Әйел өз үйінде қорқып өмір сүрмеуі керек . ҚМДБ мәлімдеме жасады
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бас мүфтидің айтуынша, әйел – бір шаңырақтың шырағы, біреудің аялап өсірген қызы, біреудің асыл анасы, біреудің сүйікті жары. Ол жаңа түскен шаңырағына қорғаныш пен жылулық іздеп келеді. Сондықтан ер азаматтың міндеті – оған қорқыныш емес, қамқорлық сыйлау.
"Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы болғандарың" деген. Осы бір өсиеттің өзінде үлкен мән бар. Ер адамның күші жұдырығында емес. Нағыз күш – ашуға ерік бермей, сабыр сақтай білуде. Жаныңдағы жанды жылатпай, керісінше оған сүйеніш болуда. Ашу басылады. Ұрыс та ұмытылады. Бірақ ашумен көтерілген қол мен айтылған ауыр сөз адамның жүрегінде ұзақ уақытқа із қалдыруы мүмкін. Кейде сол бір сәттік ашудың өкініші өмір бойына жетеді", деп жазады Наурызбай Тағанұлы.
Ол отбасы адам өзін ең қауіпсіз сезінетін мекен болуы керектігін, әйел өз үйінде қорқып емес, қадірленіп өмір сүруге тиіс екенін айтады.
"Қыз баласын аялап өсіріп, ақ босағадан үлкен үмітпен шығарып салған әрбір әке мен ананың тілегі біреу – "Барған жерінде бақытты болсын". Сол аманатқа қиянат жасамайық. Әйелді жылату – азаматтық емес. Әйелге қорған болу – ердің міндеті", деп сөзін түйіндейді Бас мүфти.
Бұған дейін Алматыда отбасылық жанжалдың арты қайғылы жағдайға ұласқанын жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Әйел өз үйінде қорқып емес, қадірленіп өмір сүруге тиіс бас мүфти
19 Тамыз 2026 14:40
ҚМДБ қоғамда дау тудырған уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады
01 Сәуір 2026 22:21
ҚМДБ әйелін шәкіртіне сыйлаған ишанға байланысты ресми мәлімдеме жасады
01 Сәуір 2026 19:15
Шариғатқа қарсы : ҚМДБ әлеуметтік желідегі дипфейктер мен жазылушыларға қатысты мәлімдеме жасады
12 Қаңтар 2026 15:34
Қазақстандағы алғашқы сталкер әйел: Полиция қандай мәлімдеме жасады?
14 Мамыр 2026 15:36
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 21:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















