Қазақстан ескек есуден әлем чемпионатында тарихи жеңісіне қол жеткізді
Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: ҰОК
Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғаған Артём Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей жарыстың финалында үшінші орын алып, қола медаль иеленді.
Түркістанда ескек есуден жазғы Қазақстан чемпионаты басталды
Бұл Қазақстанның академиялық ескек есуден осы жас санатындағы әлем чемпионаттарындағы алғашқы жүлдесі болып отыр. Бұған дейін ел спортшылары U23 санатындағы әлем біріншіліктерінде жүлдегер атанбаған.
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Матусевич іріктеу кезеңі мен жартылай финалда екінші орын алып, финалға жолдама алды. Айта кетейік, өткен жылы Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Артём Матусевич үздік ондыққа еніп, 9-орын иеленген еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем кубогының 3-кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлде иеленген болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Шілде 2026 18:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















