Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Алатау қаласында екі бюджет болады, одан республикалық қазынаға қаржы алынбайды жаңа заң жобасы

Алатау қаласында екі бюджет болады, одан республикалық қазынаға қаржы алынбайды жаңа заң жобасы

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

— «Алатау қаласының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленді. Парламент Мәжілісі жұмысқа қабылдады. Енді осы заң жобасы бойынша жұмыстар атқарылады. Арнайы парламенттік комиссия құрылады. Сол арқылы барлық ұсыныстар жан-жақты қаралады. Заңның басты мақсаты Алатау қаласын экономикалық және технологиялық тұрғыдан дамыту. Осыған байланысты заңда арнайы режимдер бар. Мысалы Алатау қаласын басқару бойынша кеңес құрылады. Ол кеңесті Үкімет басшысы басқарады. Сол алқалы кеңестің шешімімен әкімшілік ережесі де бекітіліп, Алатау қаласының дамуы айқындалады. Қандай инвестициялар тарту, қандай тиісті шешімдерді қабылдау туралы мәселелерді анықтайды. Ғылым мен техниканың озық жетістіктерін қолдану, жаңа инновацияларды енгізу, жаңа тәсілдер мен тәжірибелерді енгізу қарастырылады, — дейді депутат.

Фото: Видеодан кадр

Мәжілісмен басқару жүйесінде кеңеспен бірге әкімдік және мәслихат болатынын жеткізді. Ал қала 2 бюджет арқылы қаржыландырылады екен.

— Тағы атап айтатын мәселе, қаланы дамыту үшін 2 бюджет болады. Әуелі Қазақстан заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қалыптасады. Оны бекітетін — Мәслихат. Сонымен бірге арнайы мемлекеттік «Alatau City» деген қор құрылады. Ол қордың өзіндік бюджеті болады. Қорға түсетін қаражат көздері қарастырылған. Қордың жұмысы тек Алатау қаласын дамытуға бағытталады. Корпоративтік табыс салығы, қосымша құн салығы сынды өзге де салықтар осы қордың бюджетіне түседі. Ал жергілікті бюджетке көлік салығы, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы түседі және осы екі бюджет те республикалық бюджеттен қосымша қаржыландырылады. Осы тұста тағы бір ерекшелік бар. Алатау қаласының бюджетінен республикалық бюджетке қаражат алуға тыйым салынады. Демек, барлық қаражат Алатау қаласын дамытуға жұмсалады, — дейді Сабильянов.

Бұл алдағы 30 жылға арналған Алатау қаласын дамыту жоспары. Депутат жоспардың басты мақсаты — Алатау қаласы арқылы ел дамуын қамтамасыз ету деп түсіндірді.

Ал озық технологиялы, инновациялық қалаға әкім болатын қызметкер білікті маман болу керек.

— Жоғарыда айтқанымдай қаланы басқару бойынша арнайы кеңес құрылады. Кеңестің құрамы мен оның ережесін ҚР Президенті бекітеді. Қалаға әкім болатын қызметкер жан-жақты білімі мен тәжірибесіне, халықаралық ұйымдарда, басқа мемлекеттердегі жұмыс өтіліне қарай таңдалады деп ойлаймын. Онда кәдімгідей әкімдік болады. Әкімі де Қазақстан заңнамасына сай тағайындалады. Ал Алатау қаласының өзі Алматы облысының құрамында болады. Әкім міндетті түрде ІТ маманы болу керек деген шарт жоқ. Бастысы тәжірибесі бар, қаланың дамуына атсалыса алатын, ұйымдастырушылық қабілеті бар, жігері бар азаматтар жұмыс істеу керек, — деп толықтырды спикер.

Мәжіліс депутаты «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы биыл күшіне енетінін мәлімдеді.

— Қазір қаланың 30 жылға арналған жоспары дайындалып жатыр. Ал «Алатау қаласының мәртебесі туралы» заң жобасын 2-3 айдың көлемінде талқылап, қабылдаймыз. Қабылданғаннан кейін, биылдан бастап бұл заң қолданысқа енгізіледі. Қазірдің өзінде қалада әкімшілік бар, қала жұмыс істеп тұр. Ол жақта тұрғын үй салу, нысандарды жаңарту, цифрлық жүйеге қатысты жаңа шешімдерді қабылдау сынды көптеген мәселелер бар. Әкімдік осының бәрін бір жүйеге келтірумен айналысады, — деп түйіндеді студия қонағы.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Парламент Мәжілісі «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заңының жобасын талқылауға қабылдады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары