Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Әкім сайлауы нәтиже берді: Киікті ауылының тәжірибесі

Әкім сайлауы нәтиже берді: Киікті ауылының тәжірибесі

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Осы жылдың қараша айында Астанада Президент Қ.Тоқаевтың әкімдермен өткізген кеңейтілген жиыны жергілікті басқару жүйесіне қатысты маңызды сұрақтарды күн тәртібіне шығарып, оның ішінде ауыл, аудан әкімдерін сайлау бойынша мәселе қозғады. Осы орайда «Әкім сайланған соң не өзгерді?» деген көпшіліктің талқылап жатқан маңызды мәселесіне байланысты, Қарағанды облысына қарайтын Киікті ауылының сайланған әкімі мен оның жұмысы туралы сол жақтың тұрғыны ретінде сөз етсем деймін. 

Шет ауданы Киікті ауылдық округінің қазіргі әкімі – Смағұлов Мерей Қуатбекұлы. Ол 2024 жылдың 25 шілдесінде өткен сайлауда көпшіліктің дауысын жинап, Киікті ауылдық округі әкімінің қызметіне қайта сайланған болатын. Себебі халық астына тағын, қолына сойылын беріп, өзара басшы етіп тағайындаған Мерей мырзаның халық үшін жасап жүрген игі істері жетерлік. Халық сайлаған әкімнің, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің алдында жауапкершілігі де зор болады екен. Сол себепті Киікті ауылының тұрғындары жергілікті азаматтар үшін түйткілді болған мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешіп жүрген әкімге риза. Сол ауылдан  кезінде түлеп ұшқан, қазір үлкен қалаларда тұратын ауыл тумалары  болып жуырда, 16 желтоқсан күні Киіктіге барғанымызда, ауылдың көркейіп, өркендеп жатқанын өз көзімізбен көріп, қуанып қайттық. 

Атап айтар болсақ, Киікті кентінде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін негізгі орын – екі қабатты жаңа мектеп бой көтерген. Осы сәулетті құрылыста заманауи балабақша да орналасқан. Сонымен қатар, ауылдың тұрғындары науқастанып қалғанда, келіп-кетіп емделетін және үйден дәрігерлік көмек көрсететін амбулатория салынып, іске қосылыпты. Жас өрендерге арналған спорттық алаң жасақталғанын көрдік, оның өзі ауылдағы оқушылардың тәрбиесі мен денсаулығына зор ықпал ететін қадам.  

Сондай-ақ Киікті - Ақшағыл арасында қатынайтын тас жол салынған: бұрын қар ерігенде,  ол жолмен мал түгіл көлік өте алмайтын. Ауыл әкімінің атқарған жұмысы мұнымен бітпеген: теміржол астынан тасқын су ағызатын көпір қалпына келтіріліп, ауыл ішіндегі жолдар мен көпірлер жөнделген. 

Сонымен қатар, ауыл жанашырларының қаржылық көмегімен салынған сәулетті мешіттің құрылысы ойдағыдай аяқталып, бүгінде ауылымыздың сәнін келтіріп тұр. Осы жылы Жеңістің 80 жылдығы аясында, ауыл тумалары мен жергілікті тұрғындардың қолдауымен, Киіктіде 1941-1945 жылдары Отан үшін отқа түскен, отбасына оралмаған жауынгерлер және тылда аянбай еңбек еткен ауылдастардың тізімі, бес гранит тасқа қашалған “Жеңіс алаңы” салынып, салтанатты түрде ашылған еді. Осы кішкентай ғана ауылымызда жасалып жатқан барлық істің бір парасы ғана, бұл. 

Тұрғындардың ой-пікірін тыңдап, бәрін ұйымдастырып, басшылық етіп жүрген, халқы сайлаған әкім Мерей Қуатбекұлы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Ол ауыл маңындағы  тарихи және мәдени мұраны сақтауды да қаперден шығарған емес.  Мәселен, Киіктіден алпыс шақырым жерде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының бас қолбасшысы  болған, алты алаштың батыры, қазақтың тәуелсіздігі үшін күресіп, жерімізді сақтап қалған, Ақжолтай Ағыбай батыр Қоңырбайұлының кесенесі тұр. Сол тарихи және рухани мәні зор мұраның сақталуына да ауыл әкімі зор көңіл бөліп, бабалардың аманатын ардақтап, рухына адал қызмет етуде. Бұл көрсетіліп кеткен игі істер – ауылдың Мерей мырзаны әкім ретінде сайлаған жылдар ішінде жеткен жетістіктері. Әкімнің бұдан басқа да көздеген маңызды істерін атқаруға қол қысқалығы тұсау болып, жүзеге аспай жатқан жоспарлары да жоқ емес.

Ауыл тұрғындары әкімдерін өздері сайлай алғандықтан, жұрттың жалпыға ортақ іске жанашырлығы оянып, белсенділігі артқаны ақиқат. Бірлігі жарасқан, кіндік қанымыз тамған жеріміз Киікті ауылының тұрғындары, ауылдағы кем-кетік дүниенің бәрін бұрынғыдай бір әкімнің басына үйіп-төгуден арылып, көп болып кеңесіп, ауылымыздың көркеюіне үлкен үлес қосып жатыр. Ал әкім мырза болса, өзіне жүктелген міндетті шамасы жеткенше адал атқарып, ел сенімін ақтап шығуға тырысуда. Кей әкімдер халқына қызмет етпек түгілі, олардан қашып, көкірегін керіп жүретінін білеміз. Көріп те жүрміз. Ал өзіміз сайлаған әкім – халықпен санасатын, ар-ожданын, адамгершілігін жоғары қоя білген, қарапайым қалпымен қазақтың төріне шыға білетін, қолына билік түссе тасымайтын, қиындық түссе жасымайтын нағыз азамат. 

Бүгінде күн өткен сайын көркейіп, әдемі болып өсіп келе жатқан ауылды көріп, барған сайын қуанамыз. Киікті ауылында туып-өскен, мектебінен түлеп ұшқан, жан-жаққа білім қуып кеткен ауылдастардың атынан әкімге өз ризашылығымызды білдірсек дейміз. Ауыл халқымен етене қайнасып, жергілікті тұрғындардың ұсыныстарына жауапкершілікпен қарап, құрметіне бөленіп, кішкене ғана ауылдың көркеюіне атсалысып жүрген, өте қарапайым, іскер, халық сайлаған әкім – Смағұлов Мерей Қуатбекұлына және оны қолдап, ауызбіршілік танытып келе жатқан ауылдастарымызға  алғысымыз зор. Қазақстанның барлық ауылы, ауданы мен қаласының әкімдерін халық өзі әділетті жолмен сайласа, ел бойынша осындай игі өзгерістер басталары сөзсіз.  Киікті ауылы – соның айқын дәлелі.

Киікті ауылының тұрғындарының атынан, 
қоғам қайраткері  Қанағат ТАРҒЫНҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 19:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары