Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Қарыз кешіріле ме, әлде жауапкершілік күшейе ме?

Қарыз кешіріле ме, әлде жауапкершілік күшейе ме?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Президент 2022 жылғы жел­тоқ­санда жеке тұлғаларды бан­крот деп тануды көздейтін «Аза­мат­­тардың төлем қа­бі­лет­­ті­­лі­гін қалпына келтіру және бан­крот­тық туралы» заңға қол қой­ды. Заң­ның негізгі мақсаты – қарызға белшеден батқан ел аза­мат­тары­ның борыш жүктемесін тө­мен­дету. Оның ішінде әлеу­мет­тік шие­леністі жеңілдету, қа­­рыз­ға қатысты тө­лемдерді ынта­ландыру, банкрот­тық­тан кейін­гі бірқатар шектеу бар. Осы­дан кейін қарызын өтей алмайтын жеке тұлғаларға соттан тыс, сот арқылы банкрот­тық жария­ланса, төлем қабілет­ті­лігін қал­пына келтіруді ой­ла­ған­дар қа­рызын бөліп төлеу мүм­кін­дігіне ие болды. Бір сөз­бен, Заң­ борышкерлерді ауыр қа­рыз жүк­те­ме­сінен құтқарып, әлеу­мет­тік-эко­ломикалық жағдайын оңалтуды көздейді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбіл­қасымова осыған дейін, 2019 жылы жүргізілген кредиттік амнистияның тиімді болмағанын айтады. Оның сөзінше, қарызы кешірілген азаматтардың бір бөлігі қайта несие рәсімдеп, қарызға тағы батып үлгерген. Яғни амнистия ке­зінде мемлекет азаматтардың бел­гілі бір бөлігіне қарыз жүктемесін жеңіл­деткенімен, бұл қадам кейбір тұлғалардың жауапкершілігін төмендеткен.

«Бұл моральдық тәуекел тудырады. Кейбір азаматтар бес-алты жыл сайын несиеле­рі кешіріледі деп күтеді. Сол се­німмен төлем жасауды тоқ­та­та­ды. Бұл мемлекет бюджетіне қо­сымша салмақ түсіреді. Сол се­­бепті біз ендігі жерде қарызды кешіру емес, қаржылық сауат­тылық­ пен алдын алу шарала­рын кү­шейтуге басымдық бере­міз»,­ деп мәлімдеді агенттік басшысы.

Расында да, несие амнис­тиясы мем­лекеттік бюджетке салмақ түсіреді. М.Әбіл­қасымова қазіргі экономикалық жағ­дайда мұндай шара қолдау тап­пағанын да айтты. Есесіне, алдын ала сара­ланып, келісіп-пішілген «Қарызсыз қоғам» жобасы мемлекет, халық тарапынан сұранысқа ие болып тұр.

Қабылданған ұтымды шешім­дердің арқасында енді­гі жерде несие төлемін кешік­тір­ген азаматтарға жаңа қарыз бе­рілмейді. Яғни банктегі қары­зын 30 күн төлемегендерге, ми­кро­қаржы ұйымдарындағы бере­ше­гін бір күнге кешік­тіргендерге несие рәсімдеуге тыйым салы­нады. Осы өзгерістер «Банк ту­ралы» жаңа заң жобасында қарастырылған. Банк қарызы бұдан былай мемлекеттің емес, ак­ционердің мойнында болады. Қажет болса, мемлекет қаржы құйып, акционер атана алады. Ол аз десеңіз, көп ұзамай цифр­лық теңге ен­гізіліп, төлем құралы ретінде кеңі­нен қолданылмақшы. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, цифрлық теңгеге пайыз жүрмейді, ол депозит емес. Оның басты артықшылығы – төлем қауіпсіздігі мен алаяқтық жағдайында қаражатты толық бұғаттау мүмкіндігінде.

Кейінгі жылдары қабылдан­ған өзге­рістер көптің көңілінде жүрген біраз түйінді мәселені рет­тегелі тұр. Мысалы, жуырда­ Павло­дар облысындағы екі баланың анасы 2019 жылы алған бірнеше несиесін өтеуге төлем қабілеті болмай, сотқа жүгінген. Азаматтық істі Павло­­дар облыстық сотының азаматтық істер жө­ніндегі сот алқасы қарап, өңір тұрғы­нын банкрот деп тану туралы арызын қанағаттандырып, тұлға ресми түрде бан­крот деп танылды. Белгілі бол­ған­дай, екі баласын жалғыз асырап отыр­ған әйел бастапқыда төлемдерді уақты­лы аударғанымен, кейін қаржылық қиындықтарға тап болып, берешек сомасы 6 344 644 теңгеге дейін өсіп кеткен. Сот шешім қабылдарда әйелдің тұрақты табыс көзі жоқтығын, асырауында кәмелетке толмаған екі баласы барын әрі қарыздың бір жылдан астам уақыт төленбегенін ескерген. Арыз берушінің материал­дық жағдайының нашарлауы объективті жағдайларға бай­ланысты екенін, бұрын мін­деттемелерін тиісті түрде орын­дал­ғанын анықтаған.

Тағы бір мысал ретінде шағын бизнес ашуға 5 млн теңге несие алған Алматы тұрғынын айтсақ болады. Ол несие алған жылдары құрылыс материал­дарын сатумен айналысыпты. Алайда қапияда ауыр жол апатына түсіп, жұмысқа жарамсыз болып қалған. Табыс тоқтаған соң, қа­рыз үстіне өсімпұл қосыла берген. Сот азаматтың мүгедектігін әрі кірі­сінің күрт төмендегенін басшылыққа алып, оны да банкрот деп таныған. Есе­сіне, оқыс оқиғадан қиын жағдайға тап болған азаматтың отбасы үй-күйсіз қалу қаупі­нен құтылды. Әділетті, ашық, құқықтық мем­лекеттің ұстаны­ма сай келе­тін шешім деп осы мысалдарды айтуға болады.

«Қарызсыз қоғам» жобасы­ның сарап­шы-тренері Айнұр Тарбаева азаматтарды банкрот деп танудың артықшылығы тек қарыз кешіруде емес деп түсіндіреді. Себебі осыған дейін қабылданған кредиттік амнис­тия, жоғарыда айтқандай, соншалықты тиімді болмаған.

«Азаматтарды банкрот деп тану – мемлекеттің жай ғана «сыйлығы» емес. Бұл өте күрделі қадам. Банкрот деп танылған адам бес жыл бойы қайта несие ала алмайды. Оның қаржылық жағдайы қатаң бақылауда болады. Дегенмен бұл шешімнің маңызы зор. Біз азаматтарды «көлеңкелі экономикадан» шығарамыз. Өйткені қарызға батқан адам коллекторлардан қашып, ресми жұмыс істемей, жалақыны конвертпен алуға мәжбүр болады. Банкроттық олардың қоғамға толыққанды оралуына мүмкіндік береді», дейді А.Тарбаева.

Әлеуметтанушы Ербол Серік­ұлының пікірі де осыған сая­ды. Ол қарыздың салмағы күн­делікті тұрмыс-тіршілікке әсер етіп, салдарынан әлеуметтік мә­се­лелер ушығуы мүмкін екенін ескертеді.

«Қарыз – тек қаржылық емес, үлкен психологиялық жүк. Ай сайынғы табысы тек несие жабуға кетіп, тамақ пен киімге ақша таппай отырған ата-ана күйзеліске түседі. Мұндай отба­сыларда ұрыс-керіс жиілеп, ажырасу көбейеді. Балалар зардап шегеді. Ал қарызды ке­шіру немесе қайта құрылымдау – ең алдымен сол отбасының сақталып қалуы­на, балалардың тыныш ортада өсуіне жасалған инвестиция деп ұғу керек», дейді Ербол Серікұлы.

«Таяқтың екі ұшы бар» деген. Эконо­мист Айбар Олжайдың айтуынша, банкрот­тық қарызға батқан тұрғындарды тығы­рықтан шығарғанымен, банк­терге оңай болмайды. Салдары жеке тұлға­лардың кредиттік портфелінің азаюына әкелуі мүмкін. Бір ұтымдысы, осы шешім банктерге проблемалық клиенттерді, яғни S санатындағы кредиттерді азайтып, қаржылық тұрақтылығын реттеуге мүм­кіндік береді.

Шын мәнінде, мемлекеттің ел азаматтарының қарызын кешіруге немесе банкроттық жариялауға мүмкіндік беруінің астарында үлкен стратегиялық мақсаттар жатыр. Бірінші, тұрмысы төмен отбасыларды қорғау ұстанымы. Заң аясында ресми табысы жоқ, айлық кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз немесе қарызы 4,9 млн теңгеден асатын азаматтар сот арқылы банкроттық рәсімін қолдана алады. Осы қадам ең осал топтарды, оның ішінде жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар жандарды қорғайды. Екінші, суицид пен қылмыстың алдын алуға белгілі бір деңгейде әсер етеді. Тығырыққа тірелген, қарызын төлей алмай қатты қысымға ұшыраған адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауға немесе ұрлық, алаяқтық сияқ­ты қылмыстарға баруға бейімі болуы мүмкін. Банкроттық осындай азамат­тарға да үміт сыйлайды. Үшінші, эконо­микалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал етеді. Қарызынан құтылған адам еңбек нарығына қайта шығады. Салық төлеушіге айналады, өмірін жаңа парақтан бастайды.

«Қарызсыз қоғам» жобасы әрі осының аясында қабыл­данған жеке тұлғалар­дың бан­к­рот­­тығы туралы заң – мем­­лекеттің өз азаматтарына деген жан­ашырлығының кө­рі­нісі. Кейде өмірдің қалтарыс-бұлтарыстарында адамдар әдейі емес, қаржылық сауатсыздықтың немесе өмірлік қиын жағдайдың құрбаны болады. Мемлекеттің, халықтың осындай азаматтарға қолдау көрсете алғаны әділеттің шынайы үлгісі. Қарыздың ке­шірілуі шығынға батқандарға жауап­кершіліктен қашу емес, қа­теліктен сабақ алу мүмкін­дігі болуға тиіс. Кейінгі жас­тар,­ жеткіншектер де осыны­ ұғынса, әлеуметтік, қаржылық қиындықтарға көп ұрынбайды. Сол себепті де аталған жоба аясында балаларды мектеп қабырғасынан қаржылық сауат­тылыққа үйрету, халық­қа «көрпесіне қарай көсілу­ді» түсіндіру міндеттері қарас­тырылған. Осындай ауқымды жобалар мен нақты міндеттер ғана бізді шын мәнінде қар­жы­лық тәуелсіз әрі қарызсыз қоғам құруға ынталандырады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see141

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see139

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see138

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see136

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see136

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see136

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see134

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see131

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see128

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see126

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see125

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see123

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see121

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see120

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see120

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see119

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see118

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see118

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары