Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Әлеуметті қолдау шараларының шапағаты

Әлеуметті қолдау шараларының шапағаты

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жетісу облысында ха­лықты әлеуметтік қол­дау шаралары жан-жақты жүргізіліп ке­ле­ді. Қиын өмірлік жағ­дай­ларға тап бол­ған аза­маттарға әлеу­мет­тік-тұрмыстық, ме­ди­циналық, психо­ло­гия­лық, құқықтық көмек, материалдық қолдау көр­сету бағытындағы жұ­мыс­тар жемісін беріп отыр.

Суретті түсірген – Жұмабай МҰСАБЕК

Инватакси қызметінің игілігі

Өңірде инватакси қызметі жолға қойылған. Дегенмен жыл сайын оған мұқтаж жан­дар­дың саны артып келе жатыр. Қазір өңірде бұл бағытта онға тарта мемлекеттік емес ұйым жұмыс істейді. Олардың бәрі мүмкіндігі шектеулі жандарға уақтылы қызмет көрсетуге тырысады. Кейде күткен көліктің кешігіп ке­летін кездері де болады. Ал қоғам­дық көлікпен қатынау қиын.

Мүгедектігі бар азаматтардың еркін қозғалуына жағдай жасау – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Соның айқын көрінісі – инватакси қызметінің жыл сайын кеңейіп, сұранысқа ие болуы. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр өңірде инватакси қызметі 109 749 рет көрсетілген.

Облыс құрылғалы бері арнайы көліктер саны екі есеге артып, 32 инватаксиға жеткен. Былтыр қыз­метті қаржыландыруға жер­гілікті бюджеттен 275,8 млн теңге бөлінген. Бүгінде инватакси қызметін 7 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырып отыр, оның екеуі Талдықорған қаласында орналасқан. Жалпы, инватакси қызметінің маңызын ең алдымен оны күнделікті пайдаланатын азаматтар жақсы сезінеді. Талдықорған қаласының тұр­ғыны, I топ мүгедегі Мақсат Шәріпов бұл қызметтің өмір са­па­­сына тікелей әсер етіп отыр­ға­нын айтады.

«Инватаксиді шамамен бір жарым жылдан бері пайдала­намын. Арнайы көлік мені жұ­мыс­қа апарып, қайтадан үйге жеткізеді, қажет болса басқа жерлерге де барамын. Өте ыңғайлы, көмекшісі бар, қызмет көрсету сапасы жоғары. Қоғамдық көлікте де арнайы арба кіргізетін пандус бар. Дегенмен қоғамның ішінде жүру өте қиын», дейді ол.

32 инватакси – облыс үшін маңызды көрсеткіш. Алайда 100 мыңнан астам қызмет көр­сетілгенін ескерсек, бұл сұра­ныстың өте жоғары екенін аңғартады. Демек, алдағы жыл­дары көлік санын арттыру­мен қатар, қызмет сапасын тұрақ­ты бақылауда ұстау қажет. Инва­­такси қызметі Жетісуда өз тиім­ділігін дәлелдегенімен, сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе аудан ор­та­лықтары мен шалғай елді ме­кен­дерде арнайы көлікке мұқ­таж азаматтар көп. Алдағы уақытта оның санын көбейту ғана емес, қызметтің географиясын кеңейту, алдын ала тапсырыс беру жүйесін жетілдіру, күту уақытын қысқарту мәселелеріне назар аудару қажет.

«Мүгедектік алғаныма 20 жылға жуықтады. Қалаға көшіп келіп, мемлекеттік қолдаудың арқасында жұмысқа орналастым. Инватакси кез келген уақытта жедел жетеді. Қызметкерлер жанашыр, жауапкершілікті сезінеді. Бұл бізге үлкен көмек», дейді қала тұрғыны Еркімбек Яхия.

Оның айтуынша, инватакси қызметін кедергісіз орта қа­лып­тастыру бағдарла­ма­ла­ры­­мен сабақтастыра дамыту ма­ңыз­ды. Себебі арнайы көлік­пен жеткізілген нысанның өзі бейім­дел­месе, толық қолжетім­ділік туралы айту қиын.

Қазірде «Amanat» партия­сы­ның 2023–2027 жылдар­ға арналған Жол картасына енгізіл­ген 1120 нысанның 948-і бейімделген, бұл жалпы көрсеткіштің 83%-ын құрайды. Білім, ден­сау­лық сақ­тау, мәдениет, спорт, мемле­кет­­тік мекемелерді бейімдеу жұ­­мыстары жыл соңына дейін то­лық аяқталады.

«Жетісуда инватакси қыз­ме­ті әлеуметтік қолдаудың нақ­ты әрі тиімді тетігіне айнал­ды. Қаржыландыру көлемі, көр­­сетілген қызмет саны мен азаматтардың оң пікірі бұл бағыттың дұрыс таңдалғанын көрсетеді. Инватакси жеткілікті деуге әлі ерте. Сұраныстың өсуі, өңірдің аумақтық ерекшелігі мен мүгедектігі бар адамдардың белсенді өмірге араласуы бұл қызметті одан әрі кеңейтуді талап етеді. Инватакси жай ғана кө­­­­лік емес, тең мүмкіндікке бас­тай­тын жол», дейді «Amanat» пар­тиясы Же­тісу облыстық фи­лиа­лының төрағасы Арыстанғали Арын. 

Көшпелі оңалту жұмыстары

Талдықорған қаласында мү­ге­­дектігі бар адамдарға ар­нал­ған 150 орындық оңалту орта­лы­ғының құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев қала тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім етті.

«Өткен кездесулерде көтеріл­ген мәселеге байланысты биыл қыркүйек айында мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды, биыл аяқтауды жос­парлап отырмыз. Қазір облыс орталығында мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту тұрғысында әлеуметтік қызмет көрсететін 7 орталық бар. Оларда 1 282 адамға қызмет көрсетіледі. Жалпы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін жақсарту бағы­тында қаладағы мемлекеттік ны­сандарды бейімдеу жүйелі жүргізіліп келеді. Сол сияқты кәсіпкерлермен де осы бағытта жұмыс атқарылып жатыр», деді Б. Исабаев.

Былтыр облыста тұңғыш рет әлеуметтік маңызы бар жоба – мүгедек жандардың үйінде көшпелі оңалту шараларын жүргізу қолға алынды. Аталған жоба «Асар» мүгедектерге ар­нал­ған спорттық-оңалту орта­лығының базасында облыс­тық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйым­дастырылды. Орталық директоры Елдос Баялышбаевтың айтуынша, бұл жоба орталыққа өздігінен келе алмайтындар үшін аса пайдалы.

«Жұмыс барысында мүге­дек­тігі бар адамдардың көпшілі­гіне оңалту орталығына келудің қиындық туғызатынын байқадық. Күндізгі уақытта кейбіреулер жұмыста болса, кейбіріне үйле­рі­нен орталыққа жету оңай емес. Сондықтан осы көшпелі оңалту жобасын қолға алдық. Біздің бұл маңызды бастамамызға облыс басшылығы қолдау білдірді», деді Е.Баялышбаев.

Бағдарламада науқастардың екі тобы қамтылды. Атап айт­қанда, күндізгі шаралар өзді­гінен қозғала алмайтын азамат­тарға бағытталып отыр. Ал сағат 21-ден 23-ке дейін түнгі топ жұмыс істейді. Бұл уақыт ара­лығында күндіз жұмыста бо­латындықтан орталыққа келе ал­майтын мүгедек азаматтарға ем шаралары жүргізіледі. Жо­ба­­ның ерекшелігі сол, мамандар пациенттердің үйіне барып, оларға сауықтыру массажы мен емдік дене шынық­ты­руын жасатады. Әр сеанс ша­мамен бір сағатты алады, әр пациентпен жеке жұмыс жүр­гізіледі. Көшпелі бригада құра­мында массажист, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен жүргізуші бар. Бұл ретте мамандардың жұмысына қо­лай­лы жағдай жасау мақса­тын­да арнайы таңбаланған авто­көлік сатып алынған. Талды­қор­ғандық отбасылар көшпе­лі оңалту шараларының игілігін алғашқылардың бірі болып көрді.

«Зайыбым Анар 11 жыл бұрын инсульт алды. Үшінші қа­батта тұрамыз, арнайы көтер­гіш жоқ болғандықтан, сыртқа шығу, оңалту орталығына бару бізге қиындық туғызады. Қазір үйімізге келіп, оңалту қызметін көрсетіп жатыр. Бұл бізге өте қолайлы. Мамандардың тиісті ем шараларын жасап жатқанына он күндей болды. Осы бастаманы іске асырып жатқан азамат­тарға алғыс айтамыз», деді А.Басшығұлованың жұбайы Қанат Қосуханов.

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­ма­­сының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, жоба – тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыруға жасалған игі шараның бірі. Алдағы уақытта көшпелі оңалту тобы облыс орталығы маңындағы аудандарға да шығады. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 30 млн теңге бөлінген. Қаражат жобаға тартылған мамандарға, яғни көлік жүргізуші, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен массажист маманның жалақы­сына жұмсалады.

Айта кетейік, өңірде мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69% құрап отыр. Бұл – рес­публика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары