Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Алматының тау туризмін дамытуға халықаралық сарапшылар қолдау білдірді

Алматының тау туризмін дамытуға халықаралық сарапшылар қолдау білдірді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Спикерлер Алматының бірегей табиғи әлеуеті мен географиялық артықшылықтарын атап өтіп, кластерлік тәсіл арқылы өңірді халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығына айналдыруға болатынын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Kazakh Tourism Development» компаниясының бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев «Almaty Superski: Алматы агломерациясын кешенді дамытудағы кластерлік тәсілдің артықшылықтары» тақырыбында баяндама жасады. Оның айтуынша, Almaty Superski жобасы Алматының тау инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Жоба аясында 60 шақырым тау шаңғысы трассасын салу, 16 заманауи аспалы жол іске қосу және күніне 10 мыңға дейін шаңғышыны қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.

Спикердің сөзінше, мұндай ауқымды жоба тек туризм саласын ғана емес, көлік, сервис, шағын және орта бизнес, білім беру бағыттарын да қатар дамытуға серпін береді.

Сонымен қатар, «Almaty Tau Management» компаниясы басқармасының төрағасы Жан-Пьер Барало Еуропа елдерінің тәжірибесіне тоқталды. Ол Франция мен Австрия қысқы туризм индустриясында көш бастап тұрғанын атап өтті.

Мәселен, Францияда жыл сайын 54,8 миллион, Австрияда 52,6 миллион шаңғы тебу күні тіркеледі. Францияда түнемелер саны 100 миллионнан асса, Австрияда бұл көрсеткіш 64,7 миллионға жеткен. Халықаралық туристер үлесі Францияда – 35%, ал Австрияда – 76%. Австрияның қысқы туризм индустриясының жылдық айналымы – 12 миллиард еуро.

Сарапшылардың пікірінше, табысты даму үшін жүйелі инвестиция, сапалы инфрақұрылым және қызмет көрсету деңгейін арттыру маңызды. Францияда қонақүйлердің орташа толымдылығы – 71%, ал ең жоғары кезеңде 85% болған. Бұл – ұзақ мерзімді инвестициялық саясаттың нәтижесі.

Жиында айтылғандай, тау кластері толық іске қосылған жағдайда, Алматы бұрынғыдай болмайды. Жоба әртүрлі біліктілік деңгейіндегі мамандарға жаңа жұмыс орындарын ашады, инвесторлар үшін табысты бағыт қалыптастырады, жол, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау сынды инфрақұрылымды жаңғыртуға ықпал етеді. Әрі
жаңа мамандықтар мен білім беру бағдарламаларын дамытуға жол ашпақ.

Осылайша, халықаралық және отандық спикерлер Алматының тау туризмін дамыту бастамаларын қолдап, кластерлік модельдің өңір экономикасына мультипликативті әсер беретінін атап өтті. Алматының табиғи әлеуетін тиімді пайдалану арқылы қала Орталық Азиядағы жетекші тау-шаңғы туризмі орталығына айналуға толық мүмкіндігі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 09:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары