Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әлемге әйгілі әзербайжандық суретші Алматыға келді

Әлемге әйгілі әзербайжандық суретші Алматыға келді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Сакит Мамедовтың есімі бүгінде әлемдік бейнелеу өнеріндегі дара құбылысқа айналған. Ол жарты ғасырға жуық уақытын шығармашылыққа арнап, ұлттық өнерді халықаралық деңгейге көтерген көрнекті қылқалам шебері ретінде танылды. Суретші өзі қалыптастырған опализм атты бірегей көркемдік бағыт арқылы кескіндемеге тың өрнек әкелді. Бұл стильдің атауы асыл опал тасынан бастау алады. Оның картиналарында опалдың құбылмалы сәулесі мен нәзік реңктері, бояулардың тереңдігі мен жарықтың ерекше үйлесімі көрініс тауып, әрбір туындыға қайталанбас көркемдік тыныс береді.

Суретшінің «Естелік картина», «Ойын», «Жаттығу», «Фалабаханлар», «Туған күн», «Ленинград естеліктері», «Жасасын Ыстамбұл», «Мереке», «Той», «Метро», «№13 автобус», «Әуесқой» секілді шығармалары жұртшылықтың жоғары бағасына ие болып, заманауи бейнелеу өнерінің таңдаулы туындыларының қатарына енді.

1983 жылдан бері Сакит Мамедовтың еңбектері әлемнің ең беделді көрме залдары мен музейлерінде тұрақты түрде қойылып келеді. Суретшінің шығармалары Әзербайжанның Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ), Еуропалық парламент пен Еуропалық одақтың, Ватикан музейінің, Виндзор қамалының, Париждегі әйгілі Opera Gallery мен Galleria d'Arte Mentana, Түркиядағы Долмабахче сарайы галереяларының, Нобель музейі мен Ресей Көркемсурет академиясы музейінің, сондай-ақ Испания, Португалия, Италия, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және басқа да көптеген елдің көркемөнер музейлері мен көрме залдарының қорынан лайықты орын алған. Ал оның картиналары Ұлыбритания патшайымы Елизавета II, Моника Беллуччи, Патрисия Каас, Мирей Матьё, Ингрид Альберини, Рафаэлло Мартинетти, Ажда Пеккан, Иосиф Кобзон сынды әлемге танымал тұлғалардың жеке коллекцияларында сақтаулы.

Алматыда суретші Мадина Мұхтарованың шығармашылық көрмесі ашылды

Суретшінің дербес көрмелері Әзербайжанда, Түркияда, Ресейде, Беларусьте, Швецияда, Украинада, Германияда, Францияда, Австрияда, Италияда, Бельгияда, Мысырда, Қытайда, Австралияда, Англияда, Шотландияда, Грузияда, Татарстан Республикасында, Сингапурда және Португалияда зор табыспен өтіп, оның халықаралық беделі мен шығармашылығына деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын дәлелдеді.

Сакит Мамедовтың шығармашылығына әлемдік өнертанушылар да жоғары баға берген. Белгілі ресейлік өнертанушы Андрей Баженов суретшінің туындыларына тәнті болып: «Сакит Мамедовтың қолтаңбасы Қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің қолтаңбасына ұқсайды», деген болатын.

Сакит Мамедовтың Алматыға жасаған сапары ерекше маңызға ие. Қазақ руханияты мен өнерінің ордасы саналатын Алматы тағы да түркі дүниесінің көрнекті өнер қайраткерлерін тоғыстырған шығармашылық кездесулердің мекеніне айналды. Бұл сапар ресми кездесулермен ғана шектелмей, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтқан маңызды рухани оқиға ретінде есте қалды.

Алматыда балдырған суретшілердің көрмесі ашылды

Алматыдағы сапары барысында Сакит Мамедов қазақтың көрнекті ақыны, ойшылы, қоғам қайраткері, түркі әлемінің аса беделді тұлғаларының бірі Олжас Сүлейменовпен кездесті. Өнер мен руханиятқа ғұмырын арнаған екі алып тұлғаның жүздесуі өзара құрмет пен шығармашылық үндестіктің жарқын көрінісіне айналды. Кездесу барысында әлемдік мәдениет пен бейнелеу өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін Сакит Мамедовқа Олжас Сүлейменов атындағы медаль табыс етілді.

Сондай-ақ әлемге әйгілі суретші қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, талантты қылқалам шебері, «Түркі әлемі» Көркемсурет академиясының академигі Алпысбай Қазығұловтың шығармашылық шеберханасында болды. Ол суретшінің еңбектерімен мұқият танысып, олардың терең философиялық мазмұнын, ұлттық бояуын, орындау шеберлігін және бояу үйлесімінің нәзіктігін жоғары бағалады. Сакит Мамедов қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің кәсіби деңгейіне ерекше ризашылығын білдірді.

Жалғыз картина сатқан суретші

Екі елдің танымал суретшілерінің бұл кездесуі Қазақстан мен Әзербайжан көркемөнер мектептерінің рухани жақындығын айқын көрсеткен тағылымды басқосу болды. Осындай шығармашылық жүздесулер бауырлас халықтардың мәдени байланысын одан әрі нығайтып қана қоймай, халықаралық өнер кеңістігіндегі ынтымақтастыққа жаңа серпін береді.

Сакит Мамедовтың Алматыға жасаған бұл сапары қаланың Орталық Азиядағы жетекші мәдени орталық ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындады. Өйткені Алматы – ұлттар достығы бекемделетін, жаңа шығармашылық идеялар дүниеге келетін, өнердің шекара танымайтын мәңгілік құндылығы салтанат құратын рухани кеңістік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 12:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары