Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

АМӨЗ жұмысы тоқтатылуы мүмкін: Экология департаменті зауытты сотқа берді

АМӨЗ жұмысы тоқтатылуы мүмкін: Экология департаменті зауытты сотқа берді

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жоспардан тыс тексеріс барысында рұқсатсыз факельдік шығарындылар және ондаған мың текше метр сарқынды сулардың заңсыз төгілгені анықталды. Материалдар сотқа жолданды, онда қондырғылардың жұмысын уақытша тоқтату мәселесі қаралады.

Технологиялық ақаулар және заңсыз шығарындылар

Атырау облысы бойынша Экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытындағы тексерісті аяқтап, экологиялық заңнаманың өрескел бұзылғанын мәлімдеді. Департамент басшысы Асқар Жүсіповтің сөзінше, былтыр желтоқсанда және биыл қаңтарда зауытта бірнеше технологиялық қондырғы істен шыққан. Апаттық жағдайдың, соның ішінде ықтимал жарылыстың алдын алу мақсатында кәсіпорын зиянды қалдықтарды факел арқылы атмосфераға айдаған. Бұл — мазутты вакуумдық айдауға арналған ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысы. Алайда бұл әрекет тиісті экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырылған.

Бұдан бөлек, зауыттың мұнайды алғашқы өңдеуге арналған «ЭЛОУ-АТ-2» технологиялық қондырғысындағы пештерде нормативтік рұқсаты жоқ газдарды жағу дерегі тіркелді.

«Сасықсайдағы» жасырын құбыр: Сарқынды сулар жерге төгілген

Тексеру барысында тағы бір өрескел құқықбұзушылық әшкере болды. Зауыт әкімшілігі «Сасықсай» булану алаңының шетінен диаметрі 500 мм болатын құбырды заңсыз орнатып, сарқынды суларды экологиялық рұқсатсыз ашық жерге төгіп келген.

Сарқынды су екі учаскеге төгілген. Зерттеу нәтижесінде лас судың көлемі анықталды: бірінші учаскеде 20 мың текше метрден астам, ал екінші учаскеде (3 гектарға жуық аумақта) шамамен 24 мың текше метр су төгілген.

Экология департаменті бұл заңбұзушылықтардың жүйелі сипатқа ие екенін алға тартады. Мұндай апаттық жағдайлар мен факелде газ жағу оқиғалары 2025 жылы да тіркелген.

— Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 324, 327 және 328-баптарына сәйкес, бұл заңбұзушылықтар үшін тек айыппұл ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтату түріндегі әкімшілік жаза да қарастырылған. Өндірісті тоқтату туралы шешімді тек сот қабылдайтындықтан, барлық материалдар сот талқылауына жолданды, — деп хабарлады департамент басшысы Жүсіпов.

Кәсіпорынға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 3-тармағы (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Аталған баптың санкциясына сәйкес, айыппұлмен қатар тиісті эмиссия көзін (источникті) немесе өндірістік учаскені тоқтата тұру көзделген. Айыппұл көлемі мен зауыттың ластаушы көздерінің, яғни ЭЛОУ-АТ-2 және ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғыларының жұмысын тоқтату мәселесін сот шешеді. Екі қондырғыда да шығарынды көздеріне қатысты эмиссиялар есептері мен рұқсат етілген нормативтер айқындалмаған.

Еске салайық, бұған дейін, 25 қаңтарда зауытқа жақын орналасқан Алғабас ауылындағы «Сая» бау-бақша қоғамының тұрғындары өткір жағымсыз иіске шағымданып, жедел қызметтерге жүгінген еді. Осыдан кейін атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізілді.

Кейін Экология департаменті зиянды заттардың артық мөлшері Мирный, Водник аудандарында және «Сасықсай» булану алаңдарында тіркелгенін хабарлады. Бұл жерлерде күкіртсутек пен көміртек тотығының концентрациясы шектен асқан. Департамент осыдан соң тұрғындардың шағымы мен ластаушы заттардың шекті деңгейден асуы мүмкін деген деректер негізінде зауытта тексеріс бастады.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалы 19–25 қаңтар аралығында АМӨЗ маңындағы күкіртсутек концентрациясы шекті деңгейден 36,3 есеге дейін асып кеткенін анықтады. Сондай-ақ қала маңындағы Тасқала (Алғабас) ауылында — 17,5 есе, іргелес аумақта — 15 есе, Химпоселок ауданында — 36,3 есе артық болғаны мониторинг арқылы расталды.

Ал АМӨЗ-дің өз зертханасы 25 қаңтар күні атмосфералық ауада ластаушы заттардың шекті деңгейден асқанын мойындамаған еді.

Ақпан айының соңында облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ерболат Омаров зауытқа санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 6 млн 920 мың теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Зауыт бұл шешіммен келіспей, сотқа шағым түсірді.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 18:25

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:308
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 18:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see133

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see122

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары