Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Әлем елдері білімді дәстүрлі бағалау жүйесіне оралмақ ЖИ қандай қауіп тудырды

Әлем елдері білімді дәстүрлі бағалау жүйесіне оралмақ ЖИ қандай қауіп тудырды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ЖИ-дің көлеңке беті 

Оқу ешқашан оңай болмаған, дана халқымыз сондықтан да оқудың машақатын «инемен құдық қазғандай» деп сипаттаса керек. Ол уақытты, төзімділікті, ой еңбегін талап етеді. Бірақ бүгінде технология дамып, ақпарат қолжетімді бола түсті. Бұрынғы кездегідей тер төкпей-ақ, дайын жауапқа ЖИ-дің көмегімен бір сәтте қол жеткізуге болады. Алайда дәл осы технологиялық мүмкіндіктің кері әсері де бар болып шықты.

Әлеуметтік желілерде Батыс елдерінің оқытушы-профессорлары аудиторияда өздерін студентпен емес, роботпен сөйлесіп тұрғандай сезінетінін ашық айтып, дабыл қаға бастады. Ашуға булыққан ұстаздардың айтуынша, студенттер үй тапсырмасын ой елегінен өткізбей-ақ, жасанды интеллектіге жасатып алуды әдетке айналдырған. Бұл өз кезегінде студенттердің ой қорыту, өз бетінше мәліметтерде жинақтау және ақпаратты баяндау дағдыларының қалыптаспауына әкеп соқтыратын әдет.

Білім алушылардың ЖИ-ді орынсыз қолдануы тек батыс елдерінде ғана болып жатқан жоқ. Орталық Азия ұстаздары да бұл келеңсіздікпен күресіп, дабыл қағып жатыр. Мәселен біраз уақыт бұрын Өзбекстандағы мектептердің бірінде директор оқушының ұялы телефонын тақтаға шегелеп жатқан сәті түсірілген видео тарады. Онда да ұстаз оқушылардың білім алу процесіне, қала берді өз-өзіне «қастандық жасауына» ашынғаны айтылады.

Dit bericht op Instagram bekijken

Een bericht gedeeld door Актуально Узбекистан (@aktualno.uzbekistan)

Қазіргі мұғалім бұрын-соңды болмаған бір құбылыспен бетпе-бет келіп отыр. Түрлі интерактивті ойын құрап, тапсырмалар дайындап алып келетін, білім бергісі келетін ұстаздар көп, бірақ қазір оқушының назары тұрақсыз. 15-20 секундтық Instagram мен TikTok видеоларына үйреніп қалған балалар ұзақ мәтінді қабылдай алмайды. Мазмұндама түгілі, өз ана тілінде ойын жүйелеп айтып беруі қиындаған. Тапсырманы толық оқып біткенше оқушы мазасызданып, бір орында отыра алмайды. Сұрақ қойса, қысқа «иә» мен «жоқтан» әрі аспайды. Мұндай проблеманың барын мұғалімдер де растап отыр.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana Pro

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маржан Нұрғалиева қазіргі білім берудегі жағдаймен бүкпесіз бөлісті.

– ЖИ – мұғалімге көмекші құрал ғана деп білемін. Ал оқушылардың қолдануына мүлде қарсымын. Менің ойымша, ЖИ олардың ойлау қабілетін тежейді. Тапсырмалардың жауабын дайын күйінде алып жаза салады. Мысалы менің пәнімде баланың ой еңбегін қалыптастыратын эссе, шығарма жазу, мазмұндама айту сияқты тапсырмалар бар. Бірақ балалар оған дайын емес. Шығарма жазбақ түгілі ауыз екі ана тілінде ойларын тиянақты жеткізе алмайды. ЖИ келгелі бұрыннан бар проблемаларды тек сыртқа шығарып берді деп ойлаймын. Қазір шектеу қоймаса, ойлау қабілеті төмендей береді. Оқушы ЖИ-мен жасап алып, «дайындалдым» деп ойлайды. Бір жағынан баланың оқу ынтасын өлтіргің келмейді, екінші жағынан ол академиялық адалдыққа жатпайды, – деп наразылығын білдірді мұғалім.

Фото: Kazinform

Ауқатты адамдар цифрлық құралдарды аз қолданады

The Economist-тің жазуынша, цифрлық құралдарды пайдалану мен адамдардың әлеуметтік жағдайының арасында байланыс бары анықталған.

Зерттеулер ауқатты әрі білімі жоғары отбасылардың балалары интернет пен әлеуметтік желіні анағұрлым аз қолданатынын көрсеткен. Ал әлеуметтік жағдайы төмен Латын Америкасының және афроамерикалық оқушылар арасында экран уақыты айтарлықтай жоғары екені байқалған.

Әлем елдері қандай шешім тапты

Жасанды интеллект білім саласына кеңінен енген сайын, Батыс елдерінде маңызды үрдіс байқала бастады.

The Economist-тің осы тақырыптағы мақаласында АҚШ пен Еуропада мектептер мен университеттерде дәстүрлі жазба және ауызша емтихандарға қайта оралу үдерісі күшейіп келе жатқаны айтылады.

Фото: unric.org

Басылым келтірген деректерге сәйкес, ChatGPT, Gemini және өзге де цифрлық құралдар студенттің білімін объективті бағалауды қиындатқан. Тек бұл ғана емес, смартфон мен ноутбук оқу кезінде оқушының назарын үнемі бөліп, зейіннің терең шоғырлануына кедергі келтіреді.

Сондықтан бірқатар елдерде аудиторияда гаджеттерді шектеу, қолмен жазу, мәтінді жаттау және ауызша жауап беруді қайта күшейту тәжірибесі енгізіліп жатыр.

ЖИ қолданысы заңмен реттелуі керек

Бұл мәселені бұрын өзі де мұғалім болған Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те ашық көтеріп жүр. Ол жасанды интеллект пен білім тақырыбын Telegram мен әлеуметтік желілерде тұрақты жазып, қоғам назарын аударуға тырысып келеді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Депутаттың айтуынша, қазіргі басты түйткіл – жасанды интеллектіні қолдануға қатысты заң нормаларының жоқтығы.

– Жасанды интеллектіні жаман не жақсы деп бөлген мүлде дұрыс емес. Ол тек құрал ғана. Барлығы біздің қолданысымызға байланысты. Сондықтан заңнамада ЖИ қолданудың жас ерекшелігіне, оқу сатысына және пәндік мақсатқа байланысты шекаралары белгіленуі тиіс, – деді ол.

Оның пайымынша, бұл қадам бір жағынан оқушының когнитивтік дамуын қорғауға, екінші жағынан технологияны саналы әрі жауапты қолдануға мүмкіндік береді.

Ал КАЗГЮУ оқытушысы Асыл Серікұлы білім берудегі басты мақсат тұлға қалыптастыру екенін еске салады.

– Жасанды интеллект білімді толықтыра алады, бірақ дербес ойлау мен кітап оқу арқылы қалыптасатын ішкі интеллектуалдық процестерді алмастыра алмайды, - дейді оқытушы.

Елімізде ЖИ-ді оқыту білім беру бағдарламасына енеді

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары күшіне енеді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сай, бұл құжатқа жасанды интеллект элементтері, құзыреттілікке негізделген тәсіл және STEM бағыттары кешенді түрде енгізілген.

Ведомствоның мәліметінше, жасанды интеллект дербес пән ретінде қарастырылмайды, ол оқу мазмұнына кіріктірілген құрал ретінде енгізіледі.

– ЖИ құзыреттері білім беру салалары мен оқу пәндерінің мазмұнына ақпараттық-технологиялық, метапәндік және негізгі құзыреттерді қалыптастыру арқылы кіріктірілген, – деп жауап берді министрлік.

Жасанды интеллект элементтері бірқатар пәндердің оқу бағдарламаларында көрініс тапқан. Атап айтқанда:

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қысқаша мәтін жазу, көркем шығармаларды талдау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру кезінде; шетел тілдерінде, соның ішінде ағылшын тілі бағдарламасында «Artificial Intelligence in Art and Music» тақырыптық блогы арқылы; жаратылыстану бағытындағы пәндерде модельдеу, цифрлық құралдармен жұмыс істеу және деректерді талдау барысында; тарих пен құқық негіздерінде зерттеу тапсырмаларын орындау мен құқықтық сараптама жүргізуде; еңбек пен музыка сабақтарында дизайн-объектілерді әзірлеу, визуализация, 3D графика және аудио-видео контенттерді өңдеу кезінде қолданылады. Коллаж: Kazinform/ Nano Banana Pro/ Canva

ЖИ-дің есте сақтау қабілетіне кері әсері зерттеліп жатыр

Кейінгі кездері студенттердің жасанды интеллект көмегімен орындаған жұмыстарын тексеруден шаршаған оқытушылар мен профессорлардың наразылығы туралы жоғарыда атап өттік. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл бағытта арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Атап айтқанда, «I-psychodiagnostics.kz» SMART-платформасы әзірленіп жатыр. Жоба студенттердің зейіні, ойлауы мен есте сақтау қабілетін цифрлық ортада диагностикалауға бағытталған.

Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда ЖИ-ді жаппай қолдану жағдайында есте сақтау дағдыларының төмендеуі немесе трансформациясы жөнінде түпкілікті ғылыми қорытынды жасауға ерте.

ЖИ кең тараған сайын дәстүрлі бағалау әдістерін сақтау мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Мәселен 2025 жылғы Президент Жолдауында ауызша емтихан, эссе және жобалық жұмыстардың сыни ойлау мен дәлелдеу дағдыларын дамытудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында дәстүрлі бағалауды ЖИ құралдарымен үйлестіретін, студенттің білім деңгейін әділ бағалауға мүмкіндік беретін аралас форматтар ұсынылып жатыр.

Фото: naryk.kz Академиялық адалдық және прокторинг

Жасанды интеллектіні енгізумен қатар, білімді бағалау жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп келеді. Қазіргі таңда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірқатары өздерінің прокторинг жүйелерін әзірлеп, енгізіп жатыр.

Министрлік дерегінше, бұл жүйелер емтихандар мен тестілеу сапасын арттыруға, академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға және бағалау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге қызмет атқарады.

Атап айтқанда, тиісті цифрлық шешімдер Satbayev University, ХАТУ, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және басқа да бірқатар ЖОО-да сынақтан өткізіліп, практикада қолданылып жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 16:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары