Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Алаяқтар телехикаясының екінші маусымына қолдау білдірді

Алаяқтар телехикаясының екінші маусымына қолдау білдірді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жоба нақты алаяқтық схемаларға негізделген және маңызды әлеуметтік миссияны атқарады: көрермендерге қаскүнемдердің айла-амалдарын тануға көмектеседі, елімізде және өңірімізде қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

Жаңа маусымның алғашқы төрт сериясын 15 қаңтардан бастап Unico Play және Start платформасынан көруге болады.

"Алаяқтар" – әлеуметтік маңызы бар телехикая.

"Алаяқтар" – бұл жай ғана қылмыстық триллер емес. Сериал соңғы жылдары ең көп талқыланатын және танымал жобалардың біріне айналды. Онда алаяқтық "ішінен" қылмыскерлердің көзімен көрсетілген, оның арқасында аудитория алаяқтық механизмдері мен оның қандай салдары болатынын біледі. Мұндай шынайылық телехикаяның танымал болуын қамтамасыз етіп, мәдени резонанс тудырды.

Kaspi.kz-тің әлеуметтік-білім беру жобасы.

Kaspi.kz "Алаяқтардың" бірінші маусымының сәтті шыққанынан шабыт алып, B.A.S. Production студиясымен бірлесіп ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қолдауымен 2025 жылы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды әлеуметтік-білім беру жобасын іске қосты.

Оның аясында қысқа оқыту бейнероликтері түсірілді, қаскүнемдердің адамдарға құпия кодтарды алдап айтқызып, ақшаны белгісіз шоттарға аударуға қалай мәжбүрлейтінін телехикаяның актерлері айқын көрсетеді. Барлық сценарий шынайы оқиғаларға негізделген.

Бір жылдың ішінде Қазақстанда және одан тыс жерде алаяқтықтың ең кең тараған схемалары туралы 19 ролик жарық көрді. Қамту ауқымы күткен нәтижеден әлдеқайда асып түсті: еліміздің жетекші телеарналары эпизодтарды жалпы алғанда 2500-ден аса көрсетті, әлеуметтік желілердегі Kaspi.kz-тің ресми парақшаларында роликтер 190 млн астам рет қаралды, ал мобильді қосымша арқылы клиенттерге бейнероликке сілтеме көрсетілген36 миллион хабарлама жіберілді. Бұл елімізді қамтыған ең ауқымды жобалардың бірі болды.

Kaspi.kz сондай-ақ алаяқтық әрекеттерге қатысты арыздардың саны бес есеге азайғанын атап өтті, бұл адамдарға шын мәнінде нақты пайда әкелгенін айқын көрсетті.

Осылайша, Kaspi.kz жобасы компанияның клиенттерімен жұмыс істеумен ғана шектелмей, қоғамның қауіпсіздігін арттыруға айтарлықтай үлес қосты.

"Біз сервистерімізді адамдар үшін бұрынғыдан да ыңғайлы, пайдалы болатындай үнемі дамытып отырамыз. Сүйікті клиенттерімізді қорғау үшін ең заманауи технологияларды қолданамыз және қауіпсіздік жүйесін де үнемі жетілдіріп отырамыз. Бұл ретте жеке деректерді ешкімге хабарлауға, мобильді қосымшаға кіруге рұқсат беруге, құпия парольдер мен SMS- тегі кодтарды айтуға болмайтынын үнемі ескертіп отырамыз. Қаскөйлердің сенімге қалай кіретінін көрнекі түрде көрсетіп, мүмкіндігінше көп адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін білім беру роликтерінің топтамасын шығардық, сондай-ақ "Алаяқтар" телехикаясының екінші маусымына қолдау көрсеттік. Қаралымның көңілдеріңізден шығуын тілеймін және тағы да еске сала кеткім келеді — сақ болыңыздар, құпия деректеріңізді ешкімге бермеңіздер!" Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе
"Kaspi.kz-пен бірге үлкен жобаны іске асырдық. Жұмысымыз жемісті болды. Kaspi.kz, ІІМ, прокуратура, ҚНРДА көмектесіп, шынайы алаяқтық жағдайлар туралы айтып берді. Қатысушылардың бәрі мұның күрделі әлеуметтік мәселе екенін түсінгендіктен, барынша беріліп еңбек етті. Біз түсірген бейнероликтер адамдардың көңілінен шығып, миллиондаған қаралым жинады. Ең бастысы, нақты нәтиже бар. Алдағы уақытта да адамдар барынша сақ болу үшін оларға алаяқтық схемалар туралы айтып отырамыз". Рүстем Омаров, актер, басты рөлді сомдаушы

Kaspi.kz адамдарға қаскүнемдердің айла-амалын қалай тану керектігін түсіндіріп қана қоймай, өзінің қауіпсіздік жүйесін де үнемі жетілдіріп отырады. Мәселен, 2025 жылы компания 24 миллиард теңгеден астам сомаға 330 мың алаяқтық транзакцияның алдын алды, соның арқасында мыңдаған клиент өз қаражатын сақтап қалды.

Алаяқтардан қалай қорғану керек

• құпиясөздерді, PIN-кодтар мен құпия SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз.

• әңгімелесуші өзін қалай таныстырса да, ешқашан белгісіз шоттарға немесе нөмірлерге ақша аудармаңыз.

• алаяқтыққа күдігіңіз болса, кеңес пен көмек алу үшін бірден өз банкіңізге хабарласыңыз

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 14:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары