Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Шымкент қаласының ғылыми қауымдастығы Жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Шымкент қаласының ғылыми қауымдастығы Жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің өңірлерге сапары жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Шымкент қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Ғалымдар, еңбек ұжымдары, мәдениет және спорт салаларының өкілдері, коммуналдық сала қызметкерлері Ата заң жобасының негізгі ережелерін және оның Қазақстан болашағы үшін маңызын талқылады.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ғылыми қауымдастықпен, оқытушылармен және студенттермен кездесу өтті. Оған 300-ден астам адам қатысты. Өз сөзінде Ерлан Қошанов ұлттың зияткерлік іргетасын қалыптастыратын университет қабырғасындағы ортаның айрықша рөлін атап өтіп, дәл осы орта жаңа Конституцияның новеллаларын түсіндіру жұмысына белсенді араласуға тиіс екенін мәлімдеді.

«Біз биік мұратқа бастаған, ұлы мақсаттарға бет алған ұлтпыз. Алдымызда ауқымды, іргелі істер күтіп тұр. Біз тек әділеттік салтанат құрғанда ғана биік белесті бағындырамыз. Заң мен тәртіп үстемдік құрғанда ғана дегенімізге жетеміз. Жастарымыз білім мен ғылымның, инновация мен технологияның тілін толық игерсе ғана озық елге айналамыз. Оған мыңжылдық тарихымызбен, төл мәдениетімізбен жетеміз. Осының бәрі жаңа Конституцияда тайға таңба басқандай көрініс тауып отыр», – деді ол.

Мәжіліс Спикері жаңа Конституциядағы білімнің, ғылымның, инновацияның және технологиялардың басымдығы туралы нормалар ғалымдарға, ұстаздарға және жастарға көрсетілген тікелей қолдау екенін атап өтті. Олар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – зияткер ұлт қалыптастыру бағытында жасалған маңызды қадам. Солай бола тұра, Конституцияның қабылдануы – бұл тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта тиісті заңдар қабылданып, қажетті ресурстар мен қаржы бөлінеді.

Талқылау барысында Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова жаңа Конституцияда Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының мәдени коды бар екенін айтты. Оның айтуынша, жаңа Конституциядағы білімнің, ғылымның және инновацияның құндылықтары туралы нормалар осы салаларды бюджеттен қаржыландыруды негізсіз қысқартудан қорғайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конституциялық өзгерістер университеттер мен зерттеу ортасы үшін мемлекеттік саясаттың жаңа басымдықтарын қалыптастыруға жол ашатынын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа Конституциядағы ғылымның рөлі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізіне айналады.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің проректоры Баршагүл Исабек кез келген қуатты мемлекеттің тағдыры оның заңдарымен, тарихи сабақтастығымен және халықтың асқақ рухымен айқындалатынын атап өтті. Ол жаңа Конституция преамбуласындағы Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтау туралы нормалар ата-баба аманатына адалдықты білдіретінін және Қасым ханның «Қасқа жолынан», Есім ханның «Ескі жолынан», Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» бастау алатын дала демократиясы дәстүрінің жалғасы екенін айтты. Құжат еліміздің унитарлық сипатын және шекарасының тұтастығын бекітеді.

Auezov University саясаттану кафедрасының меңгерушісі Ардақ Монтаев парламенттік реформа мәселесіне тоқталып, халықаралық тәжірибеге назар аударды. Оның деректеріне сәйкес, әлемдегі 190 мемлекеттің 110-ында бір палаталы парламент бар. Ол заңдарды жедел қабылдауға және басы артық бюрократияға ресурс жұмсамауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде заң шығарушы билік анағұрлым ашық әрі тиімді бола түседі.

Бұдан соң Коалиция мүшелері «Еңбекші» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Коммуналдық шаруашылық саласының мамандары тұрақты жұмыспен қамтудың, еңбек қауіпсіздігінің және әлеуметтік тұрғыда қорғаудың маңызына тоқталды. Жаңа Конституцияда еңбек адамына деген құрмет қоғам дамуының маңызды қағидаты ретінде бекітілгені атап өтілді.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауытында өткен кездесуде заң мен тәртіп, әділдік пен жауапкершілік сынды құндылықтарға назар аударылды. Кәсіпорын қызметкерлері адамдардың еңбек етуге деген құқығын қорғауға, әділ жалақы төленуіне және қауіпсіз еңбек жағдайы қамтамасыз етілуіне бағытталған конституциялық нормалардың маңызын атап өтті. Экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Олар жаңа Конституция жобасында мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімге негізделген басым бағыттары ретінде бекітілуде.

Шымкент жастар театры алаңында мәдениет саласының қызметкерлерімен мазмұнды пікірталас өрбіді. Коалиция мүшелері әртістер мен шығармашылық мамандық өкілдерінің Конституцияның нақты нормаларына қатысты қойған сұрақтарына жауап берді. Әңгімелесу барысында мәдениет қайраткерлері Ата заңның преамбуласында мәдениеттің, білімнің және рухани құндылықтардың маңызы айқындалғанын атап өтті. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық мәдениетке қолдау көрсету, зияткерлік меншікті қорғау және көркем шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету нормалары алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілуде. Кездесуге қатысушылар аталған новеллалар еліміздегі мәдениет саласының дамуына тың серпін береріне сенім білдірді.

Осы күні Коалиция мүшелері спортшылармен және жаттықтырушылармен де кездесті. Спортшылар қауымының өкілдері жаңа Конституцияда әрбір спортшының жанына жақын адал бәсекелестік, еңбекке және нәтижеге құрмет сынды қастерлі құндылықтар көрініс тапқанын айтты. Жаттықтырушылар түсіндіру жұмысына белсенді атсалысып, жастардың заңға және азаматтық жауапкершілікке деген құрметін қалыптастыруға дайын екендерін жеткізді.

Кездесулер қорытындысында Шымкент қаласының тұрғындары жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысына жауап беретінін, мемлекеттің құқықтық негізін нығайтып, азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Іс-шараларға қатысушылар 15 наурызда референдумға келіп, Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған жаңа Ата заңды қолдауға дайын екендерін білдірді.

Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясы биыл 13 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300 қоғамдық ұйым кірді. Олар 5 миллионға жуық қазақстандық азаматты біріктіруде.

Жалпыұлттық Коалицияның баспасөз қызметі

Суретті түсірген: Әли Ғалым

Дайындаған: «AMANAT MEDIA GROUP» ЖШС

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

«AMANAT» партиясы» ҚБ қаражатынан төленді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 20:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары