Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алдағы 10 жылда транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға жетуге тиіс

Алдағы 10 жылда транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға жетуге тиіс

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

10 жылда транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға жетуге тиіс. Бұл әрине қазынаға құйылатын қаржы сомасы да бірнеше есе артатынын көрсетеді. Алайда бұл жүкті тасу үшін теміржолдың әлеуетін көтеру керек. 

Қазір Үкімет болат жолды барынша ұзартып жатыр. Шығыстан батысқа дейінгі аралықта құрылыс қарқын алды. Соның бірі жаңа айтқан Мойынты-Қызылжар тармағы. Бұл - өткен айда ашылған Достық-Мойынты арасындағы екінші желінің жалғасы. Болат жол жүк тасымалын бес есе арттыруға сеп болмақ. 

Нұрқанат Қанапия, тілші:

- Елде теміржол құрылысы қарқынмен жүріп жатыр. Өткен айда Достық – Мойынты жолының екінші желісі іске қосылды. Енді Мойынты мен Қызылжар арасында құрылыс басталды. Одан әрі Ақтау портына дейінгі жолдардың бәрі жаңғыртылады. Бұл – Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі. Қазір Мойынты-Қызылжар бағытында рельс табанына қажет 14 млн текше метр топырақтың 85 пайызы төселді. Мамандар жобаны мерзімінен бұрын аяқтауды көздеп отыр. 

Бақыт Қарсақбаев “ҚТЖ” АҚ ” ҰК “жаңа жобалар жөніндегі дирекция” филиалының дирекция басқарушысы: 

- СНЭГ бойынша мына жол 34,36 айға дейін созылады. Енді ол бәрін бітіргенге шейін. Біз 28-де бітіруіміз керек. Біз енді 28 емес, оны ертерек бітіруге тырысамыз. Ең бірінші мәселе 26-ның аяңғына дейін, біз майда бастасақ 25-тің, значить бір жарым жыл, бір жыл жеті ай көлемінде біз уже жаңа келе жатқан контейнерлерді осы жолмен жүргізіп жібереміз. 

Жаңа жол жүк тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Және тауарды жеткізу мерзімі бірнеше есе қысқарады. Қазір Қытай Еуропаға бірнеше жолмен тауар жеткізіп отыр. Бірақ бұлардың барлығы алыс және тосыннан келер қатер көп. 

Мәселен, Үнді мұхиты арқылы Суэц каналымен өтетін жолдың ұзақтығы 45 тәулік. Кейде одан да қашық. Су жолы болғандықтан цунами мен дауылдан бөлек, қарақшы да бар. Әсіресе Қызыл теңізге жақындағанда қиын дейді мамандар. Оның үстінде Суэц каналында бірнеше тәулік кезекке тұрып қалуы да мүмкін. Себебі жаһандық тауар айналымының 15 пайызы осы каналмен өтеді. 

Екіншісі Солтүстік Мұзды мұхит жолы. 35 күнде діттеген жерге жетуге болады. Бірақ жақын дегенмен, мұз қалың. Арнайы мұзжарғыш кемелер жол салмаса, қарға адым жер жылжу мүмкін емес. Бұл да қосымша шығын деген сөз. 

Ал құрлық жолы екі тарап үшін де тиімді болып отыр. Қытай тауары қазақ жерімен Каспийден өтіп, әрі қарай Кавказ елдері арқылы Қара теңізге шығып кете алады. Яғни қақтығыс жүріп жатқан аймақтарды айналып өтуге мүмкіндік бар. Бұл жолмен Шанхайдан шыққан жүк 15 күнде Еуропаның кез келген жеріне жеткізіледі. Және тағы бір артықшылығы, осы жолдың арқасында контейнерлерді қос-қостап тасуға болады дейді маман. 

Бақыт Қарсақбаев “ҚТЖ” АҚ” ҰК “жаңа жобалар жөніндегі дирекция” филиалының дирекция басқарушысы: 

- Тепловозбен жүргеннен кейін қазір контейнерлерді бірінің үстіне бірін қойып, екі этаж қылып жүргізуге болады. Достықтан келе жатқан, если қазір біз екі этаж қылып жүргізген болсақ, ол Мойынтыға шейін келгеннен кейін әр жағы электрофицированный жол, ол әр жақтан жаңағы нелерге тиіп қалады, сымдарға, бағаналарға. Сондықтан қазір мынадан қайта тепловоз болғандықтан, екеуін қосқан уақытта 6,20 жоғарғы жағы, и сонымен тепловозға, оған сым, ешнәрсе керек емес. Ол алып кете береді. Значить екі есе, одан бөлек, еще контейнердің санын көбейтеді.

Бүгінде елде 16 мың шақырым болат жол бар. Бірақ 57 пайызға тозып тұр. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, тозған жол пойыздардың жүрісін тежеп отыр. Мәселені шешу үшін ауқымды бағдарлама басталды. Мұның шеңберінде 2029 жылға дейін 5 мың шақырым рельс төселіп, 11 мың шақырымы жөнделеді. 

Авторы: Нұрқанат Қанапия

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:227
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 09:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары