Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дүкендердегі жаппай жеңілдік: үнемдеу ме, әлде маркетинг тұзағы ма?

Дүкендердегі жаппай жеңілдік: үнемдеу ме, әлде маркетинг тұзағы ма?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Бұл өзгеріс қоғамда кеңінен талқыланып, әсіресе сауда мен жеңіл өнеркәсіп саласына тікелей әсер етті. Жыл басынан бері ірі сауда орталықтары мен бренд дүкендерінде 30-90%-ға дейінгі жаппай жеңілдіктер жарияланып, нарықта бұрын-соңды болмаған белсенділік байқалуда, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаңтар айында киім-кешек сататын танымал масс-маркеттерде ауқымды жеңілдік науқандары басталды. Тауар құнын бірі – 50%, енді бірі – 70-80%-ға дейін арзандатты. Бұл құбылыс қарапайым маусымдық маркетинг пе, әлде салық реформасының салдары ма?

Жеңілдіктердің басты себебі неде?

Сарапшылар қазіргі жеңілдіктердің бірнеше экономикалық себебін атап көрсетеді. Біріншіден – жаңа салық жүйесіне бейімделу. Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлерге жаңа есеп жүргізу тәртібін, шығындарды қайта жоспарлауды талап етеді. Яғни, импорттық тауарлардың өзіндік құны, логистика, қойма шығындары мен салықтық жүктеме қайта есептеліп жатыр.

Осы өтпелі кезеңде бизнес:

қордағы тауарды тез өткізуге, айналымды сақтауға, жаңа маусымға «таза қоймамен» кіруге тырысады.

Сондықтан ірі жеңілдіктер – кәсіпкерлердің жаңа экономикалық жағдайға бейімделу амалы.

Екіншіден – тұтынушы сұранысын ұстап қалу. Қаңтар – халық үшін қаржылық тұрғыдан ең ауыр айлардың бірі. Жаңа жылдық шығындар, несие төлемдері, коммуналдық төлемдер тұтынушының қалтасын жұқартады. Мұндай кезде адамдар қымбат киім алуға аса құлықты емес.

Кәсіп иелері мұны жақсы біледі. Сондықтан:

үлкен жеңілдік ұсынады, «соңғы мүмкіндік» әсерін тудырады, сатып алуды эмоция арқылы қозғайды.

Үшіншіден – нарықтағы бәсекенің күшеюі. Брендтер бір-бірінен қалмау үшін акцияға қосылуға мәжбүр. Бір дүкен 50% түсірсе, екіншісі 70% ұсынады. Осылайша нарықта «жеңілдік жарысы» басталады.

Тұтынушы психологиясы қалай жұмыс істейді?

Психологтар мен маркетологтардың айтуынша, үлкен жеңілдіктер адамның шешім қабылдау жүйесіне тікелей әсер етеді.

50-70-80% деген сандар тұтынушыда: «мен ақша үнемдеп жатырмын» деген түсінік қалыптастырады. Адам көбіне тауардың қаншалықты қажет екенін емес, қанша жеңілдік барын ойлайды. Сол себепті жоспарсыз сатып алу көбейеді.

«Тек бүгін», «соңғы күн», «жаппай сатылым» деген жазулар адамда: «қазір алмасам, ертең болмай немесе бітіп қалады» деген қорқыныш тудырады. Бұл – психологиядағы FOMO (fear of missing out) құбылысы. Яғни, мүмкіндікті өткізіп алудан қорқу.

Қаңтар – адамдардың психологиялық күйі әлсіз болатын кезең. Демалыс аяқталып, жұмыс басталады, ауа райы суық, күн қысқа. Мұндай кезде шопинг көпшілік үшін көңіл көтерудің, күйзелісті басудың тәсіліне айналады. Ал жеңілдік – сол эмоциялық қажеттілікті қанағаттандыратын құрал.

Жеңілдіктердің салдары қандай болады?

Отандық брендтердің бағасы шетел брендтерінен төмен болса да, оны қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Сол себепті кей адамдар киімді бөліп төлеу арқылы алады.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы айларда нарық біртіндеп тұрақтанып, жаңа салық жүйесіне толық бейімделген соң баға саясаты қайта қалыптасады.

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасына қатысты қоғам пікірі ескерілетінін атап өтті.

«Жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты қоғам тарапынан айтылған барлық орынды, сындарлы ұсыныстарды мұқият зерделеп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізу керек. Қысқаша айтқанда, бұл қасиетті жазба емес», - деді Президент.

Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров: «ҚҚС-тың көтерілуі әр қазақстандыққа әсер етеді. Біз әділетті жүйе құруды ұсынып отырмыз. Қаржылық жауапкершілік тек қарапайым халыққа емес, стратегиялық ресурстарды иеленіп отырған ауқатты азаматтарға да тең бөлінуі тиіс», - деген еді.

Қаңтардан кейінгі нарық – тек жеңілдіктер кезеңі емес, жаңа экономикалық модельге бейімделу дәуірі.

Сондықтан 30-90%-дық акциялар – бизнестің жаңа салық жүйесіне бейімделуі, сұранысты ұстап қалу тактикасы, тұтынушы психологиясына әсер етудің құралы. Ал тұтынушы үшін бұл – бір жағынан тиімді мүмкіндік, екінші жағынан эмоциямен жасалған артық шығынның көзі.

Гүлшекер СҮЛЕЙМЕНОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Баспасөз және баспа ісі кафедрасының 4 курс студенті

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 16:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see141

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see141

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see137

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see137

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see136

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see136

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see132

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see130

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see130

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see129

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see119

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see119

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see118

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see118

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see113

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары