Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Айбынды жастар алаңы

Айбынды жастар алаңы

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына барды.

«Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, интеллек­туалдық, шығармашылық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар енді. Биылғы жиын Қазақстанның бірнеше аймағынан, сондай-ақ Әзербай­жан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам команданың басын қосты.

Мемлекет басшысы бұл өс­келең ұрпақтың рухын шың­дайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін атап өтті.

– Байрақты бәсекеде еліміздің ең мықты, ең жігерлі жас сар­баздары лайықты өнер көрсетті. Сондай-ақ Әзербайжан, Қыр­ғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген достас, бауырлас мемле­кеттердің жастары бақ сынады. Бүгін мен бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Дүбірлі дода еліміз үшін шын мәнінде аса маңызды кезеңде өтіп жатыр. Наурыз айында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл – мемле­кетіміздің келешегін айқындайтын, ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға.

Тұтас жұртымыздың арман-мұратын тоғыстырған Ата заң, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды. Кез келген елдің болашағы – өздеріңіз секілді отаншыл, білімді, еңбекқор, жасампаз және батыл жастардың қолында. Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! Мен сіздерге зор үміт артамын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Берік тұғырнама

Президент 1 шілде күні мем­лекетіміздің Бас құжаты – Консти­туция заңды күшіне енетінін, осылайша, ел дамуының мүлдем жаңа дәуіріне қадам басаты­нымызды еске салды.

– Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес. Яғни Қазақстан сапалы ғылым негізінде өркендеу мен технологиялық өрлеу жолына түсті. Дегенмен қоғам бір мақсатқа жұмылып, ынтымақ-бірлік танытпаса, кез келген, тіпті мұқият сараланған мемлекеттік жоспардың өзі қағаз жүзінде қалады. Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді. 

Негізгі заңның түпкі мәні де осыдан көрінеді: Конституция шын мәнінде барлық парасатты және жасампаз күшт­ерді, нағыз патриоттарды еліміздің стратегия­лық бағдарының, яғни, реформа­лардың жалпыұлттық жос­пары мен мақсаттары төңіре­гіне бірік­тіретін берік тұғырнама іспеттес. Жаңа Конституциямыз – барша халықтың, әсіресе, өс­келең ұрпақ­тың адамгершілік және құқықтық бағдары, өмір жо­лындағы темір­қазығы. Осы бағыт­тан айнымасақ, қоғамдағы тұрақ­ты­лықты сақтай­мыз, азамат­тары­мыз заң мен ел мүддесіне құрмет­пен қарайтын лайықты өмірге қол жеткізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының ай­туын­ша, патриот болу дегеніміз – мемлекеттің саясаты мен стра­тегия­сын іс жүзінде қолдау, ел игі­лігіне үлес қосу, туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік алу.

– Осы қасиетті борыштың қатарында Отан қорғау ерекше, киелі парыз саналады. Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет. Біз Қарулы күштерді дәйекті түрде жаңғыртуды қолға алдық. Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стан­дарттары белсенді түрде енгі­зілуде. Бұл – заман талабы. Сон­дықтан қазіргі күрделі сын-қатер­лерге төтеп беру үшін дайын­дығымыз сақадай-сай болуы қа­жет. Әрбір мүмкіндікті мемлекеттің іргесін бекемдеп, қуатын арт­тыруға пайдалану керек. Біздің не­гізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Қазіргі уақытта әскерилер жан-жақты дамыған, қоғам өмірінің барлық саласына үлес қоса алатын үлгілі тұлға екенін көрсетуге тиіс. Бүгін арнайы келген Шоқан Уәли­ханов атындағы Әскери колледжді осындай табысты жұмыстың жарқын мысалы ретінде атауға болады. Биыл оқу орнының құрылғанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде колледж сержанттық құрамға 4,5 мыңнан аса жоғары білікті маман даярлады. Бұл біре­гей тәжірибе халықаралық деңгей­де жоғары бағаға ие болды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына баса мән беретінін жет­кізді.

– Алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр. Мемле­кетіміздің басты құндылықтарын жете түсініп, жүрекпен қабылдай­тын жастар тәрбиелеуіміз керек. Бұл құндылықтар – Тәуелсіздік пен Егемендік, елдің аумақтық тұтастығы, азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостан­дықтары, Қазақстанды Әділ, Құқықтық және Озық мемлекетке айналдыру. Әскер қатарындағы қызмет шынайы патриоттарды тәрбиелейтін маңызды, тіпті, басты мектепке айналғаны жөн. Дәл осы себепті әскери дәстүрлерді «Адал азамат – Сарбаз – Отан қор­ғаушы» қағидатына сай жаңғырту жөніндегі бастамаға қолдау білдірдім. Бұдан былай әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату секілді үш кезең мемлекеттік протокол тәжі­рибесіне сәйкес жаңа форматта, ерекше сал­танатпен ұйымдас­тырылады. Мұндай есте қаларлық рәсімдер аталған іс-шаралардың мән-маңы­зын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады. Соны­мен қатар жастар арасында және жалпы қоғамда әскердің беделін айтарлықтай көтереді. Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер са­пында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек. Баршамыз бірге күш жұмылдыр­сақ, ата-аналар әскери саланы таңдаған ұл-қыздарын мақтан тұтатындай жағдайға жететінімізге сенімдімін. Басқаша айтқанда, Отан алдындағы жауап­кершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрі­неді. Әскери қызмет те осы са­натта. Мемле­кеттік рәміздерге құрмет және азаматтық жауап­кершілік жастар дүниетанымының өзегіне айна­луға тиіс. Соғыс өрті тұтанып, әс­ке­ри қақтығыстар ушыққан, мем­ле­кеттер санкция­дан көз аш­па­ған заманда өмір сүріп жатыр­мыз. Әлемдегі ахуалды алдын ала бол­жау барған сайын қиындап ба­рады. Осындай кезде ел келе­шегіне ен­жар қараудың салдары кейін өзі­мізге ауыр тиюі мүмкін, – деді Мем­лекет басшысы.

Бір ту астына біріктірген жоба

Осы орайда, Президент еліміз­де жасақталған «Жас сарбаз» қоз­ғалысының айрықша рөліне назар аударды.

– Озық құндылықтарды дәріп­тейтін ұйымның қатарында 280 мыңнан астам мектеп оқушысы және студент бар. Әскери-патриот­тық бірлестіктерде тәрбие алған азаматтардың көбі болашақ өмірін әскери қызметпен, құқық қорғау органдарымен және ұлттық қауіпсіздік жүйесімен байланыс­тырады. Мен Мемлекет басшысы ретінде жастарымыздың осындай ұмтылысын толық қолдаймын. Сіздердің араларыңызда қазірдің өзінде елеулі табысқа қол жеткізіп, құрдастары мен ізінен ерген іні­леріне үлгі көрсетіп жүрген жандар бар. Бүгін осы жиынға Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтын тәмамдаған үздік түлек Арман Оң­дасынов қатысып отыр. Жақын­да Мемлекеттік рәміздер күні ая­сында оған аға лейтенант офи­церлік атағын өз қолыммен табыс­тадым. Сонымен қатар бүгінгі іс-шараға «Айбын» халық­аралық жарысының өткен жыл­дардағы жеңімпаздары келді. Жыл сайынғы әскери-патриоттық жиында елі­міз­дің әр өңірінің және достас ел­дердің талантты жастары бас қосады. Мұның мәні зор. Орайлы сәтті пайдаланып, Ресей, Өзбек­стан, Қырғызстан және Әзер­байжан елдерінен келген қонақ­тарымызға бастаманы қолдап, оған белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы аталған ауқымды жоба осы жылдар ара­лығында нағыз патриотизм мек­тебіне айналғанын, мыңнан аса жігіттер мен қыздарды бір тудың астына біріктіргенін айтты.

– Жастар мұнда әділ бәсекеге түсіп, темірдей тәртіптің не екенін біледі. Қысылтаяңда бір-біріне қол ұшын созуға және командада жұмыс істеуге үйренеді. Жарыстар тек физикалық төзімділік пен күшті ғана сынап қоймайды, ақыл-ой ұшқырлығын, тапқырлық пен шығармашылық қабілетті де шыңдайды. Сондықтан «Айбын» жиынының ең басты миссиясы – Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллек­туалды элита қалыптастыру. Мұн­дай кездесулер халықаралық ын­ты­­­мақ­тастықты нығайтады. Өзара тілеулeстікті күшейтіп, халық­та­рымыз арасындағы дос­тық, бір­лік және түсіністік қағи­даттарының беки түсуіне септігін тигізеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиы­ны­ның аяқталуымен құттықтады.

– Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Ерлік – елдің қасиеті» деген қанатты сөзі бар. Елге қызмет білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға қамқор болудан, келешек алдындағы жауапкер­шілікті терең сезінуден басталады. Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс. Осы күндері сіздер нағыз достық пен өзара құрметтің, ұйымшылдық пен мызғымас бірліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Жарай­сыз­дар! Жеңімпаз болған команда­ларды шын жүректен құттықтай­мын! Рухты жастардың осылай бір алаңда бас қосып, тәжірибе алма­суы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен сенімді ны­ғайта түсері сөзсіз. Әр сарбаздың айбыны асқақ болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отаны­мыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! – деп түйіндеді сөзін Президент.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атын­дағы әскери колледжге барды. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министр­лігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты.

Президентке халықаралық әс­кери-патриоттық жиынға қатысу­шылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедер­гілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтай­тын Action Air дайындық алаңы көрсетілді.

Сонымен қатар жастарға пат­риоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен кол­ледж кітапханасы таныстырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет бас­шы­сы оқу-зертхана кешенін ара­лап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа отан­­дық «Арлан» брондалған кө­лігі және ұшқышсыз авиация тех­но­логиялары секілді заманауи әс­кери техникалардың үлгілері көр­сетілді.

Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды.

Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі бе­рілді. 2020 жылы Кадет корпу­сының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 23:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары