Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Францияда TGV пойызы жүк көлігімен соқтығысып, машинист қаза тапты

Венгрия Украина бойынша АҚШ пен Ресей саммитін өткізуге дайын Орбан

Бублик Монте Карлодағы ATP 1000 турнирінде Монфисті екі сетте жеңді

Теңгенің нығаюы азық түлік бағасын төмендетуге әсер ете ме

Қазақстанда психологтарға дәрі дәрмекпен емдеуге тыйым салу ұсынылуда

Еліміз әлеуметтік қолдау бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

Футболдан Қазақстан WU 17 құрамасы А лигасына жолдама алды

Бокстан Азия чемпионаты: Финалдағы қарсыластарымыз кімдер

Әзербайжан Сербияға 444 млн текше метрден астам газ экспорттады

Еліміздің вагон паркі 100% ға жаңартылады

Алаяқтар мен бейтаныс адамдар хабарласа алмайды: WhatsApp жаңартылды

Қазақстан мен Корея жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті

Халыққа жылу сыйлаған

Астанада медицина қызметкеріне шабуылдан кейін тағы бір қылмыстық іс қозғалды: видео

Сәуірден бастап тарифтерге мораторий тоқтады электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Қытайдың Чанчжэн 8 зымыран тасығышы жаңа интернет спутниктерді орбитаға шығарды

Астана маңындағы отбасының аяусыз өлтірілуі күдікті бұған дейін есі дұрыс емес деп танылған

Жапонияда инфляция мен еңбек тапшылығы банкроттар санын арттырды

Қыруар қаражатқа алынған автобустар қаңтарылып тұр

Нейрохирургтер күні: Қазақстанда күрделі оталардың 80% ел ішінде жасалады

ChatGPT: оқуға қажет жәрдемші ме, әлде білімге төнген қатер ме

ChatGPT: оқуға қажет жәрдемші ме, әлде білімге төнген қатер ме

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Кейде көшіріп алатыным бар...»

Оқушылардың айтуынша, олар ChatGPT-ді көбіне шығарма, реферат, презентация дайындау үшін, математика мен физикадан есеп шығару үшін, сондай-ақ қазақ және ағылшын тілдерін меңгеріп, күрделі тақырыптарды түсіну үшін пайдаланады.

– ChatGPT-ді тек белгілі бір жағдайларда ғана қолданамын. Көбінесе қазақ тілін оқу барысында пайдаланамын. Жасанды интеллект құралдарынан ақпаратты өте сирек көшіремін. Бірақ, меніңше, жасанды интеллектісіз оқу әлдеқайда қиын болар еді. Кейде мұғалімдердің өздері бізге ЖИ қолданып, бірдеңе жазып келуге тапсырма береді. Жеке өзім үшін ChatGPT – сырласатын психолог сияқты, - дейді 5-сынып оқушысы Лиза.

6-сынып оқушысы Әнел де оқу барысында жасанды интеллектіні жиі пайдаланатынын айтты. 

– Мен өзіме қиын соғатын математика мен жаратылыстану пәндері бойынша ақпарат сұраймын. Ол маған тақырыпты жақсырақ меңгеруге көмектеседі. Сабақта мұғалім түсіндіреді, содан кейін мен ChatGPT-ге қосымша сұрақтар қоямын. Кейде жауаптарды көшіріп алатыным, тіпті айнытпай басып алатыным да болады. Мектепте бізге жасанды интеллектіні қолдану ережелері туралы айтып тұрады, - дейді ол. 

Фото: pixabay

«Балалар мұғалімдерден қарағанда тезірек бейімделді»

Ата-аналардың ChatGPT-ге қатысты көзқарасы сан қилы. Бірі бұл технология баланың күрделі тақырыптарды ұғуына көмектеседі деп есептесе, екіншілері технология тірі ойлау қабілетін алмастырып, баланың ынтасын төмендетеді деп қауіптенеді.

– Иә, қызымның сабаққа жасанды интеллектіні қолданатынын білемін. Ақпаратты қысқарту, негізгі ойды табу, ағылшын және қазақ тілдерінен аударма жасау үшін пайдаланады. Бала осылайша сабаққа дайындалу уақытын тиімді жұмсайды. Бұған көзқарасым оң, өйткені жасанды интеллект әр адамның, әсіресе оған мұғалімдерден де тезірек бейімделіп кеткен оқушылардың ажырамас бөлігіне айналды, - дейді 8-сынып оқушысының анасы Наталья Яковлева.

Сонымен қатар ата-ана баласының жасанды интеллектіні білім алудың орнына емес, білім алудың құралы ретінде қолданғанын қалайды. Бірақ ол үшін мектептерде жасанды интеллектіні пайдаланудың ережелері енгізілуі тиіс деп есептейді.

– Жасанды интеллект білім беру үшін үлкен мүмкіндіктер беріп отырғанын көріп отырмыз, бірақ білім беру жүйесінің өзі әлі өзгерген жоқ. Сабақтар да, үй тапсырмалары да ескіше беріледі. Сондықтан балаларға өздігінен ойланғаннан гөрі, тапсырманы ChatGPT-ге сала салып, дайын жауапты алу әлдеқайда оңай. Бәлкім бұл жерде білім беру саласына реформа қажет шығар, - деп қосты Наталья.

Мектептер жаңа форматқа қалай бейімделуде?

Педагогтер жасанды интеллектіні дұрыс пайдаланған жағдайда, ол оқудың тиімді құралына айнала алатынын атап өтеді. Көкшетау қаласындағы №4 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Галина Ницевич орта буынға (5-6 сыныптар) сабақ береді. Ұстаздың айтуынша, балалар эссе жазу немесе шығармашылық ойлау қабілетін талап ететін үй тапсырмаларын орындау кезінде жиі жасанды интеллектіге жүгінеді. Ол мұндай жұмыстардың бірден көрінетінін айтады. 

– Біз ЖИ-ді қалай анықтаймыз? Ең алдымен, баланың білім деңгейін білу керек. Егер ол ауызша тапсырмаларын немесе сабақтағы жазба жұмыстарын бір деңгейде атқарса, ал үй жұмысында өзінің күнделікті сөздік қорында жоқ күрделі сөйлемдер мен сөздерді пайдаланса, ChatGPT немесе басқа нейрожеліні қолданғанын анықтау қиын емес. Ал жоғары сыныптардың жазбалары «жансыз мәтін» секілді. Олар жазып алып келген үй жұмыстары, сынып жұмыстары лингвистикалық деңгейде, таңдалған сөздер мен сөйлем құрылымдары арқылы бірден сезіледі, - дейді мұғалім.

Галина Ницевич ЖИ-ді ойланбастан көшіре салу білім сапасына кері әсер етеді деп санайды. Ал екінші жағынан, оны белгілі бір мақсатта, мысалы, презентация безендіру сияқты жұмыстарға қолдануды құптайды.

– Кейде балаларға дайын промт (ЖИ-ге беретін тапсырма мәтіні) береміз, ал олар соның көмегімен белгілі бір тұлғамен интервью генерациялауы керек. Кейде оқушылардың өздеріне промт құрастыртқан пайдалы. Бұл да сөйлеу қабілетін жақсы дамытады, өйткені дұрыс промт жазу – ЖИ-ден сапалы жауап алудың кепілі, - деп толықтырды педагог.

Фото: Г.Ницевичтің жеке мұрағатынан

Мұғалімдер де сабаққа дайындалу кезінде ЖИ-ді қолданады. Галина Ницевичтің сөзінше, видеоматериалдар, түрлі-түсті презентациялар, тест тапсырмалары мен карточкалар дайындайтын өте қызықты нейрожелілер бар. Алайда мұғалім оларды пайдаланғанда бұл жасанды интеллект екенін ұмытпай, әрдайым қателердің бар-жоғын тексеріп отыруы тиіс.

– Меніңше, бүгінде мұғалім тарапынан да, оқушы тарапынан да ЖИ-ді саналы түрде пайдалану мәселесі алда тұр. Менің ойымша, ЖИ-ді қолданудағы академиялық адалдық – ең алдымен тәрбие мәселесінен басталады. ChatGPT құрастырған мәтінді өз еңбегіңдей көрсету жауапсыздық екенін бала кезден санаға құю маңызды. Оның үстіне, бұл әдет жағымсыз салдарға әкеледі. Мұндай жағдайда оқушылар сыни ойлау қабілетінен айырылып, өз ойы мен ұстанымын жеткізуге қиналады. Мен оқушыларыма «мейлі ол бес-ақ жол болсын, бірақ өздеріңіз ойланып, сезініп жазған өз ойларыңыз болсын» деп жиі айтамын. Олардың болашақ маман екенін, қазірден бастап ойлануды, шешім қабылдауды және жауапкершілік алуды үйренуі алдағы өмірлерінің сәтті болуына тікелей әсер ететінін түсінуіміз керек, - деп есептейді педагог.

ЖИ мұғалімді алмастыра алмайды

Жасанды интеллект мұғалімнің орнын баса алмайды, бірақ оның атқаратын ісі мен міндетін түбегейлі өзгертеді. Қазіргі таңдағы басты мақсат – балаларды технологияны ой елегінен өткізіп, жауапкершілікпен пайдалануға баулу. Бұл тұрғыда білім саласының сарапшысы, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова оқу жүйесін қайта құрып, жасанды интеллектіні қашып құтыла алмайтын бүгінгі күннің шындығы ретінде қабылдау керек деп есептейді.

– ChatGPT болсын, басқа да жүйелер болсын, білім деңгейін көтеруге жақсы мүмкіндік береді. Балалар оған кез келген уақытта репетитор немесе күрделі мәселе бойынша көмекші ретінде жүгіне алады. Бүгінде талай жастың осы технологияның арқасында білім алып жатқанын көріп жүрміз. Мектепте бес жыл бойы оқып, нәтиже шықпаған шет тілдерін жасанды интеллект арқылы тез меңгеріп алған балаларды білемін. Бірақ бұның салдары да бар. Егер тек ChatGPT-ге тікелей сұрақ қойып, дайын жауапты өз еңбегіңдей өткізе берсең, білім сапасы да, баланың зейіні де төмендейді, - дейді депутат.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ирина Смирнованың пайымдауынша, ұстаздар қауымы өздерін білімнің жалғыз қайнар көзі санаудан арылуы керек. Мұндай жағдайда, ең алдымен, мұғалімнің өзі өзгеруі тиіс.

– Мұғалім бұл процесті тоқтата алмайды, ол бұл істің басында тұрып, балаларға оның барлық пайдасы мен зиянын ашып түсіндіруі қажет. Үй тапсырмасын бала тек дайын жауапты көшіре салмай, жасанды интеллектіні қолданған күннің өзінде өз ойлау дағдыларын істетіп, талдап, жүйелейтіндей етіп құрастыруы керек. Сондай-ақ, мектептерде әрқашан этикалық нормалар болуы қажет және оны оқушылармен бірге талқылаған жөн. Әрине, балалардың бәрі бірдей ережені сақтамауы мүмкін. Алайда, ереже болса, бала қай жерде мүмкіндік, қай жерде қауіп бар екенін түсінеді. Сонымен қатар балаларға плагиаттың не екенін міндетті түрде айтып отыру керек, - деп атап өтті депутат.

ЖИ-ге қатысты реформа қаланды

Оқу-ағарту министрлігі бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Былтыр күзде білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2029 жылға дейінгі негізгі жоспары бекітілді.

Бұл құжатта технологияны қолданудың әдеп нормалары, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және ұстаздардың біліктілігін көтеру мәселелері көрсетілген. Енді мектептер мен колледждерде «академиялық адалдық» деген ұғым жаңаша мағынаға ие болмақ.

Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, биылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша елімізде 350 мыңға жуық мұғалім жасанды интеллектіні сабақта тиімді пайдалануды үйрететін тегін онлайн-курстан өткен.

– Бұл курс халықаралық тәжірибеге сүйеніп, біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып әзірленген. Ол мұғалімдердің заманауи цифрлық құралдарды сауатты әрі жауапты қолдану дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Оқу барысында ұстаздар сабақ материалдары мен тест тапсырмаларын әзірлеуді, түрлі суреттер жасауды үйреніп, сабақты жоспарлау ісін жеңілдетіп жатыр, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Түйіндей келгенде, ChatGPT және басқа да нейрожелілер мектеп өмірінің бір бөлшегіне айналып үлгерді. Ол оқушыға оң қолғанат та, үлкен кедергі де болуы мүмкін. Бәрі де осы мүмкіндікті ақылмен қолдана білуге және ұстаздардың дұрыс бағыт-бағдар беруіне байланысты.

Айта кетейік, бұған дейін жасанды интелектінің есте сақтау қабілетіне әсері, әлем елдерінің дәстүрлі бағалау жүйесіне қайта оралу үдерісі күшейіп келе жатқаны жайлы жазған едік.

Сондай-ақ Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу жаңа стандарттар аясында жүзеге асырылады.

Редакцияның ресми сауалына берген жауабында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетінін мәлімдеді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 21:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Францияда TGV пойызы жүк көлігімен соқтығысып, машинист қаза тапты

07 Сәуір 2026 20:00see119

Венгрия Украина бойынша АҚШ пен Ресей саммитін өткізуге дайын Орбан

07 Сәуір 2026 20:26see118

Бублик Монте Карлодағы ATP 1000 турнирінде Монфисті екі сетте жеңді

07 Сәуір 2026 20:48see113

Теңгенің нығаюы азық түлік бағасын төмендетуге әсер ете ме

07 Сәуір 2026 18:12see112

Қазақстанда психологтарға дәрі дәрмекпен емдеуге тыйым салу ұсынылуда

08 Сәуір 2026 16:03see111

Еліміз әлеуметтік қолдау бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр

07 Сәуір 2026 16:29see110

Футболдан Қазақстан WU 17 құрамасы А лигасына жолдама алды

08 Сәуір 2026 01:43see110

Бокстан Азия чемпионаты: Финалдағы қарсыластарымыз кімдер

07 Сәуір 2026 21:41see110

Әзербайжан Сербияға 444 млн текше метрден астам газ экспорттады

09 Сәуір 2026 02:45see110

Еліміздің вагон паркі 100% ға жаңартылады

07 Сәуір 2026 21:41see109

Алаяқтар мен бейтаныс адамдар хабарласа алмайды: WhatsApp жаңартылды

07 Сәуір 2026 16:27see107

Қазақстан мен Корея жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті

08 Сәуір 2026 17:58see107

Халыққа жылу сыйлаған

08 Сәуір 2026 08:16see107

Астанада медицина қызметкеріне шабуылдан кейін тағы бір қылмыстық іс қозғалды: видео

09 Сәуір 2026 09:38see107

Сәуірден бастап тарифтерге мораторий тоқтады электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

07 Сәуір 2026 15:46see107

Қытайдың Чанчжэн 8 зымыран тасығышы жаңа интернет спутниктерді орбитаға шығарды

09 Сәуір 2026 01:07see106

Астана маңындағы отбасының аяусыз өлтірілуі күдікті бұған дейін есі дұрыс емес деп танылған

08 Сәуір 2026 15:20see106

Жапонияда инфляция мен еңбек тапшылығы банкроттар санын арттырды

08 Сәуір 2026 18:38see106

Қыруар қаражатқа алынған автобустар қаңтарылып тұр

08 Сәуір 2026 08:55see105

Нейрохирургтер күні: Қазақстанда күрделі оталардың 80% ел ішінде жасалады

08 Сәуір 2026 19:32see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары