. Оның үшеуі – шетелдік сарапшылар еді. Ал бұл жолы Конституция жобасын 130-дан астам өз азаматымыз әзірледі. Мәжілісте талай әріптестеріміз айтқан, әсіресе «AMANAT» партиясынан берілген біраз ұсыныстар қолдау тапты. 

Есесіне, мәтіннің тілі де жөнге кеп қалды. Қолданыстағы Конституцияның қазақша мәтінінде бірізділік жоқ, баптары шұбалаңқы, күрделі. Оны қарапайым халық түгілі, заңгерлердің өзі әрең түсінетін. Жаңа Ата Заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды. Ең бастысы,  біз бұл Конституцияда тарихы бар ел екенімізді, Қазақ мемлекетінің Ұлы дала төсіндегі сан ғасырлық мемлекеттілік сабақтастығын шегелеп тұрып көрсеттік. Қазіргі Конституцияда тарих туралы бір ауыз сөз жоқ, – дейді Мақсат Толықбай.

Оған қоса, депутат қоғамда көтерілген кейбір түйткілді мәселелерге тоқталып өтті.

 – Соңғы кезде «жекелеген аумақтарға конституциялық мәртебе беріледі» деген тақырып ақпараттық манипуляцияға айналып кетті. Қайталап айтамын, жаңа Ата Заңның кіріспесінде де, 2-бабында да Қазақстанның аумағы мен шекарасының тұтастығы өзгермейтіні тайға таңба басқандай жазылған. Яғни, елдің аумақтық тұтастығы ешқашан мәселе ретінде талқыланбайды деген сөз. Сондай-ақ баз біреулер айтқандай,  «Президентке  қосымша  артық өкілет берілетіндей» жаңа норма қосылған жоқ. Президент жеті жылға бір-ақ рет сайланады, жақын туыстары саяси және басқару лауазымдарын атқара алмайды. Бұрынғы норма өзгеріссіз қалды,  – деді ол. 

Оның айтуынша, осы жолы адамның құқығы мен бостандығы – басты құндылық. Преамбулада бұл қағида бірінші рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде көрсетілген.

– Енді кез келген адам ұсталған сәттен бастап  оған өз құқығы түсіндірілуі тиіс және сол мезеттен бастап адвокат көмегін пайдалануға мемлекет кепілдік береді.  Адвокатураның мәртебесі Ата Заң деңгейінде бекітіледі. Білім, ғылым және инновация – мемлекеттің стратегиялық бағыты деп танылды. Енді білім мен ғылымнан қаржы үнемдеу – Конституцияға қарсы әрекетпен тең. Жаңа Конституцияда дін мен мемлекеттің аражігі нақты ажыратылды. Бұл – дінге қысым емес, керісінше барлық конфессияға тең көзқарастың құқықтық кепілі.

Цифрлық қауіпсіздік мәселесіне де алғаш рет конституциялық деңгейде мән берілді. Бүгінде интернет-алаяқтықтан зардап шегіп жатқан азаматтар өте көп. Цифрлық деректер – біздің жеке мүлкіміз. 1995 жылғы Конституцияда «цифрлық қауіпсіздік» деген бірде-бір тіркес жоқ. Жаңа редакцияда азаматтардың цифрлық кеңістіктегі жеке өмірін қорғау туралы бап алғаш рет  Ата Заңда көрініс тапты. «Неке» ұғымы да нақты айқындалды – ол ер мен әйелдің арасындағы одақ деп белгіленді. Бір жыныстыны мемлекет мойындамайды. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы ашық болуы тиіс. Шетелдік қаржы көзінен алынған қаражат туралы ақпаратты жария ету міндеттеледі,  – деді Мақсат Толықбай.

Депутат Халық  кеңесі жайында ойын ашық айтты. Оның айтуынша, Халық  кеңесі Парламентке балама емес, бәсекелес орган да емес. Халық  кеңесі ұсыныстарды жүйелеп, Құрылтайға заң жобаларын ұсынып,  референдум бастамасын көтере алады.

– Ал Құрылтай түпкілікті шешім қабылдап, саяси жауапкершілікті өз мойнына алады. Болашақ Парламенттегі депутаттардың  санына қатысты да әртүрлі пікір бар. Дегенмен, жұмыс тобының 145 депутат болуы қажет деген шешімі бүгінгі саяси ахуалға да, тіпті қоғамның сұранысына да сай.  Мәселен, Конституциялық құрылымы, жер көлемі, халық саны әлдеқайда бізден кіші еуропалық мемлекеттердің көбінде депутаттар саны едәуір көп. 10 миллион халқы бар Португалияда – 230 депутат, Швецияда – 349 депутат, ал небәрі 3 миллион тұрғыны бар Литвада – 140 депутат. Еуропада депутаттар санын шамамен әрбір 25 мың адамға бір парламентарий болуы керек деп есептейді. Сондықтан Қазақстанның болашақ Құрылтайы Еуропалық стандарттармен салыстырғанда 5 есе аз ықшамдалған Парламент болады.

Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Адам заң үшін тумайды, заң адам үшін жазылады». Қысқасы, біз жаңа мемлекетті  ойлап тапқан жоқпыз. Бұрыннан барды жаңа мазмұнмен нығайттық. Бүгінгі жағдайымызға, бекіген мемлекеттігімізге сай жаңарттық. Ең маңыздысы, бұл Ата Заңда  біз мыңжылдық тарихымызды нақты айқындадық. Преамбулада алғаш рет «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттары бекітілді. Егер Америкада «америкалық арман» болса, біз де  «Әділетті Қазақстан» идеясын ұран күйінде қалдырмай,  ұлттық идеологияға айналдыруымыз қажет. Себебі, әділдік жоқ жерде ешқандай құндылық  сақталмайды, –  деді Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see133

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see130

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see127

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see126

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see126

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see125

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see124

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see123

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see123

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see123

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see123

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see122

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see121

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see121

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see120

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see120

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары