Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Айыппұл ба әлде құтқарылған өмір ме ауруханаға бара жатқанда ЖҚЕ бұзуға бола ма

Айыппұл ба әлде құтқарылған өмір ме ауруханаға бара жатқанда ЖҚЕ бұзуға бола ма

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда жүргізушілер адам өмірін құтқару мақсатында аса қажет болған жағдайында жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзған болса, ол үшін жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Алайда мамандар зардап шегушіні өз бетінше тасымалдауға әрдайым рұқсат беріле бермейтінін ескертеді.

Адамды қай кезде жеке көлікпен шұғыл ауруханаға жеткізу керек, ал қай кезде жедел жәрдемді күткен абзал екенін Tengri Auto аға фельдшерден біліп көрді.

Адам өміріне қауіп төнгенде жол ережесін бұзуға бола ма?

Кейде жүргізушілерге ЖКО-да зардап шеккендерді немесе жағдайы ауыр науқастарды ЖҚЕ бұза отырып тасымалдауға тура келеді. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Естеріңізге салайық, Қазақстанда аса қажеттілік қағидаты қолданылады. Егер ЖҚЕ бұзу әрекеті адам өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жасалса және қауіптен құтылудың басқа жолы болмаса, жүргізуші әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

Анықтама: Анықтама: ҚР ӘҚБтК-нің 37-бабына ("Аса қажеттілік") сәйкес, егер ЖҚЕ бұзу адам өмірін құтқару мақсатында жасалса, жүргізуші жекелеген ережебұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Мысалы, ЖКО-да зардап шеккен адамды шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болған жағдайда. Осыдан кейін жүргізуші оқиға орнына оралып, полиция қызметкерлерін күтуге міндетті.

Өз әрекетін дәлелдеу үшін медициналық құжаттарды, куәгерлердің айғақтарын, бейнетіркегіш жазбаларын пайдалануға болады. Алайда әр жағдай жеке қарастырылады және науқасты тасымалдау дерегі айыппұлдың жойылуына толық кепілдік бермейді.

Қай кезде ауруханаға өз бетінше баруға болады?

Маманның айтуынша, алған жарақат адам өміріне үлкен қауіп төндірмейтін болса ғана оны емдеу мекемесіне өз бетінше жеткізуге болады.

"Егер жарақат жеңіл болса, мысалы, денесі сәл кесілген немесе соғылған болса, адам есін білсе, өздігінен тыныс алса және жағдайы тұрақты болса, жеке көлікпен ұқыпты тасымалдауға рұқсат етіледі", - деп түсіндірді Усманова.

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Фируза Усманова

аға фельдшер

Қандай жағдайларда жедел жәрдем шақыру қажет?

Тәуекелге баруға болмайтын және жедел жәрдем бригадасын күту қажет болатын жағдайлар бар:

Олардың қатарына мыналар жатады:

естен тану; қатты қан кету; кеуде тұсының ауруы; тыныс алудың қиындауы; бас жарақаттары; мойын немесе омыртқа жарақатының күдігі; көптеген жарақаттар.

"Мұндай жағдайларда зардап шегушіні медиктер тексеріп, қажет болған жағдайда арнайы жабдықтың көмегімен тасымалдауы тиіс", - деді фельдшер.

Зардап шеккен адамды қозғалтуға болмайтын жағдайлар?

Жарақаттың кейбір түрлерінде адамды орнынан қозғалту өте қауіпті.

Маманның сөзінше, аса қажеттілік болмаса, омыртқа немесе мойын зақымдалған деген күдік болғанда, бастың ауыр жарақатында, жамбас және ортан жілік сынғанда, сондай-ақ көптеген ауыр зақымданулар кезінде зардап шегушіні қозғалтуға болмайды.

"Егер өмірге тікелей қауіп төніп тұрмаса, мысалы, өрт немесе жарылыс қаупі болмаса, адамды орнында қалдырып, жедел жәрдемді күткен дұрыс", - деп қадап айтты ол.

Көмек көрсетпек болғандар жиі жіберетін қателіктер?

Көмектескісі келген адамдар кейде зардап шегушіге зиян келтіретін әрекеттер жасап жатады.

Маман ең көп таралған қателіктердің ішінен мыналарды атап көрсетті:

қажеттіліксіз адамды көтеріп, тасу; бас пен мойынды бекітпестен тасымалдау; ес-түзсіз жатқан адамды шалқасынан жатқызу; қатты қан кетуді тоқтатпастан тасымалдау; медиктердің нұсқауынсыз су немесе дәрі беру әрекеттері. Дұрыс тасымалдамаудың қаупі қандай?

Зардап шеккен адамды дұрыс қозғалтпау ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін.

"Бас, мойын немесе омыртқа жарақаттарында жұлынның зақымдану қаупі, параличтің дамуы, тіпті тыныс алудың тоқтап қалу қаупі бар. Сонымен қатар, ішкі қан кету күшеюі немесе бас сүйек-ми жарақаты кезінде жағдай нашарлауы мүмкін", - деп түсіндірді Усманова.

Ес-түзсіз жатқан адамды қалай тасымалдау керек?

Егер зардап шегуші ес-түзсіз болса, бірақ өздігінен тыныс алып жатса, оны қырынан жатқызу керек.

Мұндай қалып құсықтың тыныс алу жолдарына түсуін болдырмайды және тұншығу қаупін азайтады.

Тасымалдау кезінде басты, мойынды және денені бір сызықта ұстау, сондай-ақ адамның тыныс алуы мен тамыр соғысын үнемі бақылап отыру маңызды.

Жолға шықпас бұрын не істеу керек?

Тасымалдау алдында маман мыналарды ұсынады:

тыныс алу жолдарының бос екеніне көз жеткізу; қатты қан кетуді тоқтату; мүмкіндігінше дененің зақымдалған бөлігін қозғалмайтын күйге келтіру; есін, тыныс алуын және тамыр соғысын тексеру.

Егер зардап шегушінің жағдайының ауырлығына күмән туындаса, жедел жәрдем шақырған дұрыс.

Жолда адамның жағдайы нашарлап кетсе не істеу керек?

Егер тасымалдау кезінде жағдайы күрт нашарласа, қауіпсіз жерге тоқтап, жедел жәрдем шақыру қажет.

Бұдан кейін зардап шегушінің тыныс алуы мен тамыр соғысын тексеру керек. Егер тыныс алмаса, дереу жүрек-өкпе реанимациясына кірісіп, жедел жәрдем диспетчерінің нұсқауларын орындау қажет.

Фельдшерден үш негізгі ереже

Қорытындылай келе, маман қателіктерге жол бермеуге көмектесетін үш негізгі ережені атады:

ауыр жарақаттар кезінде алдымен жедел жәрдем шақыру; бас, мойын және омыртқаның қозғалмауын қамтамасыз етуге тырысу; тасымалдау кезінде зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауда ұстау.

Басты ереже - зиян тигізіп алмау. Егер күмән болса, адам денсаулығына қатер төндіргенше, мамандарды күткен абзал.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары