Алатау қаласында салық салу тәртібі басқаша болады заң жобасы
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Үкімет Алатау қаласына арнайы мәртебеден бөлек салық режимін өз бетінше жүргізуге құзірет беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қалаға тек арнайы мәртебе беру жеткіліксіз. Мұны халықаралық тәжірибе де растап отыр.
"Мысалы, Шэньчжэнь мен Хайнань тәжірибесі, бұл өңірлерде жергілікті әкімшіліктерге кең өкілеттіктер берілген. Олар салық режимдерін бекіте алады, жеңілдіктерді әкімшілендіреді және инвестициялық қолдауды басқарады. Нәтижесінде шешімдер жедел қабылданады, орталық органдармен функциялары қайталанбайды", - деді Бозымбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Хайнань провинциясы одан да кең экономикалық өкілеттіктер алды.
Соның нәтижесінде биылдан бастап жаңа сауда және инвестициялық хаб ретінде жарияланды.
"Осыларды ескере отырып, Алатау қаласында да әкімшілік салық режимдерін бекіту, жеңілдіктерді және инвестициялық қолдаудағы дербестікті енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл әсіресе Қазақстанда әлі толық енгізілмеген жаңа салалар үшін маңызды", - деді вице-премьер.
Айта кетері, бүгінгі отырыста бір ғана мәселе қаралады. Ол - "Алатау қаласының мәртебесі туралы" конституциялық заңды бірінші оқылымда қабылдау.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 10:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















