Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Академиялық аймаққа айналатын шаһар

Академиялық аймаққа айналатын шаһар

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қазір елімізде әлемнің жетек­ші университеттерінің 33 филиалы жұмыс істейді. Соның алтауы дәл Астанада орналасқан. Олар  – Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақ­с­­­тандық филиалы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы, Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы, Coventry Kazakhstan, Cardiff University Kazakhstan және Еуразия ұлттық университеті жанын­дағы Қытайдың Тяньцзинь кәсіп­тік институтының «Лу Бань» шеберханасы. Бұлардың әрқайсысы әртүрлі мемлекеттердің білім берудегі тәжірибесін елімізге алып келіп қана қоймай, халықаралық ғылыми байланыстардың жаңа алаңын қалыптастырып отыр.

Бұл үрдіс шетелдік жастардың таңдауы­нан да анық байқалады. Ғылым және жоға­ры білім министрлігінің дерегіне сүйен­сек, биыл еліміздің 99 жоғары оқу орнында 88 мемлекеттен келген 35 075 студент білім алып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп. Оның 4 292-сі Астанада оқиды. Осылайша, шетелдік сту­дент­тердің 12 пайызы елордадағы универ­ситеттерді таңдаған. Бұл көрсеткіш бойын­ша Астана Алматыдан кейінгі екінші орында.

Министр Саясат Нұрбек кейінгі уақытта жиі айтып жүрген «академиялық туризм» ұғымы дәл осы жерде айқын көрінеді. Оның мәні қарапайым. Мемлекет үшін ең тиімді турист – бірнеше күнге келетін саяхатшы емес, бірнеше жылға оқуға келетін студент. Ол университетте білім алады, жатақхана немесе пәтер жал­дайды, қоғамдық көлік пайдаланады, тамақ­танады, мәдени орындарға барады, қызмет көрсету саласының тұтынушысына айналады. Яғни академиялық туризм – білім экспортын ғана емес, қаланың бүкіл экономикасын қозғалысқа келтіретін фактор.

Осы тұрғыдан алғанда Астана акаде­мия­лық туризмнің ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы саналады. Қалаға жыл сайын мыңдаған жас бірне­ше жылға тұрақтап келеді. Олар кейін Қазақстанның бейресми елшілеріне айналып, өз мемлекеттерінде еліміздің білім жүйесін насихаттайды. Бұл – халықаралық беделді арттырудың да тиімді жолы. Қазір әлемдік университеттердің міндеті диплом берумен шектелмейді. Олар ғылым өндіретін, жаңа технология жасайтын, өндіріске нақты шешім ұсынатын орталыққа айналып келеді. Сондықтан жоғары білім беру жүйесінің жаңа кезеңі зерттеу университеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты.

Енді ғылымның құндылығы жария­лан­ған мақалалардың санымен емес, оның экономикаға берген нақты нәтижесімен өлшенеді. Жаңа дәрі-дәрмек жасау, ауызсуды тазарту технологияларын әзірлеу, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, баламалы энергетиканы дамыту немесе қауіпсіз қалаларды қалыптастыру секілді нақты жобалар ғылымның бас­ты көрсеткішіне айналмақ. Сондықтан университеттердің өзі де өзгеріп жатыр. «Оқу ордалары бұрынғы «оқытушы университет» мәртебесінен «зерттеуші университет» мәртебесіне көтерілуге тиіс», дейді министр Саясат Нұрбек осы ойды тұздықтап.

Осы бағыттағы ең ірі ғылыми алаң­дар­дың бірі – Назарбаев университеті. Жақында Премьер-министр Олжас Бектенов университет жанынан ашылған NU Өnergy креативті хабында болып, жасанды интеллект, медицина, биотехнология, ауыл шаруашылығы және цифрлық технологиялар саласындағы жаңа жобалармен танысты. Хабтың басты жаңалығы – ISSAI институты әзірлеген Qolda технологиясы негізіндегі автономды дрон жүйесі болды. Бұл жүйе қазақ тіліндегі мәтін, дыбыс және бейнені шетелдік бұлтты сервистерге тәуелді болмай, құрылғының өзінде өңдей алады. Мұндай шешім төтенше жағ­дайларды бақылауда, өндірістік қауіп­сіз­дікте және инфрақұрылымды мониторингте қолдануға арналған. Сонымен қатар мұнда халықаралық нарыққа шығып үлгерген білім платформасы, меди­ци­налық экзоскелет, спортшылардың биомеханикасын талдайтын жүйе, жасанды интеллект арқылы мал шаруашылығын бақы­лау және мәдени мұраны цифр­ландыру жобалары таныстырылды. Бұл әзір­ле­мелердің барлығы университет қабыр­­ғасындағы ғылыми ізденістің нақты техно­ло­гиялық өнімге айналып жатқанын көр­сетеді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде де ғылымның практи­калық тиімділігіне басымдық берілген. Университет ғалымдары профессор Әсел Жексембаеваның жетекшілігімен астық сабанын жоғары берікті экологиялық панельдерге айналдыратын технология әзірледі. Бұрын ауыл шаруашылығында қалдық саналған шикізат бүгінде құры­лыс индус­триясында қолданылатын материал­ға айналып отыр. Осы ғылыми әзір­ле­менің негізінде Солтүстік Қазақстан облы­сы­ның Тайынша ауданында өндіріс іске қосылды. Жоба зертханалық зерттеуден бастап өнеркәсіптік өндіріске дейінгі толық ғылыми циклді қамтып, ғылымды ком­мер­ция­ландырудың сәтті үлгісіне айналды.

Елорданың цифрлық экожүйесінде Astana IT University де маңызды орын алады. Университет қысқа уақыт ішінде ақпараттық технологиялар саласындағы толыққанды үш сатылы білім жүйесін қалыптастырды. Бүгінде мұнда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары жұмыс істейді. Университет өнеркәсіпті цифрландыру, 5G байланысы, Smart City, жасанды интеллект, үлкен деректер, блокчейн технологиялары және AgroTech бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Арнайы ғылыми-инновациялық орталықтар мен зертханаларда әзірленген жобалардың басты мақсаты – цифрлық экономикаға қажетті тех­но­логиялар жасап қана қоймай, сол сала­ларға жоғары білікті мамандар даяр­лау.

Осылайша, Астанадағы университет­тер­дің даму бағыты ортақ мақсатқа тоғысып отыр. Бірі жасанды интеллектінің ұлттық технологияларын қалыптастырып жатса, бірі ғылыми жаңалықтарды өнді­­ріске енгізуде, енді бірі цифрлық эко­номиканың кадрлық негізін күшейтіп келеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары