Академиялық ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль алды
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Құрлықтық додада 2000 метр қашықтықтағы сайыста әйелдер арасында Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина күміс медаль алды.
Ал 2000 метр қашықтықта ерлер арасында жеңіл салмақтағы Артём Матусевич қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бүгін, 19 қазанда тағы финалдар өтеді. Биыл құрлықтағы 18 елден жиналған 232 ескек есу шебері жүлдеге таласып жатыр.
Былтыр Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан 2 күміс, 7 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 7-орыннан көрінген еді.
Айта кетсек, бұдан бұрын сәуір айында Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өткен академиялық ескек есуден Азия құрлығының лицензиялық жарысында Қазақстан құрамасы академиялық ескек есуден 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 10:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















