Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Атырау мен Маңғыстау тұрғындары: Мұнайдың пайдасы бар, бірақ экология мен денсаулыққа зияны басым

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

Қазақстандықтар Алматыда жиі концерт өткізетін ресейлік әншіге бойкот жариялады

Атырау облысында сумен қамтудың маңызды нысаны жөндеуден өтті

Астанадағы аптап ыстық пен Алматыдағы нөсер жаңбыр 26 28 мамырға арналған болжам

Құнды қазынаның жоқшысы

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

Негізгі ҰБТ ның аралық қорытындысы: талапкерлердің 71% ы тестілеуді қазақ тілінде, 29% ы орыс тілінде тапсырды

Алабай 45 қойды жарып кетті фермер ветқызметтен миллиондаған теңге өндіріп алды

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

Қазақстан АХҚО сотының Газпром мен Нафтогаз арасындағы шешімін орындамайды

Денесіне 1 келі есірткі жасырған: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

Кэнсел мәдениеті: қоғам таңдауы ма, әлде мәжбүрлеу ме

Кэнсел мәдениеті: қоғам таңдауы ма, әлде мәжбүрлеу ме

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

 «Кэнсел мәдениеті»: жауапкершілік пен бедел мәселесі

Бұрын даулы пікірге бүкіл ел назар аударуы үшін белгілі бір уақыт қажет болатын. Қазір ғаламтордың әсерінен мұндай құбылыс кең әлеуметтік резонанс тудырады. Әсіресе танымал тұлғалар, блогерлер, шенеуніктер мен компаниялар сыни назардың нысанына айналады. Олардың әр сөзі әлеуметтік желіде жан-жақты талқыланып, тез таралады. Мысалы, аяғын шалыс басқан өнер адамы болса, жұрт оны «қара тізімге» қосып, концертіне бармай, киносына билет алмай қоюы мүмкін. Шетелде бұл құбылысты «cancel culture», яғни «кэнсел мәдениеті» (бас тарту) деп атайды.

Кейде бір ғана жазба адамның немесе кәсіпорынның «кэнселге» ұшырауына жеткілікті. Мысалы, әлеуметтік желілерде жарияланған бір пікір немесе ескі даулы видеоны қайта жариялау адамға немесе компанияға кері әсер етіп жатқанын көріп жүрміз. Бір жағынан, бұл әділдік принципіне сай, азаматтарға әлеуметтік жауапкершілікті естен шығармай, әр қате үшін жаза болатынын үйретеді. Танымал тұлғалар өз әрекетінің салдарын аңғарып, әр сөзі жұртқа қалай әсер ететінін бағалай алады.

Фото: freepik.com

Алайда кейде бір ғана шағын қателік немесе даулы мәлімдеме адамның беделіне, кәсіби мансабына, тіпті жеке өміріне елеулі зиян келтіріп жатады. Кейде бұл сыни реакциялар заң тұрғысынан негізсіз болғанымен, қоғамда «моральдық баға» ретінде қабылданады. Әлеуметтік желілер бұл процесті жылдамдатып, әсерін күшейтеді.

Әлемдік тәжірибе

Кэнсел мәдениеті (cancel culture) алғаш рет 2010 жылдардың басында АҚШ-та және басқа дамыған елдерде кеңінен тарала бастады. Бұл құбылыс әлеуметтік желілердің дамуымен тығыз байланысты. Twitter мен Facebook секілді платформалардың ықпалымен адамдардың жазбалары тез таралып, қоғамдық пікірге айналды. Сол арқылы бір адам немесе ұйым өз қателіктері үшін лезде «жауапқа» тартыла бастады.

2017 жылы Харви Вайнштейн (Harvey Weinstein) ісі кэнсел мәдениетінің ең ірі және жарқын мысалы болды. Голливудтың атақты продюсері өзінің қызмет бабын пайдаланып, көп жыл бойы әйелдерге жыныстық зорлық көрсеткені үшін айыпталды. Бұл жағдай #MeToo қозғалысының пайда болуына түрткі болды. Аталған оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, Вайнштейн мансабынан айырылды, қоғамнан шеттетілді, ақыр аяғында 2020 жылы 23 жылға сотталды. Қазір оның ісі қайта қаралып жатыр. Осы оқиғадан кейін кэнсел мәдениеті кеңінен таралып, танымал тұлғалардың айтқан сөздері мен іс-әрекеті әлеуметтік желіде көпшілік тарапынан сыналатын болды. Мысалы, Кевин Харт (Kevin Hart) әлеуметтік желіде бұрын айтқан нәсілшіл әзілдері үшін «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімін жүргізуден бас тартуға мәжбүр болды. Бұл жағдай «кэнсел мәдениетінің» шектен тыс реакция мен әлеуметтік қысымға қалай ұласатынын көрсетті.

Фото: freepik.com

Сонымен қатар Голливуд жұлдызы Джонни Депп те кэнселлинг құрбаны болды деуге болады. Бұрынғы әйелі Эмбер Хердті ұрып-соқты деп айыпталған актер жұрт теріс айналған соң атақ-абыройынан, миллиондаған доллар сомасында жарнамалық келісімшарттардан айырылды. Кейінірек сот оны ақтап шықса да, бәрін қалпына келтіру мүмкін емес еді. 

Кэнсел мәдениеті белгілі бір тұлғаның қателіктерін түзету мен оған жауапкершілік жүктеуді мақсат тұтса да, оның асыра қолданылуы мен негізсіз айыптаулар салдарынан теріс әсері де болуы мүмкін.

Эмоция жетегі: бойкот қоғамда алауыздық тудыра ма?

Қазақстандағы «кэнсел мәдениетінің» ерекшелігі – эмоция үстемдігі. Қоғамдық пікір бір сәтте қалыптасып, адамның беделі үшін шешуші факторға айналуы әбден мүмкін.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Салмақты саясат қағидаттары» атты мақаласында Қазақстандағы «кэнсел мәдениеті» құбылысын жан-жақты талдап, оның қоғамға тигізетін әсеріне ерекше назар аударды. Оның пайымдауынша, соңғы жылдары әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалар қоғам пікірін қалыптастыруда басты құралға айналды. Алайда олардың қарқынды дамуы кейде ойланбай айтылған сөздер мен эмоцияға берілген әрекеттердің тез таралуына себеп болады.

- Бір қарағанда бұл азаматтық белсенділіктің бір қыры болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде қысым көрсету мен келекенің құралына айналып барады. Адамдар эмоцияның жетегінде кетіп, мәселенің байыбына бармай бойкот шараларына қосылады. Осының салдарынан қоғамдағы алауыздық пен агрессия күшейеді. Әділетсіздіктің мән-маңызын түсінбей тұрып талқыға араласу, одан да зор әділетсіздікті туындатуы мүмкін екенін естен шығармаған абзал, - деп жазады Ерлан Қарин.

Фото: Ақорда

Бұл әсіресе этностық, діни, тілдік және сыртқы саясат сияқты сезімтал тақырыптарды талқылауда қауіпті.

Мемлекеттік кеңесші бұл қиындықтан шығудың жолы цифрлық этика екенін айтады. Оның пікірінше, әлеуметтік желілерде пікір білдіру барысында әрбір азамат эмоцияға берілмей, өз әрекеті мен сөзінің салдарын ойлауы тиіс.

Сонымен қатар, сенімді ақпарат көздеріне сүйену, диалог мәдениетін сақтау және қарсы тарапқа құрметпен қарау - қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі шарты. Осындай саналы және жауапты әрекеттер арқылы ғана қоғамда «кэнсел мәдениеті» туындататын жағымсыз үрдістерді азайтуға және цифрлық ортадағы қауіпті ықпалды шектеуге болады.

Қоғамдық айыптау құбылысы: сарапшылар пікірі

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, «кэнсел мәдениеті» – тек Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемдік деңгейде де қабылдауға келмейтін құбылыс. Оның пікірінше, бұл - табиғи қоғамдық үрдіс емес, керісінше, азшылықтың бейтарап көпшілікке үстемдік жүргізуге ұмтылысы.

– Қоғам белгілі бір адамның заңға қайшы емес, бірақ көпшілік этикасына сай келмейтін әрекетін қабылдамай, одан іштей теріс айналуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай. Алайда мұндай кезде арнайы «жою мәдениетін» ұйымдастырудың қажеті жоқ. Өйткені шын мәнінде көпшілік бір нәрсені айыптаса, ол өздігінен-ақ сол адамнан сырт айналады, – дейді ол.

Фото: Ғазиз Әбішевтің жеке мұрағатынан

Ғазиз Әбішевтің пайымдауынша, егер бір адам қоғамдық кеңістікте баршаға жағымсыз, әдепсіз әрекет жасаса, оны жұртшылық өзі-ақ қабылдамайды. Мұндай жағдайда ешқандай үндеу немесе ұйымдастырылған науқан қажет емес. Қоғамдық сана адамды өздігінен оқшаулайды. Егер шынымен де қабылдамаса, ол өздігінен ұмытылады. Ал адамдарды күшпен бір көзқарасқа көндіру – мәдениеттің емес, фанатизмнің белгісі.

– Егер белгілі бір топ арнайы «кэнсел науқанын» ұйымдастыруға мәжбүр болса, бұл көпшіліктің сол әрекетке өздігінен қосылмағанын көрсетеді, яғни шағын топ өз көзқарасын бүкіл қоғамға күшпен таңуға тырысады, – дейді ол.

Ғазиз Әбішевтің пікірінше, адамдарды моральдық қысым арқылы белгілі бір көзқарасқа мәжбүрлеу – қауіпті шек. Мұндай жағдайда белсенділер қорқыту, масқаралау, психологиялық қысым көрсету тәсілдеріне жүгінеді. Бұл – қоғамдық нормаларға қайшы әрекет.

– Егер біреу «мен мұнымен келіспеймін» десе, бұл - қалыпты жағдай. Ал «менімен келіспегендердің бәрі жау, оларды жазалау керек» деген ұстаным – қауіпті. Бұл - мәдениет емес, керісінше, қоғамға зиян келтіретін құбылыс, – дейді ол.

Саясаттанушы мұндай агрессивті белсенділіктің түп-тамыры көбіне жеке өмірдегі қанағаттанбаушылықта жатқанын атап өтеді. Оның айтуынша, кей адамдар өз өмірінен мән таба алмаған соң, радикалды идеяларға жабысып, сол арқылы өзін маңызды сезінгісі келеді.

– Көп жағдайда мұндай адамдар отбасында, кәсіби ортада немесе қаржылық тұрғыда өзін таба алмағандықтан, «қасиетті күрес» іздейді. Сол арқылы өзін қоғамға керек сезінгісі келеді, – дейді ол.

Сонымен қатар Әбішев өнер мен тұлғаның жеке көзқарасын ажырата білу маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, тарихтағы ұлы тұлғалардың барлығы дерлік мінсіз болмаған. Алайда оларды бүгінгі өлшеммен ғана бағалау – әділетсіздік.

– Біз Бетховенді, Моцартты, Микеланджелоны, Виктор Гюгоны немесе басқа да тарихи тұлғаларды зерттесек, мін табуға болады. Бірақ бұл олардың адамзат өркениетіне қосқан үлесін жоққа шығармайды. Әр дәуірді өз уақытымен бағалау керек, – дейді ол.

PR мақсатындағы мүмкіндіктер мен қауіптер

Қазақстанда «кэнсел мәдениеті» қоғамда эмоционалды реакция мен қысым көрсету арқылы белгілі адамдардың беделіне елеулі зиян келтіруі мүмкін. Бұл құбылыс кейде азаматтық белсенділік сияқты көрінгенімен, шын мәнінде қоғамдағы алауыздық пен әділетсіздікке әкеледі. PR маманы Салтанат Әскербекқызының айтуынша, әлеуметтік желідегі сынды дұрыс басқару арқылы мүмкіндікке айналдыруға болады. Кез келген сын әрдайым жеке тұлғаның әлсіз тұстарын көрсетеді, бірақ конструктивті сыннан сабақ алып, имиджді түзетуге болады.

Фото: Салтанат Әскербекқызының ФБ парақшасынан

Маман эмоциялық реакцияны басқарудың PR стратегияда маңызды рөл атқаратынын айтады. Аудиторияның мінез-құлқын толық болжау мүмкін болмаса да, дұрыс жоспарланған коммуникация, стратегия және мониторинг арқылы эмоционалды «резонанс тудырған пікірдің» алдын алуға болады. Мониторинг – медиа мен әлеуметтік желілерде болып жатқан оқиғаларды бақылап, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік беретін маңызды құрал.

– Қоғамдық тұлға аудиторияның эмоциясын басқарғысы келсе, алдымен өз эмоциясын бақылауды үйренуі керек. Адам психологиясын, әртүрлі ұрпақтардың ерекшеліктерін білу – аудиторияның эмоционалды реакциясын дұрыс болжауға көмектеседі, – дейді маман.

Қазақстандағы «кэнсел мәдениетінің» ерекшелігі неде?

Салтанат Әскербекқызының айтуынша, Қазақстандағы «кэнсел мәдениетінің» ерекшелігі ұлттық дәстүр және тарихи тәжірибемен ұштасады. Бұрынғы дәуірде де қоғамда этика мен «ұят» ұғымы негізінде белгілі бір тәртіп орнаған еді.

– Қазақ эпосындағы батырларды қоғамның өзі бағалап, дұрыс емес әрекеттері үшін жазалайтын институт болған. Бүгінде заңдар толық жұмыс істемесе, кейде халық өздігінен моральдық бағалау жүргізуге мәжбүр болады, – дейді PR маманы.

Салтанат Әскербекқызы халықаралық тәжірибеге де назар аударды. Ол атап өткендей, Қазақстан бұл үдерісте жалғыз емес. Әлемнің көптеген елі эмоциялық тұрақсыздықпен бетпе-бет келіп отыр. Осы елдер арасындағы айырмашылық қоғамның даму деңгейінде, институттарға деген сенімде және ақпаратты қабылдау мәдениетінде.

Фото: freepik.com

- Кэнсел мәдениетін түсіну үшін өз өткенімізге, бүгінгі жағдайға және қоғамдағы өзгерістерге кешенді түрде қарау қажет. Сонда ғана эмоцияға емес, саналы шешімге негізделген қоғам қалыптастыра аламыз, – деп түйіндеді сарапшы.

Қорыта келгенде, кэнсел мәдениеті – қазіргі қоғамдағы эмоциялық толқу мен әлеуметтік нормаларды бақылаудың күрделі құбылысы. Сарапшылардың пікірі бойынша, ол көбіне жеке тұлғалар немесе шағын топтар тарапынан қоғамға үстемдік жүргізу әрекетімен байланысты көрінеді. Дегенмен, бұл үрдісті дұрыс басқару арқылы кэнсел мәдениеті тек сынау мен айыптауға емес, керісінше сабақ алуға, имиджді сақтап, түзетуге және қоғамдық диалогті қалыптастыруға қызмет ете алады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қаңтар 2026 17:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

25 Мамыр 2026 11:14see188

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

25 Мамыр 2026 18:30see163

Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

25 Мамыр 2026 12:14see124

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see117

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

24 Мамыр 2026 16:44see115

Атырау мен Маңғыстау тұрғындары: Мұнайдың пайдасы бар, бірақ экология мен денсаулыққа зияны басым

25 Мамыр 2026 15:54see115

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

24 Мамыр 2026 18:45see114

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see114

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

25 Мамыр 2026 10:34see114

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

25 Мамыр 2026 09:41see114

Қазақстандықтар Алматыда жиі концерт өткізетін ресейлік әншіге бойкот жариялады

25 Мамыр 2026 15:49see113

Атырау облысында сумен қамтудың маңызды нысаны жөндеуден өтті

25 Мамыр 2026 18:16see113

Астанадағы аптап ыстық пен Алматыдағы нөсер жаңбыр 26 28 мамырға арналған болжам

25 Мамыр 2026 14:48see112

Құнды қазынаның жоқшысы

25 Мамыр 2026 09:56see112

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

25 Мамыр 2026 09:38see112

Негізгі ҰБТ ның аралық қорытындысы: талапкерлердің 71% ы тестілеуді қазақ тілінде, 29% ы орыс тілінде тапсырды

25 Мамыр 2026 11:08see111

Алабай 45 қойды жарып кетті фермер ветқызметтен миллиондаған теңге өндіріп алды

25 Мамыр 2026 11:48see111

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

25 Мамыр 2026 11:59see111

Қазақстан АХҚО сотының Газпром мен Нафтогаз арасындағы шешімін орындамайды

25 Мамыр 2026 20:19see111

Денесіне 1 келі есірткі жасырған: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

25 Мамыр 2026 12:33see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары