Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті

Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлытау облысы құрылғаннан бастап Жезқазған қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде алға ілгерлеушілік байқалды. Соның ішінде қала бюджетінің көлемі мен инвестиция тарту деңгейі айтарлықтай өсті. Өткен жылы Жезқазған қаласының меншікті кірістері үш есеге артып, 36,9 млрд теңгеге жетті. Жалпы қала бюджеті екі есеге өсіп, 57,1 млрд теңгені құрады, деп жазады Egemen.kz.

Облыс құрылғаннан бері облыстық бюджеттен қала бюджетіне бөлінетін даму трансферттері 6,5 есеге артып, 5,7 млрд теңгеге, республикалық деңгейден 1,7 есеге өсіп 9,6 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бұл қаржы қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуға және маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыруға бағытталды.

Инвестиция − өңір экономикасының тұрақты және сапалы өсуінің негізгі қозғаушы күші. Ұлытау облысының экономикасына 207,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 68 млрд теңгесі Жезқазған қаласына тиесілі. Осылайша, қаланың облыс көлеміндегі инвестициялық үлесі 32,8 пайызды құрады. Өңір экономикасын әртараптандыру аясында жалпы құны 34 млрд теңге болатын тоғыз инвестициялық жоба іске қосылса, соның бесеуі Жезқазған қаласында жүзеге асырылды.

Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды

Қазіргі таңда Жезқазған қаласында мұнай базасы, жел электр станциясы, респиратор шығаратын зауыт, геологиялық кластер мен қонақ үй кешенінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар асфальтбетон зауытын салу жобасы іске асырылып жатыр.

Алдағы кезеңге де ауқымды жоспарлар бар. 2028 жылға дейін жалпы құны 920 млрд теңгені құрайтын 25 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Жезқазған қаласы бойынша 174,7 млрд теңге, 11 инвестициялық жоба бар. Бұл жобалар екі мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірді өз өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Жезқазғанда жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы іске қосылды. Қазіргі таңда жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын бес жоба қолға алынған.  Жобалар қатарында Жезқазғанда 5 мың басты қамтитын қой шаруашылығы, 10 мың тоннаға дейін көкөніс сақтау қоймасы, сондай-ақ 500 гектар алқапта мал азығын суару технологиясымен егу бастамалары бар.

Жезқазған қаласындағы емхана, медколледж, облыстық көпбейінді ауруханада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша, облыстық көпбейінді ауруханаға 100 төсектік жаңа корпус және Жезқазған қаласында Батыс ауданда демеушілік қаражатқа (7 млрд теңге) емхана салынады.

Жылумен қамтамасыз ету бағытында өткен жылы облыста 47,8 шақырым жылу желілері жөнделсе, соның 17,75 шақырымы Жезқазғанға тиесілі (ағымдағы жөндеу). 2024-2025 жылдары «Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту және модернизациялау» жобасының екінші және үшінші кезеңдері толық аяқталды.

Нәтижесінде №3, 9 және 11 жылу магистралдері жаңғыртылып, жалпы ұзындығы 28,6 шақырым жылу желілері пайдалануға берілді. Электр желілерін жаңғырту барысында Жезқазғанда 703 шақырым желі мен 169 қосалқы станция жөнделді.

Жезқазған қаласын газдандыру жобасы жалпы ұзындығы 199,8 км болатын үш кезеңнен (жеті іске қосу кешенінен) тұрады. Жобаның бірінші және екінші кезеңдері яғни бес іске қосу кешені толық аяқталып, 154,4 шақырым газ желісі пайдалануға берілді. 2026 жылы тағы 34 шақырым газ желісінің құрылысын аяқтау көзделген. Бүгінгі күні шамамен екі мың тұрғын үй газ отынын пайдаланып отыр. 2025 жылы қала маңындағы Кеңгір ауылына жалпы ұзындығы 25,2 шақырым газ желісі тартылып, Есқұла жерасты су қоймасынан таза ауыз су жеткізілді.

Жезқазғанда инвестициялық жобалар талқыланды

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған Үйтас – Айдос су алу құрылымдарын қайта құру жобасының І кезеңі іске қосылып, нәтижесінде ауыз судың 30 пайызы жер асты көздерінен қамтамасыз етіліп жатыр. Өткен жылы жобаның ІІ кезеңі басталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. 2026 жылы жобаның ІІІ кезеңі аясында Үйтас кен орнындағы ұңғымалар мен коллекторларды реконструкциялау көзделген.

Жезқазған қаласында су бұру (кәріз) жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 5-шағын ауданда жеті шақырым кәріз желісін қайта жаңарту басталып, қазіргі таңда бес жарым шақырым құбыр мен 236 құдық орнатылды. Биыл жобаны аяқтауды жоспарлап отыр.

2026 – 2027 жылдары жалпы құны 16,1 млрд теңге болатын кәріз тазарту құрылыстарын (КОС) қайта жаңарту көзделген. Сонымен қатар, 20 кәріз желісін реконструкциялау және жаңа сорғы станцияларын салу жоспарда бар.

«Көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор. 2025 жылы қаланың 11 көшесінде 15,7 шақырым автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтті. 2026 жылы ұзындығы 4,8 шақырым болатын 13 көшенің автомобиль жолдарын және ұзындығы 668 метр болатын 16+22,5 темір жол көпірін орташа жөндеу бойынша жоспар бекітілді. Сметалық құны 1,4 млрд теңге көлемінде. Сонымен қатар қаладағы 12 орамның 99,8 мың шаршы метр орамішілік жолдарына жөндеу жоспарланып отыр. Алашахан даңғылы, Батыс айналма жолы және Сейфуллин көшелерін төрт жолақты 14 метрге дейін кеңейте отырып, реконструкциялау жоспарланған. Гагарин мен Есенберлин көшелерінде және №1 орамдағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары қолға алынады. Құны 3,4 млрд теңгені құрайды», дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Ербол Құсайынов.

Жолаушылар тасымалын 42 автобус қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары 25 автобус жаңартылды. Облыс орталығынан Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларына тұрақты әуе қатынасы бар.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жезқазған қаласында – 16 596 көшет отырғызылды. Биыл «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» 100-дей жасыл желек отырғызуды жоспарлап отыр.

Қала келбеті жаңарып келеді. Өткен жылы Жезқазған қаласы үшін абаттандыру және көгалдандыру жылы болды. Момышұлы көшесіндегі саябақ, Алашахан даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды. Қалада 31 жаңа балалар ойын алаңы орнатылып, 8 алаң қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 100 қоқыс контейнер алаңы абаттандырылып, 400 контейнер ауыстырылды. Аулаішілік жарықтандыруды жақсарту мақсатында 105 көше шамы мен жарықтандыру тіректері орнатылды. «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен 40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды.

Ұлытаудан басталған ұлы мұрат

Биыл Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыру басталады,  ауқымды жобаның құны 8,9 млрд теңге, іске асыру мерзімі 2026-2028 жылдар.

Жезқазғанда 16 үй салынып жатыр. Соның  алты үйі пайдалануға беріліп, шамамен 500 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

«UlytauZhastary» бағдарламасы бойынша жыл сайын 500 млн теңге бөлініп, 45 жас азамат пәтер сатып алуға мүмкіндік алады. Қаланың дамуы жаңа Батыс ауданымен жалғасып жатыр. Бас жоспарға сәйкес бұл аумақта әлеуметтік нысандар мен заманауи тұрғын үй кешендері салынады. Болашақта мұнда 12 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді деп күтіледі.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамның ісі тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 14:55

Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай?

Қазақстан • Бүгін, 14:40

Екі жақты экраны бар теледидар таныстырылды

Digital • Бүгін, 14:35

Ақылы жолдар: Елімізде қай бағыттарда төлем алынады?

Қоғам • Бүгін, 14:20

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 14:15

Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті

Аймақтар • Бүгін, 14:08

Алмасадам Сәтқалиев: Ғылымды ілгерілету әлеуметтік инфрақұрылымнан басталады

Ғылым • Бүгін, 13:54

Ақмола облысында төрт бірдей туысын өлтірген күдікті психикалық есепте тұрған

Оқиға • Бүгін, 13:39

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылды

Саясат • Бүгін, 13:21

Қазақстанда қылмыс деңгейі 8%-ға төмендеді

Президент • Бүгін, 13:05

Ирандағы отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?

Әлем • Бүгін, 13:00

«Стрептоцидке» тыйым салынды: Препарат енді Қазақстан дәріханаларында сатылмайды

Денсаулық • Бүгін, 12:52

Әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың екжей-текжейлі картасы әзірленеді

Қоғам • Бүгін, 12:48

Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізіледі

Қоғам • Бүгін, 12:47

Автолизинг бағдарламасының толыққанды іске қосылуына не кедергі?

Қоғам • Бүгін, 12:40

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:231
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 15:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары