Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Айкөркем Тұранова: Актер үшін өмірдің өзі үлкен зертхана

Айкөркем Тұранова: Актер үшін өмірдің өзі үлкен зертхана

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

– Жақында «Қан мен тер» қойылымының премьерасы өтті. Сіз басты рөлдердің бірін – Ақбаланы сомдадыңыз. Кейіпкер өзіңізге жақын болды ма, әлде табиғатыңызға жат рөл ме?

– Жалпы, «бұл рөл оң жамбасыма түсті» немесе «түспеді» деп бөлмеймін. Өйткені өзіңе 100 пайыз сәйкес келетін рөл болмайды. Кейіпкердің кейбір тұстары өзіңе ұқсаса, енді бір қырлары мүлде жат болуы мүмкін. Ең бастысы – жаңа кейіпкерді тудырып, оны сахнада толыққанды адам ретінде көрсету. Ақбаланың рөлі де жасым мен қазіргі шығармашылық кезеңіме сай деп ойлаймын.

– Ақбаланың сіз бұған дейін сомдаған кейіпкерлерден қандай айырмашылығы бар?

– Бұл рөлдің ерекшелігі – бұған дейін классикалық жанрдағы шығармада ойнап көрмегенімде. Сондықтан алғашында, әрине, қорқыныш болды. Режиссердің талаптарын орындап, образбен жұмыс істей келе, біртіндеп кейіпкер бойыма сіңісті.

– Қойылымға дайындық барысында сізге қиын немесе қызық болған сәттер орын алды ма?

– Иә, бұған дейінгі рөлдерім әлеуметтік тақырыптағы кейіпкерлерге («социальная героиня») жақын және көбінесе комедия жанрында болатын. Ал Ақбала рөлі мені біраз сындырды десем де болады. Өзім үйреніп қалған шеңберден шығып, шығармашылық тұрғыда жаңа қырымды ашуға мүмкіндік берді.

– Театрда 10 жылға жуық қызмет етіп келесіз, осы уақыт ішінде өзіңіздегі үлкен кәсіби өзгеріс деп нені айтатын едіңіз?

 – Әрине, өзгеріс бар. Студент кезімде театрға келгенде тәжірибем аз еді. Кәсіби актерлердің ортасына түскен соң өзіңді олардан төмен сезіну, шеберлігіңе сенімсіздік таныту болмады емес болды. Қазіргі Айкөркем мен сол кездегі Айкөркем екеуі екі бөлек, айырмашылығы – жер мен көктей.  Он жылдың ішінде бірәз тәжірибе жинақтап, әр рөлге басқаша қарай бастадым. Кейіпкерді талдау да бұрынғыдай емес, рөлмен жұмыс істеу де әлдеқайда жеңілдеді.

Осы жылдар ішінде әріптестерімді де жақсы танып қалдым, бір-біріңе жақын жандарға айналып кетесіз. Өйткені әр актердің ойнау мәнері, сахнадағы «жанды жерін» сезесіз. Кейде өзіңе сенімсіздеу сәтте серіктесіңе сеніп, оның ойнына сүйене аласыз. Бұрын премьера кезінде қатты қобалжып, қол-аяғым дірілдейтін. Мысалы, алғашқы рөлім – У.Шекспирдің «Отелло» қойылымындағы Көлеңке еді, ол – толықтай ойдан шығарылған кейіпкер. Сөзі де, репликасы да жоқ, барлығы пластика арқылы жеткізілді. Сондықтан образды өз қиялыңнан шығарасыз. Үш күндік премьера кезінде қатты қобалжып, сөзім, репликам болмаса да, сахнаға шығуға кәдімгідей қиналдым.

Қазір сабыр сақтап, салмақты болдым. Өзімдегі ең үлкен өзгерістердің бірі – осы. Десе де, әр сахнаға шыққанда аз да болса қобалжисыз. Мәселен, жақында «Шеңбер» драмасында ойнадым, екі жарым сағатқа созылатын спектакльде сахнадан шықпайсыз. Бұл мүлде басқа деңгейдегі жауапкершілік еді. Премьера күні қатты уайымдап, қобалжуды басу үшін бірнеше стақан кофе ішіп алғанмын, біраздан кейін соның әсерінен жүрегім қатты соғып кетті. Одан соң спектакльдің ортасында басымнан бастап кеуде тұсыма дейін денемді сезбей қалдым, бүкіл дене бойым, қолым да құрысып қалды. Соған қарамастан 3 сағат сахнаны ойнап шықтым. Ең қызығы – оны көрермен де, әріптестерім де байқамады. Бірақ қойылымда жерге құлайтын тұсында құлағанымда бойымдағы бар қысым бірден жойылып кетті. Бірден жеңілдеп қалдым.

– Кейіпкеріңізді сахнаға шығармастан алдын оны қалай зерттейсіз, не нәрсе көмекке келеді?

– Ең алдымен материалды мұқият оқып, режиссердің кейіпкерге қатысты не қалайтынын түсініп алу керек. Одан кейін образды өзің толықтыра бастайсыз. Актер үшін өмірдің өзі – үлкен зертхана. Көшеде келе жатып, бейтаныс адамдардың жүріс-тұрысына, қимылына да назар аударамын. Кейін олардың кейбір ерекшеліктері керек кезде рөлге көмектеседі. Мысалы, өзім жүкті болмай тұрып жүкті әйелдің рөлін сомдағанмын. Сол кезде жүкті әйелдердің жүрісін, қимылын көп бақыладым. Тіпті, «центр тяжестиі» қай жерде орналасатынына дейін зерттедім. Сондықтан кейіпкерді зерттеу тек мәтінді оқумен шектелмейді. Өмірде көргеніңді, байқағаныңды жинай бересіз. Кейін оның бәрі сахнада образды шынайы жеткізуге көмектеседі.

– Өзіңіз үшін қандай рөліңіз актерлік шығармашылығыңызда ерекше із қалдырды?

– «Шеңбер» спектакліндегі рөлім шығар. Біз бұл шығарманы бес ай бойы зерттедік. Оған дейін шамамен екі ай автордың өзін зерттеуге уақыт бөлдік. Әсіресе, режиссері Ұлан өзімнің замандасымның еңбегін ерекше атап өткім келеді. Ол менің ішімде жатқан, өзім де білмейтін эмоцияны оята алды. Маған «мына жерін былай ойна» деп нақты бағыттап, дайын шешім ұсынған жоқ. Керісінше, әртүрлі тапсырмалар беріп, ішімдегі эмоцияларды өзіме таптырды. Сол себепті бұл рөлді сырттан жасап, өзіме жапсырғандай емес, ішімнен шыққандай сезіндім.

– Театрдағы тәжірибе сіздің өмірге көзқарасыңызды өзгертті ме?

– Иә, өзгертті, бұрын біреуге бірден мін тағып, әрекетіне баға беріп, шешімін шығарып тастап жататынбыз. Қазір әр шығармамен жұмыс істеген сайын кейіпкердің жан дүниесін зерттеп, оның не себепті бұлай әрекет еткенін түсінуге тырысамыз. Сондықтан қазір өмірде де еш адамға бірден мін таға алмаймын. Сахнада да жағымсыз кейіпкерді ойнасаң, көрермен сенің әрекетіңді түсініп, белгілі бір деңгейде ақтай алатындай дәрежеге жеткізуің керек. Меніңше, осы түсінік театрдан өміріме де енді. Қазір адамды бірден сынамай, оның әрекетінің артында қандай себеп бар екенін түсінуге тырысамын.

– Өзіңіз қандай рөлді сомдағыңыз келеді, ондай бар ма?

– Жақында ескі блокнотымды тауып алдым. Студент кезімде жазған жазбаларымның арасынан «Бұйыртса, Жанна д’Арктың рөлін Қуанышбаев театрының сахнасында ойнағым келеді» деп жазыппын. Ол кезде біз үшін Қуанышбаев театрының сахнасына шығудың өзі үлкен арман еді. Сол уақытта театрда Жанна д’Арк туралы спектакльдің премьерасы болып жатқан.  Пьесаны режиссер Әлімбек ағадан сұрап, зерттеп жүргенмін. Сөйтіп театрға жұмысқа кіргеніме бір жыл болған кезде, Әлімбек аға осы рөлді маған бергісі келетінін айтты. Қатты қуандым, бірақ сол кезде декреттік демалысқа шығып кеттім. Содан орындалмаған арманым болып қалып қойды.

Дубляж саласында да бой көрсеттіңіз. Дубляж кезінде кейіпкердің мінезі мен эмоциясын тек дауыс арқылы жеткізу қаншалықты қиын?

– Ол кезде мен небәрі 19 жаста едім. Негізі режиссердің берген тапсырмасын дұрыс түсініп, соны орындай алса, дыбыстау қиын немесе оңай деп бөлінбейді. Театрда да, дубляжда да ең маңыздысы – режиссердің сенен нені талап етіп тұрғанын түсіну. Оны түсінгеннен кейін ары қарай бәрі өздігінен шыға береді.

– Алға қойған шығармашылық жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

– Негізі, бұл жоспардан гөрі арманым шығар. Болашақта осы саланың педагогі болып, тәжірибеммен бөліссем деймін. Жалпы, тәжірибе жинап, кейін педагог болып жүргендер аздау ғой. Себебі, кейбірі театрға мүлде аяқ баспай тұрып, бірден педагог болып жатады. Меніңше, бұл салада ұстаздық ету үшін алдымен соның ыстық-суығына күйіп, тәжірибе жинау қажет секілді.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан   Дильназ Қалиқанова, ЕҰУ Журналистика мамандығының 3-курс студенті

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 10:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары